ДАсан қайғы жырау елге ұйтқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философы


Жеңемін деп біреуді Өтірік сөзбен қостама



бет6/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,41 Kb.
#133112
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Жеңемін деп біреуді Өтірік сөзбен қостама.

  1. Классикалық философияда (Аристотельде, Кантта, Гегельде т.б.), том-том шығармаларда, трактаттарда қарастырылған күрделі философиялық мəселелер, диалектикалық идеялар қазақ философиясында кейде бір ауыз сөзбен, бір шумақ өлеңмен түйінделеді. Бəрімізге белгілі Асан қайғының туындыларынан мысал келтіруге болады.

Халықты берекелі бірлікке, достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан жырау [10; 25, 26]:
Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады, Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас —
Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз — Шер толқытса шығады, — деп көңілдегі көрікті ойдың адам сезімімен, көңіл-күймен байланысты туатынына пəлсапалық (философиялық) топшылау жасаған. Жыраудың осы жолдарын іргелі философиялық еңбектің тоқ етер түйіні деуге болады. Өйткені асыл сөз қалай болса, солай тектен тек айтыла салмайды. Атүсті пайда болмайды. Оның артында терең ой, пайымдау, көп нəрсені түсіну, өмір тəжірибесі жатыр. Асыл сөз оңайлықпен ауызға түспейді.
Жалпы, ұлы ақын сөздеріне тəн нəрсе тереңдік пен ойлылық. Ол тереңнен толғап, қияндағыны көздейді. Өткен-кеткенді еске алып, өзінше ой түйіндейді. Асан сөздерінің бəрі дерлік ойлы нақылдар. Сондықтан да болашақта Асан Атаның асқақ жырлары жете зерттеліп, оның өмірі мен шығармашылығын тани түсу – əдебиетшілердің кезек күттірмейтін қауырт жұмысының бірі.
Түйін
Қазақты дербес мемлекет еткен хандық замандағы саяси жəне рухани элита мен интеллигенцияны билер, батырлар, қолбасшылар, интеллектуал ақындар мен шешендер, абыз жыраулар құрады. Бірінші Қазақ мемлекеті тұсында өмір сүрген абыз жырау, ойшыл-философ Асан қайғы өз замынының нағыз көшбасшы тұлғасы болды. Оның мифтік бейне емес, нақты өмір сүргені дəлелденді. Асан қайғы сол кездегі Қазақ хандығының саяси элитасының ұлт үшін ұйымдасып, бірігу жолына түсуіне үлкен ықпал еткен қайраткер.
Тереңдей үңілгенде Асан қайғы бабамыз бүгінгі Қазақ мемлекеттігінің дипломатиялық мектебін қалыпастырды. Ел мен елді жауластырмау, достастыру, татуластыру, қаз-қатар бейбіт өмір сүру қағидатын ең алғаш əлемнің жарығына алып шықты. Ол Керей мен Жəнібектің атынан Моғолстан ханы Есенбұғамен келісімсөздер жүргізді. Соның арқасында болашақ өсіп-өнетін мемлекеттің алтын тұғырын жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет