Қазақ тілім
Макишева Гауһар, 7«б»-сынып оқушысы
Туған тілім, бабам тілім, бақ тілім,
Сезімімді білетін жан тілім.
Жарық күнді көргелі сені ұқтым,
Сені білдім, қабылдадым, жан тілім.
Қадіріңді ұқтым, міне, мен бүгін,
Өмір сүріп келемін мен сен үшін.
Сондықтан да аяла сен тіліңді,
Жүрегің лүпілдесін сол үшін.
Ақын жырлаған, бабалар аңсаған,
Күмістей әсем тілім менің.
Әрбір сөзің қадірлі маған,
Сарқылмас қайнарым менің!
Болашағым, бақытым дара тілім
Бағлан Ерлан 6 «ә»-сынып оқушысы
Тілім менің - азатты дара тілім.
Өзіңнен аламын мен өнер-білім.
Болашағым тілімнен басталады,
Биікке самғай берші, дара тілім!
Тілім менің - көкте тұрған ұраным,
Өзіңе арнап өлең сөзді құрамын.
Қазақ тілі - қазағыма мақтаныш,
Тілдер мәңгі тұр ғой менің жыр әнім.
Тілім менің...
Шайдолда Аймөлдір, 7«ә»-сынып оқушысы
Сөйлеме, тілім, бұлтарып,
Өзіңді сөз ет, ұлт - арың.
Түтінін дұрыс, түзу қыл,
Гүлденсін десең ұрпағың.
Ана тілім – кәусар бұлағым,
Қана алмас сенсіз құмарым.
Әр қырың маған ұлы тау,
Шыңыңа қалай шығамын?!
Тіліңе берік байланғын,
Тіл – айдын, келіп жайланғын.
Аққудай аппақ арымсың,
Ана тіл, сенен айналдым!
Ана тілі
Көбеш Наргиз, 7«б»-сынып
Батырыңның есте калар ерлігі,
Ана тілдің арылмаса теңдігі.
Қазақ тілдің азаттықты алғалы,
Биік тауда тұрғандығы белгілі.
Адамдардың айтылса да кеш жыры,
Қазағымның өтпеген бір бос күні.
Жер бетінде тілдер көп қой мен үшін
Қазақ тілге жете алмайды ешбірі.
Өз тілімді қастерлеймін себебі,
Ана тілге жетпейді ғой ештеңе!
Бабам тілі, ана тілім, жан тілім
Жасай берші, Алашым да мәңгіге!
Бал бұлақ
Дар
ы
н
N
ew
s
13
Тілім менің
Қабдығали Дастан 9 «в»-сынып оқушысы
Туған тілім - төрімдегі төл тұғырым,
Өзіңменен бірге өтсін жыл ғұмырым.
Тіліммен бірге өмірге келді өмірім,
Ана тілім дегенде таза менің көңілім.
Мен үшін тілім - алтындай асыл қазынам,
Ешбір тіл тең келмейді салыстырсаң қасынан.
Туған елім қара күндер кешкен кезде басынан,
Шуақ шашты тіл күн шыққандай аспаннан.
Тілім еркін болса да, қолым кісендеулі,
Қысымында болдың-ау, бөтен тілге билеулі.
Рухы биік, арманы ұшқыр, тарихы зор
Ыбырай мен Абайдай қосқан үлес елеулі.
Тәуелсіздік
Мейрамов Айдын 11 «б»-сынып оқушысы
Тәуелсіздіктің ақ таңы атты аңсаған.
Жолыңда сенің құрбан боп кетті қанша адам.
Тәуелсіз елдің болашағы біз болған соң,
«Тәуелсіз елдің – ұланымын!»-деп жар салам.
Тәуелсіз болдық, бұғаудан босап мәңгілік.
Келешегіміз көкейде тұрар жаңғырып.
Көк байрағымыз желбіреп тұрған шақтарда
Тілдігімізді құрметтеу - басты заңдылық.
Тымырсық күндер келмес боп қалды өткенде,
Не жетсін шіркін! Азаттық күнге жеткенге.
Қайран қазағым аз қасірет шеккен бе?
Қайрат, Ләззаттар бекерге қанын төккен бе?
Арпалысып ед қалғанша қасық қандары,
Қапаста қалды, торғайдай болып тордағы.
Қос жанардан қан аралас жас ақты,
Тағдыр бірақ мейірімді болмады.
Тәуелсіз болдық, салтымыз қайта оралды.
Өткеріп едік арпалыс пенен боранды.
Көркейген ғажап 20 жылдың ішінде,
Азаттық алып, еліміз гүлге оранды.
Азат тілдің асқақ аты
Мейрамов Айдын 11 «б»-сынып оқушысы
Буыршын мұзға тайғанап,
тіліміз құлап тұғырдан,
Отаршылдықтың кесірі
кертартпалыққа ұрынған.
Қыл үстіндегі қайран тіл үшін сан мәрте
Ақын жүрегі қынаптан алмас суырған.
Жігері құм болса да, жауырды жаба тоқыды,
Отаршылдық езгінің қарадай батып тақымы.
Сын көзбен қарап сұрқылтай саясатына,
Таз кебін киді қазақтың таудай ақыны.
Тілім аман қалды қырық пышақ қырсықтан,
Тұтамдай ғана тағдыры,
түгімен қалмай тұншыққан.
Қыл өмірдің қырсығын бастан өткердік
Қысымға түсіп белшеден батып балшыққа.
Тәубе деймін! Тілім жаңа тұғырға көтерілді,
Жүріп өткен ізімнен от өрілді.
Құлдық құрып жүргенде бодан болып,
Біліп пе ем осы күнге жетерімді.
Анамдай асыл - Атамекенім
Хафиз Қайролла 10 «а»-сынып оқушысы
Тәуелсіз елдің текті ұлы болсам,
Жарыссам, желмен қатар өтемін.
Жырыма арқау екпіні қонса,
Анамдай асыл – атамекенім.
Егін мен астық халық асыраған,
Жазира далам артылған барқыт.
Туған жерімнің әр тасы маған
Бағалы мәрмәр, алтыннан да артық.
Күңіреніп асқар тауларым да тұр,
Куәсі болып кезеңдерімнің.
Жатқандай биік жарларыңда сыр,
Өзекті ойымен өзендерімнің.
Жаңғырар әуен үндесең алыс,
Ұл-қызы әсем айта алған үнін.
Бұл жердің иесі білмесең таныс
Қарапайым да қайсар қазағым!
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Дар
ы
н
N
ew
s
14
Қазақстан-болашаққа ұмтылған ел
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып, тірлікке,
Алыптың қуаты-халықта,
Халықтың қуаты-бірлікте.
Тарланбоз елдің тамыры тереңде жатқан тарихын қарап отырсақ, қазақ жерінен қаншама аса көрнекті
жазушылар, ақын-жыраулар, қара сөзге шебер шешендер шыққан. Олар келер буынына өшпес із қалдырып, тарих
парақтарында мәңгі сақталып қалды. Біздің Қазақстан
–
еркін, болашаққа деген көзқарасы зор. Қазақ елі
–
бейбітшіл де тату ел, табиғаты көздің жауын алады, жазира даласының кеңдігін айтсаңызшы!
«Мың өліп, мың тірілген қазақтың» қайғылы, шерлі күндері мен қанды шайқастары азаттық үшін жасалған
қадам деп білемін.
Ғасырлар бойы ұлттық намысын қайрап, ғажайып ерліктерге бастаған қазақы рух өткен ғасырда қалғып кет-
кендей, тіпті мүлде ұйықтап қалғандай еді. Бодандықтың иірімінен шыға алмай, шыбын жаны шырқыраған елдің
еңсесі түсіп, қатал тағдырдың дегеніне көнген, айтқанына мойынсұнған. Азаттық үшін күрескен бабалардың
қандай күйге ұшырағанын білетін ұрпақтың аузы құлыптаулы, рухы бұғаулы еді. Санасы сергек ұлан қалғып кет-
кен намысын түртпектеп оята алмай, іштей, тілін тістеп, булығып отыратын.
Әлемдегі талай ел өз тәуелсіздігіне қанды соғыспен, қыруар шығынмен жеткен. Қазақстанның тәуелсіздігі
бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі, бүкіл тари-
хында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халық пейілінің қайтарымы.
Менің рухани байлығым – халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ "сақтар" деген
асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп
өткен жолы – шежірелі, қазыналы ғұмыр.
Тәуелсіздік
–
қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем халықтарының арасында дүниенің бір
қиырынан бір қиырына өтіп барып ел болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде
қалыптасқандары да баршылық. Қазақ
–
тамырын тереңге жіберген, осынау қасиетті даласынан табан аудармаған
көне дәуірдегі сақтардың, ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, ата жұртта қара шаңырақты сақтап қалған
халық.
«Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егемендікке аянбай
қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет»,
–
деп Елбасымыз
Н.Назарбаев айтып өткен. Сол азаматтар біз болмай, кім болады? Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 20 жыл
болды. Осы уақыт аралығында қазақ халқы дамып, өрістеп биік белестерге жетті. Біз осынау бірлігі жарасқан әрі
тірлігі тыныш елде тұратынымызды мақтан тұтуымыз қажет. Көшті тек алға тартқан Нұр ағамыз қазақ
шенеуніктері үшін «қазақ пен қазақ қазақша сөйлейік» - деген сөзінен кейін, нендей «тоқпақ» қажет?
Ұлттық бірлік – егемендіктің басты кепілі, айрықша құндылығы екендігін түсініп қана қоймай, соны
қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік.
Келешекте ел мүддесін, мемлекет абыройын, халық қамын ойлап, қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін,
бел шешіп жұмыс істейтін азамат болғым келеді. Тәуелсіз елімнің болашағы – менің болашағым екенін түсіне
отырып, болашақта атқарылар жұмыстарға үлес қосып, кемел келешек иелері – зерделі жастардың қатарынан
өзімді көргім келеді. Менің бүгінім, ертеңім, келешегім туған елім Қазақстанмен тығыз байланысты. Сондықтан да
"Тәуелсіз Қазақстан" деген аттың айбынды естілуі үшін мен бар ғұмырымды Қазақстанға, Отанға деген шексіз
махаббатымен көмкеруге тиіспін.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!
–
деп, ақиық ақын М.Мақатаев шабыттана, шалқыта жырлағандай, бұл-менің Отаным, менің Қазақстаным!
Нұрбекова Жансая 7 «б»
-
сынып оқушысы
Ой түбінде жатқан сөз
Д
а
р
ы
н
N
ews
15
Туған тілім – тағдырым
Тілден асқан байлық жоқ. Егер бір үйде «Құран» болмаса, ол мұсылман емес. Егер үйде
Абай кітабы болмаса, ол қазақ емес. Менің ойымша, құдіретті үш күш бар: қасиетті дін, туған жер
және ана тілі.
Адамды былай қойғанда сиыр мөңірейді, жылқы кісінейді, қой маңырайды. Демек, олар да
«өз тілінде сөйлейді». Ал қазақ жастары неге өз тілінде сөйлемейді? Шынын айтсақ, тіл
–
қазақ
халқы үшін өнер, байлық, әдеп, үлгі, өнеге. Ж.Баласағұн : «Тәрбие басы
–
тіл», «Кісіге құт
–
тілден» деген. Халқымыз «Өнер алды қызыл тіл» деген. Елімізде «Қазақ тілі» қоғамы кұрылды,
қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алды. Басқа да атқарылып, қаралып жатқан жұмыстар саны көп
-ақ. Бірақ осылардың тілімізге қандай пайдасы тиеді? Сонда бірнеше жыл бойғы мыңдаған
адамдардың еңбегі желге ұшқаны ма? Мәжілістерде, жиналыстарда, тіпті дастарқан үстінде
жүздеген адамның ішінде төрт-бес басқа ұлт азаматы отырса, біздің «жалпаңбайлар» мына
кісілерден ұят болар, «түсінікті тілде» сөйлесейік («түсінікті» деген сөзі орыс тілі деген сөз ғой) деп
желдіре жөнеледі. Тағы бір қызығы «түсінікті» тілді білмейтін ата-аналарымыз отырса, әлгі
«ұяттылар» олардан ұялмайды. Олар «ұят болады» деп неге айтпайды? Неге екенін білмеймін,
менің ана тілімнің дауы да көп, жауы да көп.
Мен орыс тіліне қарсы емеспін. Ұлтымның азаматы ағылшын, неміс тілінде сөйлеп жатса,
қуанамын. Мен бір нәрсеге еріксіз таң қаламын. Біздің Қазақстан жерінде 100-ге тарта ұлттың өкілі
тұрады. Оларға қазақтың ақшасы, депутаттығы керек, малы да, егіні де, жері де керек. Берсең
рахмет айтпай-ақ ала береді. Енді оларға біздің тілімізді ал деші. Жо-жоқ... Ат-тонын ала қашады,
қарсы шығады. Сонда бар игілігімізді біреуге беріп, өз мемлекеттік тілімізді өткізе алмайтын
қандай егеменді елміз? «Жаман үйді қонағы билейді» деген мақал бар еді, соның айғағы осы емес
пе?
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,
тарихымызды ұмыту», - деген Б.Момышұлының сөзі қандай орынды айтылған. Міне, осы орайда
ана тіліміз жайлы терең ойлану
–
әрқайсымыз үшін парыз.
Туған тіл – тағдырымыз. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен
тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы
да өз ана тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған адамда ұлттық
қасиет бола ма?.. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. Тілі мен дінінен
айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының
қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған
емес. Тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
М. Әуезовтер десек, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған
бүкілхалықтық қозғалысты да айтуға болады.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Егемендіктің көк туының желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген
тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз
–
ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Жыл өткен
сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.Туған тіл бақытымыз, ырысымыз болып
мәңгі қалмақ. Ана тілдің тағдыры – біздің де тағдырымыз. Әрине, басқа тілді білу
–
міндет. Көп
тілді меңгеру, біріншіден, заман талабы болса, екіншіден, келешекке апарар жарқын жолдың
бастауы. Әйтсе де өз ана тілімізді аяқ асты етуге болмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді
құрметте!»
–
деген ақын Қадыр Мырза Әлидің өлең жолдары ойға бірден оралады. Сондықтан бос
сөз бен сылтауды қойып, тілімізге өз дәрежесі мен мәртебесіне лайық қарайық, достар! Қазақ
даласының кеңдігін, ұлтымыздың даналығын бойына сіңірген ана тіліміздің тағдыры біздің
қолымызда, достар. Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық, ағайын!
Серімов Ерғанат 10 «а» - сынып оқушысы
Ой түбінде жатқан сөз
Дар
ы
н
N
ew
s
16
Мемлекеттік тілді дамытуда сенің қандай үлесің бар?
Қазақ тілі – менің ана тілім. Бірақ та Қазақстанда тұрып, өз тілін білмейтін адамдар көп. Егер барлығы осы тілді
біліп сөйлесе, мен қатты қуанар едім.1924 жылы белгілі революционер ақынымыз Сәкен Сейфуллин «Қазақ тілін
мекемелерде жүргізу туралы» Қазақстанның Губерниялық әм уездік совет комитеттерінің төрағаларына ашық хат
жазған екен. 1924 жылы көтерілген бұл мәселе түрлі сылтаулармен жүзеге асырылмаған. Мен осыған қынжыламын.
Танымал жазушы, аудармашы, қазақ тілінің жанашыры Герольд Бельгер де «Жол-жөнекей жазбалар» еңбегінде қазақ
тілі жайында былай айтқан: «Қазақ тілі – жаралы тіл. Оған күн сайын жара салатын өзіміз. Сөйтіп жүріп жалғыз тілді
құртамыз» депті.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегендей, егер өз рухани байлығымыз тілді сақтап, дәріптей білмесек,
мына тұрған үлкен ғимараттардың, материалдық байлықтардың бізге түкке керегі жоқ.
Елбасымыз «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» бағдарламалары бойынша әр облыстарда мектеп, ауруханаларды
көптеп салуды өкіметке тапсырды. Яғни, біздерге жағдай жасалуда, тек орындалу керек, қол қусырып отырмай, еңбек
ету керек.
Халық қаһармандары, жазушылар, зиялы қауым ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (25.05.№22 (807) 2006 жыл) «Ана
тілі» газетіне басылған Халыққа жолдауын басшылыққа алып, халықпен жұмыс істеуде. Мен мемлекеттік тілімізді
дамытуға үлес қостым деп ойламаймын. Себебі, күнделікті шығарған газеттерді, кітаптарды оқыдым деп айта
алмаймын.Түрлі олимпиадаға қатысқан жоқпын. Мен қателігімді түсіндім. Көп ізденіп, кітаптарды оқып, шығарма,
мақалалар жазып, түрлі олимпиадаларға қатысуым қажет. Мен алдыма қойылған мақсаттарды орындаймын. Сөйтіп,
мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқым келеді.
Шарапиден Аида. 6 «б»
-
сынып оқушысы
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі деп білемін. Біздің Ата
Заңымыздың 7-бабының 2-тармағында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс
тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған. Қазіргі таңда біздің мемлекеттік тіліміз жетпісінші
орында. Меніңше, ойланатын мәселе. 1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесінде қабылданған
Қазақстанның «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Мемлекеттік тілді дамыту үшін
мен кітапханадан шықпай газет-журналдарды оқып, өз мүмкіндігімді терең пайдаланып, өз үлесімді қоссам деймін. Біз
қазақ тілінде сөйлемесек, мемлекеттік тілді қадірлемесек, мемлекеттік тіл дамымайды.
Мені күні-түні мазалайтын бір сұрақтар бар. Менің тілім, ана тілім, мемлекетімнің тілі қашан биікке көтеріледі? Ол
үшін мен не істей аламын? Жуырда қазақ тілі сабағында ұстазым маған оқулықтың 40-жаттығуындағы «бұрыңғы»
деген сөзді орфография заңына сай жазып, дәлелдеуді тапсырды. Орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктерге
қарасам, заң бойынша айтылуы – «бұрұңғұ», жазылуы – «бұрынғы» (Алматы, «Арыс» баспасы, 2004ж,178 бет). Мен
«н» - тіл мен тіс, үнді дауыссыз дыбысының орнына «ғ» көмей дауыссыз, ұяң дауыссыз дыбысы, «ң» таңдай, үнді
дауыссыз дыбысын қабылдап, кейінді ықпал болып тұрғанын дәлелдеп бердім. Оқулықта «бұрыңғы» орфоэпиялық
норма бойынша жазылған делінген. Түсінбегенім: Сөздікте қате бар ма, әлде оқулықта қате бар ма? Осындай түсініксіз
тапсырмаларды қалай орындаймыз?.. Қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің көсегесі қалайша, қашан көгереді? Мені осы
сұрақтар мазалайды?
Алмас Ділназ. 6 «б» - сынып оқушысы
Адам дүниеге келген кезінен бастап қоршаған ортаны ана тілі арқылы танып, ес біле бастайды. Тіл арқылы
адамдар бір-бірімен сөйлеседі, пікір алысады. Яғни, тіл – қарым-қатынас құралы. Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тіл. «Тіл тек қарым-қатынас құралы емес. Ол
–
халықтың жүрегі, жаны, ділі, діні, мақсат-мүддесі,
ой-арманы, болмыс-тіршілігі» деп жазушы, аудармашы, тіл жанашыры Герольд Бельгер жазған екен өзінің «Жол-
жөнекей жазбалар» деген еңбегінде. Ол кісі тілдердің тағдырын айта келіп: «Жылдар өте келе, ұбых тілінде әкелі-
балалы екі адам қалыпты. Он-он бес жыл бұрын Түркияға көшкенде, әкесі дүние салады. Сексенге толған баласы ғана
бұл тілді сақтап қалған екен. Бұл тілді адамдар түсінбепті. Сондықтан, бұл тайпаның мәдениеті өшті. Тілі де өлді» -
дейді. Осыны оқып отырып, маған да ой келді. Ал, қазақ тілінің халі нешік? Мен өте қатты қорқамын. Себебі, қазақ
тілінің мәдениеті өшсе не болады?
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Менің де ана тілім
–
қазақ тілі. Бұл мен үшін мақтаныш.Мемлекеттік тілге мен
қандай үлес қосып жүрмін? Біріншіден, қазақ мектебінде оқимын. Екіншіден, қазақ тілінде сөйлеп, газет-журналды
қазақ тілінде оқимын. Үшіншіден, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Бабалар сөзі», сөздіктер, кітаптар шықты,
соларды оқимын. Сөйтіп, мен кіші сіңлілеріме, бауырларыма үлгі боламын. Қазақ тілінде сөйлейтін адамдар азайып
бара жатыр. Кейбір адамдар әнұранды жатқа білмейді. Парижге кездесуге барғанда Қазақстанның әнұранын бірде-бір
депутат айта алмаған. Сол сәтте белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін
шырқайды. Меніңше, орыс тілінде жазса да, Олжас ағамыздың бұл ісі бізге үлгі боларлық. Ол кісіні мен нағыз патриот
деп айта алар едім. Еліне адал еңбек етіп, орысша болса да өлең жазып жүрген, «Невада-Семей» қозғалысын
ұйымдастырып, Семейдегі полигонды жабуға мұрындық болған, шет елде Отанның намысын қорғай білетін нағыз тіл
жанашырларына қарап, мен де мемлекеттік тілге өз үлесімді қасықтай болса да қосқым келеді. Меніңше, әрбір оқушы,
адам жоғарыдан бұйрық, заң тосып отырмай, әрекет жасаса, сонда ғана тілдің мәртебесі жоғарылар еді деп ойлаймын.
Биылдан бастап өзім де, достарымды да үлес қосуға шақырамын.
Айдарова Ажар. 6 «б» - сынып оқушысы
Дар
ы
н
N
ew
s
17
Достарыңызбен бөлісу: |