Сабақтың мақсаты: оқушылардың қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуді үйретеді



бет1/2
Дата26.11.2023
өлшемі1,8 Mb.
#128265
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Тақырыбы: Күзгі әлем
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуді үйретеді.
Көрнекілігі: 0-ден 10-ға дейін кеспе цифрлары.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық.

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз айтайық, жақсы тілек тілейік.

        1. Кіріспе әңгіме.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге ,
Сәлем бердік біз.
-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?(күз)
-Қандай ай?Күз мезгілінде неше ай бар?(3)
-Бүгін аптаның нешінші күні?(3)


В) топқа бөлу.
-Ал, балалар. Мен сендерді топқа бөлейін.
1-топ «Жемістер»
2-топ «Көкөністер».

Алтын күз, сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күнін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке , бірлікпенен ортақтассын.
Қазір күз мезгілі. Күз мерзіміне қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады. Күзде адамдар қыстық азығын жинайды. Нағыз сары алтындай сары күз – қыркүйек айы.Бұл ай еңбек айы. Қазан мереке айы. Қарашада ағаштар суыққа тоңып дала өң бере бастайды.
Күзде  мол өнім жинаймыз. Көкөністер мен жемістердің шипалы және емдік қасиеті бар, дәрумендері өте көп болады.



  1. Негізгі бөлім.

Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, бізге қонаққа КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ кіреді, қолында қорапша
-Сәлеметсіз бе, балалар?
Мен сендерге қонаққа келдім, сендердің білімдеріңді көрейін деп келдім
Мына қорапшамда тапсырмалар бар, соған жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Келістік пе?
- КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ сіз біздің балаларды сабағын тыңдаңыз (ТАПҚЫШБЕК орындыққа отырады)
- олай болса, балалар, КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ нің тапсырмасын орындайық
Мында балалар, бірнеше сандар бар екен
Сандардың ретімен тапсырмаларды орындайық
Мынау қандай сан (1)
Бір туралы тақпақ білеміз бе, кәне айтып көрейікші (жарайсыңдар!) енді ішіндегі тапсырмада 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Ал енді осы сандарды жазып көрейік.Алдарыңа сандарды тараттым.Ар сандардың жандарында суреттер бейнеленген және соған сәйкес сандар.Суретті бояймыз,ал сандарды бастырып жазамыз.
-Жарайсыңдар балалар,тапсырманы жақсы орындадыңдар.Сандарды жақсы біледі екенсіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет