Дарынды балалардың Ғылыми-шығармашылық Қабілетін дамытудың жолдары



бет4/4
Дата19.10.2023
өлшемі28,56 Kb.
#119697
1   2   3   4
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру стандарты;

  2. "Дарынды оқушыларды қолдау: теория және практика" - Б. С. Болотов

  3. "Дарынды балаларды оқыту: зерттеу және тәжірибе" - Р. Дж. Штернберг, Дж. Э. Дэвис;

  4. "Білім беру процесінде дарындылықты дамыту" - Ю. Б. Гиппенрейтер;

  5. "Дарынды оқушыларды оқыту жөніндегі нормативтік құжаттар" - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

  6. "Білім беру үдерісіндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау" – д. Б. Эльконин;

  7. "Қазіргі мектепте дарынды балаларды оқыту ерекшеліктері" – Н. М. Мироненко;

  8. "Дарынды балаларға арналған білім мазмұны: теориядан практикаға" – а. в. Столярова;

  9. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған ұлттық стратегиясы";

  10. "Дарынды балаларға арналған жеке білім беру бағдарламалары" - г. П. Никитина.



Авторлар тарапынан қосымша ұсыныс

Дарынды оқушы қазақ әдебиетін оқытудағы әдіс-тәсілдерге байланысты ғылыми жұмыс қорғауына мынадай әдісті ұсынамыз. Ол капсула әдісі. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетіне арналған әдіс түрі. Оқушының шығарманы қаншалықты түсінгендігін, мазмұнын аша алғандығын және өз пікірін, ойын, әсерін білу үшін қолданылады.


Әдістің негізгі мақсаты - оқушы көркем туынды мен кейіпкерді өмірмен, өзімен байланыстыра отырып, ақыл-ойын, фантазиясын дамыту. Суреткердің тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу.
Әдістің мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Оның тиімділігі сол мұғалім оқушының көркем туындыны қалай қабылдағанын аңғарады. Оқушы қандай мәселелерге ерекше назар аударғанын көріп, соған бағыт-бағдар алады. Ең басты мәселе, оқушыларды өз беттерімен талдауға жетелейді, тілін дамытады, көркем шығарманы қабылдай білу, әрі оған пікірін қоса білу дағдыларын қалыптастырады.
Қолданылуы: тоқсан басталғанда мұғалім оқушыларға капсула жасау туралы сөз қозғайды. Бір тоқсан аралығында өтетін қазақ әдебиеті сабағындағы көркем туындының бірінен өзіне ұнаған кейіпкерді таңдайтынын, сол кейіпкерге, әдістің өзіндік тәсілдерін қолдана отырып қағазды толтыратынын, толтырылған қағазды арнайы жасалған капсулаға салу керек екендігін түсіндіреді. Тоқсан соңындағы қайталау сабағында барлық оқушы қолында өзіне ұнаған кейіпкерлерінен жасалған капсулалар болады.
Капсуланың жасалу жолы:
Көркем туынды атауы;
Ұнаған кейіпкер;
Ұнау себебі;
Ұқсастықтары;
Кейіпкерге хат;
Кейіпкерге естелік.
Әдістің пайдасы: оқушының есте сақтау қабілетін жақсартады, креативті ойлауы мен бейнелеуін жоғарлатады. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мүмкін. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Сонымен қатар мектеп қабырғасынан, анық айтқанда, әдебиет пәнінен жағымды көңіл күй сыйлап, ерекше естелік қалдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет