I. Қазіргі заманғы білім беру үдерісі: басқару, ұйымдастыру, оқыту технологиялары 1. Нормативтік-басқару құжаттары (мамандық бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламасы, жалпы орта білім беру стандарты (шетел тілі), орта мектепте білім беру бағдарламасы, оқу үдерісін ұйымдастыру негізі ретінде).
2. Оқу үдерісін басқару: оқу үдерісін жоспарлау (жоспарлаудың түрлері). Шетел тілін оқытуда оқушылардың өзіндік және сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру.
а) Сабақтың талапқа сай өтуі педагогикалық үдерістің барлық элеметтерінің тығыз байланысты болуына тәуелді екенін нақты мысалдармен дәлелдеп беріңіз (мақсат, мазмұн, оқыту құралдары мен әдіс-тәсілдері).
b) Зертханалық және үй жұмысының арақатынасын сақтай отырып, сабақтар жүйесінің тиімді құрылуын негіздеп беріңіз.
c) Әдістемелік тұрғыдан жүйелі құрылған жоспар түрі – қазіргі заманғы сабақтың негізгі екенін мысалдар келтіре отыра айқындап беріңіз. Жоспар түрлерін сипаттап беріңіз. Бастауыш, орта және жоғарғы буын оқушыларымен өткізетін сабақтың негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
d) АКТ қолданылған сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығын нақты мысалдар негізінде айқындап беріңіз.
II. Бақылау білім беру үдерісінің сапасын басқару және оның нәтижесінің моделі ретінде Бақылау функциялары. Бақылаудың формалары мен түрлері.
Сөз әрекеті - бақылаудың нысаны ретінде.
Шетел тілдерін оқытуда бақылаудың тестілеу формасы.
Шетел тілін оқытуда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінде орын алатын бақылаудың мақсаты мен міндеттері, функциясы туралы баяндаңыз.
Бақылаудың нысаны, түрі және формалары туралы сөз қозғап, нақты мысалдар келтіріңіз, жаттығулар кешенін құрастырыңыз.
Бақылауда тестілеу формасының мәнін анықтап, олардың түрлеріне сипаттама беріңіз, мысалдар келтіріңіз.
Өзін өзі бақылау және өзіне өзі баға беруді ұйымдастыру әдістемесін көрсетіңіз Porfolio-өзін өзі бақылау құралы екенін дәлелді уәждер келтіріп анықтап беріңіз.