Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет95/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

105 


Кешендегі  Мәңгі  тас.  Кешенде  алпысқа  жуық  таңбалар  қашалған  тас 

ұстын бар. Оның 45 таңбасы анық әрі айқын көрінеді. 2016 жылғы зерттеулер 

барысында таңбатастың төменгі тұсында «ашина» әулеті таңбасы қашалғандығы 

анықталды.  Ал  аталмыш  таңба  түрк  қағандарының  билік  дәстүрі  бойынша 

әдетте  үлкен  ұстынтастарда  ең  жоғары  тұсында  қашалатын  еді.  Алайда 

«Шивээт-улаан»  ғұрыптық  кешендегі  таңбатаста  олай  жоғары  тұсында  емес, 

төменгі тұсына қашалған. 

"Шивээт улаан" Мәңгі тастағы таңбалар. 

Эстампажы және сызбасы. 2017 ж.



ҰЛЫ ДАЛА тарихы

106 


Ғұрыптық  кешеннің  сыртында  қақпасы  алдында  және  екінші  бөліктің 

аумағында  сегіз  қырлы  бас  құрылыстың  алдыңғы  алаңында  төртбұрыш 

тұғыртасы бар. Қақпа алдында тұғыртаста қандай да бір ұстынтас, ескерткіш, 

мүмкін  жазулы  мәтінді  тас  болған  болу  керек.  Ал  таңбатас  кешен  ішіндегі 

үлкен тұғыртаста болды. Ғұрыптық кешенде жүргізілген археологиялық қазба 

зерттеулері  барысында  көне  түрк  немесе  басқа  жазулы  мәтіні  бар  артефакті 

айғақтар әзірше табылмады. 

Қазақ даласындағы күмбез құрылыстар. (С.Әжіғали бойынша)



ҰЛЫ ДАЛА тарихы

107 


«Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» кесенесі. Төртбұрыш фундаменті: 7,5х7,5 м, 

биіктігі -11,65 м. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы

«Домбауыл» кесенесі. Төртбұрыш фундаменті : 9,9х7,9 м, биіктігі -5,5 м.

Қарағанды облысы, Кеңгір өзені


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

108 


Орталық Азия далаларында түрк дәуіріне тән сыртқы құрылымы төртбұрышты 

ғұрыптық қоршаулар көп болғанымен, түрк қағандарына арналған ескерткіштер 

санаулы ғана. Қағандарға арналған ғұрыптық кешендер қарапайым қоршауларға 

қарағанда  үлкен  әрі  сәнді  құрылысты  болып  келеді.  Əсіресе  Моңғолиядағы 

Екінші Шығыс түрк қағандығының билеушілеріне арналған ғұрыптық кешендер 

(Шивээт-улаан, Күлтегін, Білге қаған кешендері) барынша сән-салтанатты етіп 

орнатылған. 

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені басқа түрк қағандары мен ақсүйектеріне 

арналған  кешендердің  архитектуралық  ерекшеліктерінен  өзгешелігі  кешеннің 

батыс жағында ғибадатхана секілді құрылыстың болуымен айқындалады. Біз 

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешенінің жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескере 

отырып, кешен 665-696 жылдар аралығындағы түрк дәуіріндегі ұлы қағандардың 

біріне арналып орнатылған деп тұжырымдаймыз. 

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені Елтеріс Құтлық қағанға арналды ма, әлде 

одан бұрынғы тоғыз-оғыз конфедерациясының билеушілерінің біріне арналды 

ма  деген  күрделі  мәселелерге  жан-жақты  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 

жалғастыруымыз керек.

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешеннің жаңғыртпасы. 2018 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет