Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби бейнесі қандай болу керек? Дарынды бала дегеніміз кім?


Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар



бет4/5
Дата28.07.2022
өлшемі38,08 Kb.
#37957
1   2   3   4   5
Байланысты:
дарын

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • Дарынды оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;

  • Дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • Оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;

  • Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;

  • Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;

  • Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;

  • Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздарға ұсыныс.

  1. Баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.

  2. Әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша кеңес беру тақырыбын анықтау.

  3. Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.

 Балаға жеткізу керек:
— тақырып атауын.
-тақырыпты игеру жоспарын.
негізгі сұрақтарды
— ол меңгеруге тиісті анықтамалар мен терминдерді.
-тәжірибелік жұмыстарды.
— керекті әдебиеттер тізімін
— бақылау формасын.
Жұмыс нәтижесін талдау үшін кестені толтыру:
— пән
— кеңес берілген күн мен уақыт
— басты қаралған сұрақтар
— бағдарлама бойынша тақырыппен жұмыс уақыты
— негізгі жұмсалған уақыт
— бағдарламада көрсетілген қосымша сұрақтар
— анықталмаған сұрақтар
— уақытынан кешігу себептері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет