Дарынды балалармен ж±мыс



Дата06.01.2022
өлшемі8,76 Mb.
#16612
Байланысты:
Алия Муратовна Махаббат 2020


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы білім басқармасы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж





Тақырыбы: Махаббат және адам тағдыры

Шаттық

шеңбері

Студенттер бір-біріне қолдарындағы күнді беруі арқылы жылы лебіздерін білдіреді. «Егер де мен сурет салсам ................»

Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп.

Махаббат — достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мөні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай "Махаббатсыз дүние — бос" деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жол- дастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық үлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш — махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы — махаббат — құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.

Махаббат түсінігі

Адам бойындағы жылу

мен мейірім жүректен шығады.

Әрқайсысымыз өз

жүрегімізден алған

жылуымызды алақанымыздан

түсіріп алмай бір-бірімізге

берейік. Еппен

алақанымызды қысып,

жүрек жылуымызды сезінейік.

Ой-қозғау : «Сыни тұрғыдан ойлау.»

Студенттерді топтастыру 3-топқа бөлінеді.



1. Көңілдер 2.Нәзіктер 3.Сезімдер.

Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар - ол ата-анаң. Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да ата-анаң. Ана, әке деген сөздер өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі сөздер. Әке-шешенің өсіріп тәрбиелеген, білім беріп жетілдірген жемісі - бала-шағасы. Ата-ана қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Олардың ешқашан жаманы болған емес. Әке мен шешенің бар бақыты бала-шағасының амандығы, солардың адам болуы ғана. Кез-келген ақын, жазушы ата-ананы жырға қосып, қалам тербеуі де бекер емес. Солардың бірі Фариза Оңғарсынова ана, жалпы әйел заты туралы былайша жырлаған.

«Ана махаббаты»

Отанға деген махаббат

Отанды сүю, ел мен жерді құрметтеу – кім-кімге де парыз. Елге, жерге деген махаббат сезімі адамның бойына туған отбасынан, ата-анасынан дарыса керек. «Отан от басынан басталады» деп бекер айтылмаған. Отанға деген махаббат - оның әрбір тасын сүюден басталады.

Отанға деген махаббат нышаны – елді, Жерді сүю, сол ел азамат болған соң, сол елдің ұлттық рәміздерін сүю, қастрелеу сынды қасиеттер дің басым болуы.

Менің отаным –

қазақстаным!

Махаббат... Бір жағынан түсіндіруге келмейтін, логикаға бағынбайтын, тылсым, сиқыр сезім. Алайда басынан өткен адамдар біледі: махаббат қағидалары әр жағдайда бірдей. Оларды түсініп, дұрыс шешім қабылдай алсаңыз, сүйгеніңізді жоғалтпай, нағыз бақытқа бөленесіз.

Мен үшін махаббаттың алатын орны – ерекше. Осы ұлы сезім болмаса, жігіт пен қыз бір-біріне ғашық болып, ынтық болмас еді. Қаншама ақындар мен жазушылар осы сезімнің арқасында ғашықтарына өлең арнап, романдар жазған. Мүмкін кейбірі сол сезім болмаса, ақын, жазушы атанбас та еді. Тек олар ғана емес қолдарынана шеберлігі тамған суретшілер де, мүсіншілер де, кез келген өнер иелері. Театрдағы қойылымдар мен кинорежиссерлердің де көбі – махаббат тақырыбында. Адам болып жаратылған соң, осы өте нәзік сезімді жүрекпен ұғынып, бастан кешірудің өзі – Мен үшін үлкен бақыт!!! …

Қыз бен жігіт арасындағы махаббат

Махаббат – мәңгі өшпес сезім...

Постер құрастыру.

1.Жанұя-адамның өте маңызды және жауапты ісі

(Жаұядағы тіршілік,үлгі болу,бала тәрбиесі)

2. Ұлттың болашағы аналар қолында

(Ана болу,қоғамдағы әйелдер мәселесі,гендерлік саясат)

3.Жар таңдау

(Жар таңдау,анасын көріп қызын ал, күйеу әйел таңдау мәселесі)

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Махаббат дегеніміз Адамзат баласын еріксіз құдретне табндрған, бас идірген  махаббатың ұлылығы туралы ақындарымыз коп жырлаған. Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай мен күн шағылса да. Дүнйеде, сірә, сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да,-деп  Абай атамыздың озі махаббатты жоғары бағалаған. Шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты. "Өйткені құс ұшуға жаралғаны сияқты, адам сүюге жаралған". Сондықтан да әркім сезімін ашық жеткізіп, оны аялап, Махаббатты жоғары бағалай білу керек.

Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген.

Қорытынды

Назарларыңызға

рахмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет