МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................
|
3
|
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ1 ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................
|
5
|
1.1 Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы................................................
|
5
|
1.2 Дарынды балалармен жұмыстың психологиялық негіздері............................
|
13
|
1.3 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар...........
|
13
|
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........
|
16
|
2.1 Дарынды балалардың жеке тұлғаларына қойылатын педагогикалық11 талаптар.........................................................................................................................
|
16
|
2.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш мектеп мұғалімінің11 оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруының өзіндік ерекшелігі..................................
|
25
|
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
|
29
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................
|
31
|
КІРІСПЕ
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
“Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет.
Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми – практикалық “Дарын” орталығы құрылды.
Осыған орай “Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы” нормативті – құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата – аналарға, “Дарын” орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Курстық жұмысының көкейкестілігі:
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда.
Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр.
Сондықтан математика сабақтарында дарынды балаларды оқыту мен мұғалімнің міндеті жайлы мәселелер курстық жұмысымыздың тақырыбын “Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі мен мұғалім ролі” деп таңдауымызға себепші болды.
Курстық жұмысының мақсаты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстьарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау.
Курстық жұмысының міндеті:
-Дарынды балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
-Дарынды балаларға тәрбие мен білім берудегі мектептер тәжірибелерін жиыстыру.
-Дарынды балалар мен жүргізілетін жұмыс бағыттарын анықтау және олардың өзіндік ерекшеліктерін мазмұндау;
Курстық жұмыстың өзектілігі математика сабақтарындағы оқушылардың дарындылық қабілеттері.
Әдістері: Психологиялық – педагогикалық, ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттерді жиыстыру, талдау, сұрыптау, мектеп тәжірибелеріне талдау жасау, анализдеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 5 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтрының еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.
Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды.
Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады. Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты.
Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.
Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады. Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет.
Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.
Мысалы, Әл-Фарби Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс- тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон есімімен байланысты.
Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін зерттеген. ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, онда дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім, - дейді. Ш.Уәлиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген.
Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл- ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді. Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады. Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы – туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды.
Ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол: Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады, - дейді. Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.1
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.
Ж.Аймауытов психология және мамандық таңдау еңбегінде эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет.
Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қасиетпен айналысқаны тиімді болады дейді. М.Жұмабаев өзінің педагогика еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады.
Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуальдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады. Шығармашылықта материалдық және рухани үрдістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды.
Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды.
Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады.
Шығармашылық өнер, ғылым, философия шеңберімен және рухани әрекетпен шектелмейді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау, бау-бақша салу немесе бөлмеде әр түрлі өсімдіктер өсіру де шығармашылық болып табылады.
Шығармашылықтың ішкі себептеріне тұлғаның қабілеттілігі мен әрекеттердің себептерін жатқызады. Бұл жинақтар біртұтас: шығармашылық қабілеттілік табыс негізін құрайды, бірақ өзінің іске асуын себептер арқылы алады.
Шығармашылыққа деген қабілеттілік көптеген қасиеттермен сипатталады. Шығармашылық тұлға ойының тереңдігімен, білу қабілеттілігімен, пікірлерінің еркіндігімен, ойлауының қайталанбастығымен елестету мен сезімталдығының үйлесімділігі және күштілігімен, еңбекте берік те төзімділігімен, сыншылдықпен және жоғары этикалық қасиеттермен ерекшеленеді.
Шығармашылы тұлғаның көп таралған сипаттамасы мына түсініктермен беріледі: “қабілетті”, “талантты”, “данышпан”. Аталған белгілер табиғи талаптарда болады, олардың даму ережесі (бұл тек белсенді әрекет арқасында болмақ) шығармашылық нәтиженің маңыздылығын түсіндіреді. Басқаларға қарағанда қабілеттілік тапсырма түрлерін нәтижелі орындауға көмектеседі.
Талант жаңа, өзіндік нәтижеге жетуді көздейді, ал данышпандық тұлғаның ұзаққа созылатын аса күрделі де жағымды ықпалында және де оның мәдениет дамуындағы шығармашылық жетістіктерінде көрінеді.
Бердяевтің пікірі бойынша, данышпандық және адамның біртұтас қасиеті, ол арнайы сый емес, данышпандық-адамның алғашқы бастамаға ұмтылысының дәлелі, ондағы шығармашылық үрдіс алғаш рет туындайды және арнайы қатпарлармен анықталмаған. Бірақта данышпандық сый ретінде шеберлікпен, материалда өз-ой- пікірін іске асыру қабілеттілігімен толықтырылуы керек.
Дана тұлға бастапқы бастамаларға ұмтылыс жасап алғаш рет туындаған шығармашылық үрдісті және де өте үлкен талап пен талант арқылы шығармашылықты іске асыруды біріктіру-кемеңгер адамды тудырады. Адамның танымдық қабілеттілігі негізінде оның шығармашылық әрекеті өрістеп, жасампаздық мәні ашылады.1
Шығармашылық түсінігі жаңаның пайда болуымен ассоциацияланады. Өйткені ол жаңа әрекеттің барлық саласында болады, осы негізде кейбір зерттеушілер шығармашылықты табиғатпен қатар қояды. Мына бір көзқарас бойынша: “шығармашылық өлі табиғатқа да, ал тірі табиғатқа-адам пайда болғанға дейін және де адамға да, қоғамға да тән.
Шығармашылық-материяның дамуының қажетті шарты, оның жаңа түрлерінің құрылуы, оның жаңа түрлерінің пайда болуы шығармашылық түрлерін де өзгертеді. Адам шығармашылығы осындай түрлердің біреуі ғана. “Шығармашылық табиғаты” деген түсінікте терең мағына жатыр.
Шығармашылықты өнімділік дамуының механизмі ретінде жалпылай түрде қарастыру,” деп жазады Я.А.Пономарев, білімнің зерттелген саласына- диалектика дамуына шығармашылық мәселесін кіргізуге ықпал етеді. Шығармашылықтың негізгі анықтамасына оның ең кең түрдегі түсінігін енгізу керек.
Ал пайыз, бір жақтылық мағынада шығармашылық-тек адами (Я.А.Понамарев өзінің психологиялық еңбектерінде “шығармашылық” терминінің екінші мағынасына сүйенеді) оның болжамы бойынша: “шығармашылық кең мағынада дамуға әкелетін даму механизмі ретінде, өзара әрекеттесу ретінде көрінеді”.
Екінші жағынан оның адам әрекеті ерекшелігіне, әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік нәтижелеріне назар аудару шығармашылықты тек әлеуметтік және праксеологиялық түрде түсінуге себеп болады.
Мысалы, Г.А.Давыдова: “Шығармашылық қатынас үшін негізгі, анықтайтын жайт-адамның дүниеге әсер етуі-материалдық шындықты жалпы адамзат дамуының тарихи қалыптасу қажеттілігіне сай өзгерту қажет”,- деп санайды.
Владимир Дальдың “Орыс тілінің нақтылы түсіндірме сөздігінде”: шығармашылық “жасау, жасап, жарыққа шығару сияқты әрекетті қажет, жасаушы мен шығармашылыққа қатысты шығармашылық” деп түсіндіріледі.
Шығармашылық әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық термин “эврика” - қандай да бір мәселені шешуде табысты ой, идея мен “пікір” тындағанда қуанышты білдіретін сөз процестердің құрылымы, сатылары шығармашылық әрекеттер типтері, ғылыми және көркемөнер шығармашылығы сәйкестігі, болжам мен оқиғалар рөлдері, шығармашылық процестерді ынталандырушы және жоятын факторлар талант пен дарындылық туралы, шығармашылық қабілеттілік пен шығармашылық прогреске әлеуметтік жағдайлардың ықпал етуі, шығармашылық өнімділік пен шығармашылық жас шамасы туралы, ғылыми шығармашылықтың тәсілдері мен түрлері ретіндегі өнімді ойлау, ғылым мен шығармашылықтағы диалог пен пікір таластағы ойлау үлгілері т.б. мәселелерді қамтиды.
Шығармашылық бірегей емес: шығармашылық көрінудің көп түрлілігі әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Шығармашылықтың әр түрі барын атап өткен жөн: өндірістік – техникалық, бейнелеу, ғылыми, саяси, ұйымдастырушылық, философиялық көркем сурет, мифологиялық, діни күнделікті-тұрмыстық т.с.с.; басқа сөзбен айтқанда, шығармашылықтың түрлерін атап көрсету мұнымен шектелмейді.
Шығармашылық процесс құрылымы да ары қарай зерттеуді және соның негізінде жалпыға бірдей маңызды түсінікті қалыптастыруды талап етеді. Мәселенің шешімін табумен ғылыми шығармашылықты шектеу түсінігі әлі күнге дейін бар, бірақ бұл көзқараста шығармашылық процестің басталуымен оның қанат жаюының басталуы есептелмеген.
Проблеманың қажеттілігін түсіну, оны қою мен тұжырымдау – бұл проблеманы шешуді іздеу процесінің басталуы болып табылады. Нақтылы проблемалы жағдайды және оны зерттеудің мақсатын белгілеп алып, проблема барлық шығармашылық процесті нәтижеге жетудің күрделі қозғалысына бағыттайды.
Шығармашылық процестің орталық бөлімі ретіндегі идеалды проблеманың тікелей әсер етуімен, субъектінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін туындайды.
Сонымен, ғылыми шығармашылықты қарастыру оның терең өзіндік табиғатын көрсетеді, онда зерттеушінің кәсіпкерлігі мен таланты, адамгершілік қасиеттері, ішкі түйсігі мен кездейсоқтық үлкен рөл атқарады; сонымен қатар шығармашылық құпия құбылыс емес ішкі түйсік механизмі мен кездейсоқ факторлар рөлін шешу жақындап келеді.
Шығармашылықтың құндылық сипаты оны ойынмен жақындастырады. Ойынға деген ынта тұлғаның ішкі емес, сыртқы риясыз себептерін, ойын әрекетінен ләззат алумен байланысқан сырластық талапты анықтайды. Шығармашылық пен ойын әрекеттерінің механизмдері ортақ.
Немістің классикалық философиясының басты еңбегі-жаңа білімнің пайда болуын адам әрекетін талқылау барысында түсіндіруі. Шығармашылық мағынасы рухани-практикалық өзіндік әрекет ретінде анықталады.
Шығармашылық механизмі рухани-практикалық қарама-қайшылығы шығармашылықты өздігінен іштей дамыту бастамасы ретінде түсіндіріп беріледі. Әрекет принципі адамның әрекетті-шығармашылық мәнін зерттеу мәселесін қоюға ықпал етті. Неміс классикасы жүйесінде өз нәтижесі мен жемісі ретінде шығармашылық субъекті туралы ереже қалыптасты (философиялық өзіндік сана-сезім түсінігінде).
Жеке тұлғаның шығармашылық әрекетінің арнайы бір уақытта жүзеге асып жатқанын сезіну рефлексті белсенділіксіз де болуы мүмкін. Бірақ субъектінің санасында ешқандай да жарық беріп көрінбейтін зияттың шығармашылық әрекеті болмайды.
Талант – қабілеттің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түп нұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір –бірімен тығыз байланыста пайдаланылады.
Соңғы уақытта өмірдің жылдам өзгеруіне байланысты маманға деген жоғарғы талаптардың қойылуы бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет етуде. Осыған орай, жоғарыда аталған ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оларды қалыптастыру мәселесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер туындауда.
Солардың бірі – Н.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы кітабы. Осы еңбегінде Н.Лейтес дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: Дарындылық – баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді иегеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы.
Бұл ой тұжырымдардан мынадай қорытынды шығаруға болады: дарындылық тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық – адамның бір не бірнеше іс-әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған құрылым.
1.2 Дарынды балалармен жұмыстың психологиялық негіздері
Белсенді дамыта оқыту студенттер мен оқушыларда шығармашылық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық ойлау болашақта өмірдікң өзгермелі жағдайына тез бейімделуге көмектеседі.сабақтарды белсенді әдістермен өткізу о йлау әрекетінің дәстүрлі түрінен латеральды ойлау түріне өтуді көмектеседі. Латеральды ойлау шығармашылықпен байланысты.
Латеральды ойлаудың негізгі мақсаты – идеяларды генерациялау. Жаңа идеялар – жаңалықтың қозғаушы күші болып табылады. Миға шабуыл әдісімен өткізілген сабақтар оқушылардың ойлау типін өзгертуге көмектеседі. Латеральды ойлау жаңа модельдердің тууына негіз болады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында мектеп өміріне бейімделу кезінде пайда болатын бірқатар мәселелермен санасу керек. Белгілі американ педагогы Л.Холлингуорт ата-аналар мен педагогтарға дарынды балалардың төмендегідей проблемаларын ұсынды.
1.3 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақ мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Өкінішке орай, дарынды баланы анықтау, оның қабілетін дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған.
Мектепке мұғалімдер мен психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Дарынды оқушыны анқтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбірмұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.1
Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:
- көптеген жағдайда олар дарынды оқушыларға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
- тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі, себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
- дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагнотикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауға төмен нәтижелер көрсетеді;
- олар дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасаған күннің өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жіберіледі;
- дарынды оқушылар мұндай мұғалімдер үшін тек қана оқу жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбие саласында да қиындықтар туғызады;
- олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді.
Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасеттерімен ерекшелінеді:
- дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;
- олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
- жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя алады;
- оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;
- педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;
- дарындылықты анықтауда оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана алады.
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Дарынды балалардың жеке тұлғаларына қойылатын педагогикалық талаптар
Адамзам еншісіне ғана тиісті тәрбие мен білім беруде еліміздің интеллектуалды, шығармашыл потенциалын дайындау, дарынды балалардың жетілуіне жағдай жасау қазіргі заманымыздың экономикалық және әлеуметтік факторы болып отыр.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде мұндай мысалдар көп. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды адамдардың өміріне бір сәт көңіл бөлсек., дарындылығымен жас кезінен көзге түскен.
Германияның любектік төрт жасар дарынды баласы Кристиан Гейнрих Хейнекеннің дарындылығы жұртты таң қалдырды. Ұстазы Кристиан Фон Шенах жазған “Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі” деген кітабы дарындлы бала туралы жазылған алғашқы кітап болды.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың 4 амалын мен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады және мыңнан астам латын мәтелін білетін болған.1
Гейнрихтың даңқы әлемге жайылады. Дарынды баланы Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды бала төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған. Сол сияқты Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазған.
Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын грек тілдерінде өлең хазатын болған. Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты.
Сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері бар. Мәселен, Д. Байрон, Н. Дарвин, В. Скотт бала күндерінде түк білмейтін болған екен. Олардың көпшілігі өз уақытын бос өткізген. Олар өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинаумен айналысқан.
Дарынды балалар Қытай тарихында да жиі кездесіп отырған. “Ертедегі Қытайда дарынды балаларды, “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған. Киелі балаларға байланысты ең ертедегі жазбалар Чуньцю Чжанго дәуірінде (б.д.б. 770 – б.д.б. 221) кездеседі.
Үш патшалық дәуіріндей атақты қолбасшы ЦаоЦао-өз перзенті Цао Чуннің тапқырлығына таң қалады. 5 жасар бала сыйға тартқан пілдің салмағын өлшейтін таразы таба алмай тарығып жатқанда, “Алдымен пілді қайыққа салыңдар, онан соң орнына тас салып, оны бөліп өлшесеңдер тілдің салмағы шығады” дейді. Сөйтіп Цао Чуннің тіл өлшеген әңгімесі ауыздан ауызға тарап, жұрт 5 жасар баланың талантына таң қалады.
Қазақ халқының да біртуар ұлдарын аса қабілетті, дарын иесі деп айтуға болады. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уәлиханов та аз ғұмырының ішінде адамзаттық ғылымға баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет, тіл, география публицистика мен жазушының өнерде өзін жоғары биіктен көрсете білді.
Бұл ұлы тұлғаларды өзге адамдардан ерекшелендіріп тұрған дарындылық емес пе?!
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, оңай өзгеруі) байланысты болып келеді. Олоай болса, нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.
Ал Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғаттан берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Сонымен дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады.
Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны идарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен әдістеме саласында көптеген “тар жол, тайғақ кешулерден” өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты “өнер мен кернеген сезімінен туындайды” деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде “маған көмекке әрдайым мейірімді перім-гений келеді” деген екен.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы ұрпақтан ұрпаққа берілетіні сөзсіз.
Ф. Гальтон әлемге әйгілі, дарынды тұлғалар өмірнамаларын таладй оытрып, дарындылықтың тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс әлемдік өтпес даңққа бөленген әйгілі неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың арғы атасы В. Бахтың ерекше қабілеті болғанын айтады. Ал Абайдың ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Осыны негізге ала отырып Канада ғалымы Д. Хебб “генотиптік интеллект” деген ұғым енгізді.
Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, “фенотиптік интеллектіні” құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісінен анықталады. Д. Зеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 – тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осылан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) – бұл мәдени - әлеуметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80%-і генотиптік құрылымға байланысты.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жинақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы, “қатып қалған интеллектіні” жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50%-і ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды.
Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын психологы Г. айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай тұжырымдайды: “Термометрді алғаш ойлап тапқан ғалымды жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды… Түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе. Сөйтіп Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдады ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вундт, Д. Милль, Г. Спенсер, Т. Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау ерекшелігін есепке алуда осы қасиеттерге баса назар аудару керек.
Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің, танымның ең жоғарғы формасы. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Дарынды балалар өзге балалардан ойының кеңдігі, арамдылығы, ұшқырлығы, дербестігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы сапалары айқындалады. Тіл мен ойдың бір-бірімен байланыста болатынын халқымыздың: “Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде” деген мақалы дәлелдей түседі”.
Ойы кең дарынды бала еркін ойлайды. Мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Дарынды балалардың ойын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесінің маңызы зор. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы күрделі дамудан өтеді. Осы кезеңде дарынды балалардың ойлауын дамыту үшін мұғалім мынадай шаралар жүргізуге болады:
Балаларды белгілі ережелер жөнінде өз бетінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін сабақта эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыру қажет;
Баланың сөйлеу қабілетін дамыту, оның ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді;
Ойлау қабылдау мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушыны сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына жағдай жасау керек;
Дарынды бала кеңінен ойлайтын болғандықтан бір мәселені бірнеше жолдармен шешуге бағыттап отыру керек;
Баланың логикалық ойын, шығармашылық ойын дамыта алатындай мүмкіндіктерді пайдалану керек.1
Дарынды оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту үшін олардан ойланып-толғануды қажет ететін проблемалық ситуация тудыру қажет. Сол ситуацияға оқушы өзін қатыстыра отырып немесе терең ойланудың нәтижесінде шешімін табады.
Сұрақ қою оны дәл тұжырымдау, мәселені “ойда ұстай білу” сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу. Жорамал жасау т.б. ойлау процесінде мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Дарынды балалар жеке тұлғаның ерекшелігінде зейіннің алатын орны зор. Зейін туралы орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский былай дейді: “Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыс есігі болып табылады, егер ол есікке ілімнің бірде-бір сөзі с оқпай өтсе, онда баланың санасында еш нәрсе қалмайды. Демек, зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Бала әрекетінің кез –келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Дарынды балаларда ырықты зейін басым болады. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор.
Бұл зейін түрі құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдық санада тез бейнеленуін, сөйтіп қабылдау процесінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді. Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқарумен көрінеді. Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау процесстері арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушы зейінін өзіне бағындырмаса, оның сөзі оқушы көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды.
Бір сөзбен айтқанда зейінсіз өткенсабақ, өзінің мақсатына жете де алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының үйке жүйесі әлі де болса қатая қоймағандығын ескеру қажет.
Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр жеңілдегі әртүрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру сияқты мәселелер зейін тәрбиесінің басты шарттарының бірегейлері.
Дарынды балалардың байқағыштығын арттыру – оның ой-өрісінің жоғары болуына септігін тигізеді. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі – ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастыру керек.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін, қимыл – қозғалыстарды, ерік-амалдары, немесе ерік деп атайды. Яғни, ерік адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Адам өз қажеттіліктерін өтеу барысына қимыл-қозғалысқа түседі.
Ол қозғалыстарды екіге бөлуге болады: бірі-ерікті қозғалыстар, екіншісі – еріксіз қозғалыстар. Ерікті қозғалыс мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Ал еріксіз қозғалыстар мақсат қойылмайтын қозғалыстар, яғни көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.с.с. Еріксіз қозғалыстар тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Оқушылардың дарындылық дәрежесінің артуы білімдер мен ептілік дағдыларын игеруге тікелей тәуелді болады.
Дарынды балаларға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте, оқуда шаршап шалдығуды білмейді, басқа балалармен салыстырғанда интеллектілік деңгейі анағұрлым жоғары. Сол себептен де дарынды оқушыларды дамытуда олардың ерік-күшіне де көңіл бөлінуі керек. Нағыз ерік - саналы тәртіп бар жерде ғана көрініп отырады.
Дарынды балалар айнала қоршаған дүниені танып-юілуге күш-жігерін жұмсайды. Қоршаған дүние тиісті бір объектіге зейінін аудару, түйсіну, қабылдау арқылы санасында бейнеленеді. Белгілі бір объектіге зейінін аударады. Оны түйсіну нәтижесінде ол туралы мәлімет алады. Демек, қабылдайды да. Дарынды балалардың қабылдау ерекшелікетеріне көңіл бөлу керек.
Қабылдау – зат пен құбылыстың барлық қасиеттерінің біздің миымызды толық бейнеленуі. Қабылдау процесінде жеке элементтер бірігіп бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріледі. Қабылдау – түйсіктердегідей бір ғана анамезатордың қызметі емес, бірнеше анализатордың өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Кейбір оқушылар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударады. Ал дарынды оқушылар сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты етіп түсіндіре алады. Кейбір оқушылар затты тұтастай қабылодай алмайды, немесе нәрсенің жеке жақтарын қабылдай алады да, оның тұтас зат екенін ұмытады.
Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.
Дарынды балалардың қабыладу санасында мұндай қателіктер кездесе бермейді. Баланың белсенді қабылдауын дамыту керек. Байқаудың белсенді жүріп отыруына “Сезім мен қызығу” жақсы әсер етеді. Бала бұрын қабьылдаған заттар мен құбылыстарының бейнесін санасында қайтадан бейнелетеді. Олар болса бұл ес процесінде бейнеленеді.
Есте ұстау (сақтау) дегеніміз – естіген, көрген, оқып-білген, өз өмір тәжірибесінде өткерген дүниелердің мерзімді уақыт өткен соң адамның санасында қалуы, қайта жайңғыртылып бейнеленуі. Оқу жұмысы – оқушының саналы ақыл-ой әрекеті. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда ғана еске сақтау саналы да ұзақ болады.
Оқушы білім - дағдыларының саналы да тиянақты болуын қамтамасыз ету үшін мұғалімге қойылатын талаптың бірі – есте сақтау процесінің физиологиясын білу. Есте сақтау ми қыртысында уақытша байланыстардың пайда болуына байланысты. Есте сақтау арнайы есте сақтау және еріксіз есте сақтау болып екіге бөлінеді. Арнайы есте ұстау арнаулы әдіс-тәсілдерді қажет етеді, оны тоздыратын тиісті мотивтер болады. Қандай да объектіні әдейілеп есте сақтау үшін тиісті шарттар орындау керек.
Айналадағы өмірдің түрлі көріністері ешқандай амал-тәсілсіз, сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Бұл еріксіз сақтау деп аталады. Дарынды балалар есінің дәлдігі жөнінен ажыратылады.
Естің дәлдігі – ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті. Сонымен бірге дарынды балалар есте қалдырудың ұзақ, қысқалығымен де ажыратылады. Оқушылардың есте сақтауы болашақтағы білімді, саналы, еш кедергісіз қабылдауына ықпал етеді. Есте сақтаудың түрлілілігіне қарай оларды былай жіктеуге болады:
Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыруы жақсы, есте сақтағанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар;
Есте баяу сақтағанымен ұмытпайтын оқушылар;
Есте тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар;
Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар;
Біріншісі орынды балаларға тән қасиет. Оқушылар оқу материалын жаттап алады, бірақ оның мағынасына тсінбейді.
Сондықтан есте сақтау үшін түсініп оқу қажеттігін ескеру керек. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте сақтауға бағыт беру, мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі.
Бұл аталған таным процестері оқушы дарындылығын диагностикалау үшін есепке алынатын талаптар.
ХХ ғ. басында ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әртүрлі өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті.
Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық – интеллектіден өзгеше оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілет деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық дегеніміз – ол белгілі бір бағытта ерекше қабілетті таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін яғни интеллектіні құрайды.
Дегенмен іс-әрекеттің әр – алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті мен психиканың одан да күрделі ерекшеліктері жаңа ұшқыр ойлармен идеяларды туындату және қисыны көп стандлартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХғ. 50-60 жылдары “креативтілік ұғымы” “интеллект ұғымының” дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындылысақ дарындылық тұлғаның жалпы, интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр.
Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ол өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше ақындардың біразы сурет қолөнермен қосымша шұғылданып жақсы туындыларымен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы универсалдық тұрғыдан қарастыру жөн. Ал уақыт өтісімен тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
2.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш мектеп мұғалімінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруының өзіндік ерекшелігі
Талабы таудай, қабілет қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қоыс жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.
Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты бағыты жүйеленген әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Дарындылықты дамыту ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға байланысты.
Осы орайда құрылған дарын мектеп-интернаттарының негізгі міндеті: қала облыс көлемінде ерекше қабілетті балаларды іздеу, қабілеттілігінің бағытын анықтау және оны әрі қарай дамыта түсу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру. Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:
1-кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау жүйесін құру.
2-кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау жүйесін құру.
3-кезең. Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы оның білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамыта түсу жүйесін құру. Дарындылықтың дамуы, нәтижелі болуы біріншіден мұғалім еңбегінің көрінісі, ал екіншіден оқу жоспарының дұрыс құрылып, жүйелі түрде іске асырылуында.
Мұғалімнің оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық шеберлігінің маңызы зор. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше түрі бар. Мұғалім ең алдымен ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып-үйренуі тиіс.
Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті , әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстанымдылығына байланысты. Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс.
Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс.
Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттілігін, оның оқу материалдарын тез ұға алушылығымен. ғана байланыстырады. Бұл жерде мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттернне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетіен балаларда аз емес. Осындай баяу лйланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл идеоглогиялық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.
Бала дарындылығын тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, туған жері мен отбасы жағдайына байланысты жүргізе білу әрбәр мүғалімнің жеке шығармашылық ісі.
Әдетте, дарынды балалардың қабілеті басқа оқушылардан ерекше болады. Дарынды балалардың қабілеттерін ойдағыдай дамыту үшін қабілеттерінің қандай дәрежеде қалыптасқанына зер салғаны абзал.
Мұғалімнің оқу –тәрбие жұмысындағы әдіс – тәсілдердінің қай – қайсысы болсын, оқушылардың сана – сезімін. Ақыл – ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан дарынды оқушылардың ерекшеліктерін біліп, санасып отыру керек. Қазіргі таңда Векслер Равиннің интелектуалды зерттеуге арналған тестісі бойынша түрлі зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дарынды оқушылар мен жұмыс жүргізуде олардың жеке ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан бірнеше бөлікке бөліа қарастырады. Оның құрамындағы ең басты бөлік – оның бағыты (өмірлік позициясы, сенім, талғамы, қызығуы);
Екінші бөлік – жеке адамның танымдық – психикалық қасеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял).
Үшінші бөлік – оқушының сезімі мен ергі.
Төртінші бөлік – оқушының темпераменті.
Бесінші бөлік – оқушының қабілеті (іс - әрекет мүмкіншілігі).
Дарынды оқушыларды таңдау барысында мына ерекшеліктерге баса назар аударылады:
Бірінші – дарынды бала өзгеше ойлайды және шапшаң ойлайды. Яғни, көп көлемде білім меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.
Екінші – дарынды балалардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі. Өте сезімтал, толыққандылық, ықылас қойған нәрсенің тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.
Үшінші – дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеу жиі – жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.
Төртінші – әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болу, достық әзілдік сезімнің басым түсуі.
Дарынды оқушы бұл 4 топтың бірінде өте жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін. Егер осы қасиетті, ізгілікті жерде жақсы бір тағаммен ұштасып жатса, жылдар өте келе бұл балалардан үлкен кемеңгер шығуы ғажап емес. Дарынды балалардың қабілетінің арта түсуі мақсатында мұғалім сыныпта мынадай жұмыстар жүргізеді:
Сыныпта дарынды балалар туралы мәлімет жинау және қай пәннен дарынды екенін анықтау;
Дарынды балаларға түрлі зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесінде мінездеме жазу.
Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
-Бала бойындағы қабілеттерді бақылау.
Оқушыны алдымен қабілетіне қарап сыныптан шартты түрде даралау керек. Бұл даралауда құпиялық сақталады. Ол оқушының зерттеу объектісінде өзі де, сыныптастары да білмеуі керек, яғни, бақылау табиғи түрде жүргізілуі керек.
Оның сыныпта тапсырмаларды орындаудағы белсенділігі, ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты жылдам меңгеруі, үй тапсырмасын орындағандағы тиянақтылық қайталау сұрақтарына мүдірмеуі т.с.с. есепке алынады. Зерттеу жүйелі жүргізуді талап етеді.
Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекетіне бақылау жүргізеді. Әдіс шарттары:
Байқау ұзақ мерзім жүргізіледі:
Мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы есеп шығаруда неге мән береді;
Бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі;
Әңгімелесу. Мұнда алдын-ала жоспарланған сұрақтар мен қатар жанама сұрақтардың ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып, отыру керек.
- Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау.
Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе жалпы білім беретін мектеп жағдайында дарынды балалармен жұмыстың жай – күйіне талдау жасау арқылы төмендегі қорытындыға келуге болады. Және оларды методикалық ұсыныстар түрінде де қарастырған жөн.
Қабілетті және талантты балаларға көңіл аудару мерзімді немесе ауық – ауық болмауы тиіс, керісінше тұрақты түрде жүргізу үшін, ОТП жүйесіне сүйенуі керек.
Балалар дарындылығының даму мазмұны, формасы, әдісін таңдау тек қана оның бөліну аймағымен ғана байланысты емес, керісінше бөліну этаптарына тәуелді, осыдан келіп потенциалды және жасырын дарындылық пен дарынды балалармен жұмыс ерекшелігі факті түрінде жарыққа шығып, аяқталған формада ғана психикалық шындыққа айналады. Біздің мектептің құрылымдылығын білімдарлар класы ғана ақиқатқа айналған дарынылық динамикасы проблемасын шешетін материалдар ұсына алады. Аталған жүйедегі негізгі тұжырым: дарындылық, талант, оқытуды даралау дегенге саяды.
Балалар дарындылығын анықтау және оны дамытудағы жалпы білім беретін мектептердің мүмкіндіктері әлі толық зерттеліп бітпеген, әйтседе республикада қолда бар тәжірибелер оларды соңғы орында қалып қоймауға мүмкіндік береді, өйткені бұл мектептер оқу процесінде дарындылар үшін ақиқат болмысқа жақын жағдайлар жасауда (туғызуда).
Дарынды балалармен жұмыстағы мектептердің басты міндеті – олардың танымдық, эмоцияналдық комформ және форманың таңғажайып әрі өте сиек құбылыстарын тану қажетті екенін қанағаттандыру болып табылады.
Қандай бір іс дарындылармен жұмыстың жетістігін жоспарлаудан, мақсатты бағдарламаны айқындаудан басталады. Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі – басты парызымыз.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д.Хебб; Г.Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіредіФ.Галтон мен конс. Жоғары қабілетінің тұқымқуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады.
Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер (А.Бэн, В,Вундет, Д,Милль, Т.Спенсер, Т.Циген) ой-өріс дарындылығын диагнстикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады.
А. А. Леонтьев, О. Н. Овчиникова, Ю. Б. Гиппенрей, К. А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерінде жариялады.
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
А.Ахметжанова «Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» Білім 2004ж 49-53бет.
А.Е.Әбілқасымова «Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру» Алматы Білім 1994ж 143бет.
А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. 17бет.
Ә.Бидосов Математиканы оқыту методикасы-Алматы: Мектеп. 2004ж. 134бет
Ж. Рүстемова «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2003ж. 42бет.
Қ.Жұманбаева «Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» Бастауыш мектеп. №7. 2001ж 37бет.
Қ.Өмірәлиев «Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану» Алматы. Мектеп. 1998ж.
М. Қошанова «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2004ж 118бет
М.А.Бантова Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы.- Алматы: Мектеп, 2001ж.219бет.
М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы 2002ж 132бет.
С. Әбжанов «Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту» Бастауыш мектеп №2. 2003ж. 14-17бет
С.Бабаев « Жалпы психология» Алматы 2003ж 187бет7
Ш.Есмағанбетова «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» Алматы. Ғылым 2002ж 145бет.
Достарыңызбен бөлісу: |