Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби бейнесі қандай болу керек? Дарынды бала дегеніміз кім?


Дарынды балаларды анықтау үшін дарынды балалардың белгілеріне қараймыз



бет2/5
Дата28.07.2022
өлшемі38,08 Kb.
#37957
1   2   3   4   5
Байланысты:
дарын

Дарынды балаларды анықтау үшін дарынды балалардың белгілеріне қараймыз:
— көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімі ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;
— өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;
— білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.
Дарынды балаларды қалай анықтаймыз?

  • Кешенді диагностикалық әдістемелерді күнделікті қолдану;

  • Мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;

  • Дарындылықты дамытудағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Психо-педагогикалық бағыт- бағдар беру;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз
— Баланың отбасы жағдайын зерттеу
­ Шығармашылық қабілетін анықтау
— Сауалнамалар психо-диагностикалық тренингтерді өткізу
— Ата-анасымен әңгімелесу
— Ғылыми жоба жарыстарына, көрмелерге, жәрмеңкелерге, пікір-сайыс ойындарына қатыстыру.
Дарынды балалармен жұмысты жүргізу әдістері.

  1. Оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.

  2. Үйге жеке тапсырмалар беру.

  3. Аптасына бір рет қосымша сабаққа шақыру.

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.
I саты (бастауыш мектеп) – Мысалы:
— көркемсөздің шеберханасы;
— қуыршақ театры;
— «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);
— салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»);
— «Жас зерттеуші» — «Зерде» т.б.
2-саты (5-9-сыныптар) – бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың бұл кезеңінде жұмыстың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: («ақыл шабуылы»), рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар және т.б.), әр сабақта пәннен бөлек шығармашылық тапсырмалар қолданылуы керек, эссе жазу. Психологтардың пікірінше, ойын –мұндай жүйенің негізі болып шығады.
3-саты. Жобалық-зерттеушілік дағдының өнуі (жобалық әдіс);
Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі – сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т.б. ретінде келетін оқу жобасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет