Дарынды балаларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары



бет2/3
Дата26.11.2023
өлшемі175,97 Kb.
#128434
1   2   3
Байланысты:
баяндама дарынды бала

2. «Мәтінді тыңдап, аяқта»
Берілген мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
3. «Ассоциация және болжам»
Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз? деген сұрақтарға жауап беруге тырысады
Бұл мәтінмен атқарылатын жұмыс түрлерінің бір бөлігі ғана. Ал, енді осы мәтіннен кейін оқушылардың өздерімен орындайтын жұмыс түрлерінің кейбіреулеріне тоқталғым келеді.
4. тапсырма.

5. «Төрт сөйлем» тәсілі.


1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
6. «Әдеби шеңбер» стратегиясы. Оқушылар төрт топқа бөлініп, тапсырма беріледі. Топпен жұмыс орындалған кезінде дарынды, қабілетті оқушылар көшбасшы болып тізгінін өз қолдарына ала біледі.

  1. Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)

  2. Белгілеуші – мәтіннің қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.

 Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

7. Дәстүрлі әңгіме


Оқушылар қысқа әңгімеден кейіпкерлер мен олардың іс – әрекеттерін анықтайды. Олар кейіпкерлердің іс- әрекетін саралап, бағалайды. Олар сондай-ақ басқа топқа әңгіменің мазмұны бойынша 5 сұрақ құрулары керек. Әр топ әңгіме мазмұны мен кейіпкерлер туралы идеяларымен алмасады. 

8. «ПОПС» формуласы.


Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын... »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».
9. «Қарлы кесек» тәсілі. Мақал-мәтелдер– халық даналығының қазына байлығы. Олимпиада тапсырмаларында міндетті түрде мақал-мәтелдердің мағанысын түсіндір деген сұрақ келеді. Сондықтан сабақтың тақырыбына сай алынған мақал –мәтелдердің мағынасы түсіндіріліп, күнделікті өмірмен байланысын көрсетіп, есте сақтауға талабын қоямын.
Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мұғалім немесе оқушылардың өздері мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет