Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері
Нормативті-құқықтық құжаттар;
Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);
Ақпараттық қызмет;
Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;
Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.).
Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;
Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;
Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;
Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады;
Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!
Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;
Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;
Дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;
Шығрамашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |