10. «Балық қаңқасы»
Мәтінді талқылауға арналған жаттығу
Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың
негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі.
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың
негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.
Осындай және тағы да басқа әдіс тәсілдерді қолдана отырып дарынды, қабілеті бар оқушыларды пәндік олипиадаларға дайындық жұмыстарын жүйелі түрде өткізудемін. Бұл жұмыс түрлері тек қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ғана емес, қосымша сабақтарда да орындалады.
Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырсақ келешекте жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.
Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп мұғалімінің игі істері өз нәтижесіне алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |