Қазақтың көне музыкалық аспаптарын жаңғыртып, дәстүрлі
музыкалық мұраларымызды дамытуда «Сазген» фольклорлық-
этнографиялық ансамблінің алатын орны ерекше. «Сазген» ансамблі
профессор Болат Сарыбаев зерттеп тапқан жетіген, шертер, сазсырнай
тәрізді көне музыкалық аспаптарды алғашқы насихаттаушы және
қазақтың түркі дүниесінен жеткен көне музыка сарындарын дәріптеуші
ретінде де халқымызға танымал. Ансамбльдің құрылғанына биыл 30
жыл. Мерейлі мерекеге байланысты «Сазген» ансамблінің алғашқы
көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі Жарқын Шәкерімнен алғашқы өнер ұжымын қалай
ұйымдастырғаны жайлы айтуды өтініп, әңгімеге тартқан едік.
Еркімбековтің қолымен бекітілген 1980
жылдың 4 қыркүйек күнгі № 556 бұй ры-
ғымен шаңырақ көтерген Республикалық
м у зыка аспаптары мұражайының тұңғыш
директоры болып тағайындалдым.
1980 жылы мұражайды ұйымдастыру
ба рысында Өзағаң – Өзбекәлі Жәнібеков:
«Музыкалық аспаптар босқа ілініп тұр ма-
сын, ескілікті үндерді халыққа естіртіңдер,
жет кізіңдер», – деп мұражай қызмет кер ле-
рінің күшімен «Сазген» ансамблін ұйым-
дастыруға тапсырма беріп, маған мұражай
басшылығымен қоса ансамбльдің көр-
кемдік жетекшілігін де жүктеді. Мұра жайды
ашу дайындығымыз 1980 жылдың қоңыр
күзінен 1981 жылдың көктеміне дейін со-
зыл ды. 1981 жылдың 24 сәуір күні Рес пуб-
ли калық халық музыка аспаптары мұ ра-
жайы ашылды. Көп кешікпей Сары баев
үл гісіндегі ансамбльдер Республика көле-
мін де кеңінен қанат жая бастады. Мәселен,
«Жетіген», «Айгүл», «Ғасырлар пер несі» т.б.
ансамбльдер Сарыбаев тап қан музыкалық
аспаптарды пайдаланды. 1974 жылы Тор-
ғай облыстық партия ко ми тетінің хатшысы
қызметінде жүрген Өзбекәлі Жәнібеков
консерватория бітірген жас маман Қайыр-
жан Мақановқа Болат Сарыбаев зерттеген
ас паптарды пайдалана отырып, «Шертер»
ансамблін ұйым дас ты ру ды жүктеді. «Шер-
тер» ансамблі де қазақ му зыкасын айдай
әлемге танытқаны бел гілі.
– «Сазген» ансамблін халық қалай
қабылдады?
– Негізінен, концерттерімізді мұра жай-
ды қызықтауға келген, алыс-жақын шетел-
дік қонақтарға арнап жүрдік. Үлкен сах на-
лар да да арнайы концерттер берген кез-
деріміз болды. «Сазген» ансамблі шын
мәнінде алғашқы қадамынан-ақ, осылай-
ша, ел сүйіспеншілігіне бөленді. Сол кездегі
жа рыққа шыққан мақалалар бұл ойымды
дәлелдейді.
– «Сазгеннің» алғашқы мүшелері
жайлы атай кетсеңіз.
– Мен жұмысқа қабылдаған қыз мет-
кер лер ішінде Ерлан Қуандықовтан басқа
кон
серваториялық жоғары білімі бар
музыка маманы жоқ еді. Сондықтан да
ансам бльді ұйымдастыру барысында күй-
лерді орындаудың қарапайым түрі, уни-
сондық үлгісін таңдап алдық. Осы үн-
дестікте көне музыкалық аспаптар үні кө-
рермендерге тәп-тәуір ерекше әсер етті.
Оның үстіне ат жалын тартып мінген, жа-
лын даған жас, сирек кездесетін талант
иесі, күйші Таласбек Әсемқұловты Шұбар-
тау дан Өзбекәлі Жәнібековке айтып жүріп
арнайы шақырған болатынмын.
«Сазген» осылай құрылған
Сонымен күйші Таласбек Әсемқұлов, қо-
бызда әрі сазгенде орындаушы Ерлан Қуан-
дықов, әнші Майра Ысқақова, сыр най шы
Зәбирә Жәкішева, жетіген мен тұяқ таста
орын дайтын Сәуле Боранбаева, биші Ботагөз
Құс панова, дабыл мен сы быз ғыда орын дау-
шы һәм музыкалық ас пап тар жа сау дың ше-
бері Оразғазы Бей сен баев, же тіген мен сыл-
дырмақта орын дау шы Күләндә Аи това, әнші
Қо жахмет Мұсабеков, шаң қобызда орын-
дайтын Зүл фия Мол да ға ри нова, ансам-
бльдің ал ғаш қы жүргізушісі Роза Кан тәрізді
талантты қыз-жігіттерді мұ ра жайдың тұңғыш
ди рек торы ретінде өз қо лыммен бұйрық
беріп, жұмысқа қа был да дым. Мұражайдың
уы ғын көтеріскен ал ғашқы қарлығаштары
жә не «Сазген» ан сам б лінің ең алғашқы мү-
шелері, міне, осы аталғандар сана ла ды.
– Ансамбльдің шығармашылық
бағ дарламасы мен концерттік киімдері
жайлы да тілге тиек ете кетсеңіз.
– Концерт бағдарламасы мен орын-
дау шылардың киім үлгілерін Өзағаң өзі
тікелей қадағалап, қол ұшын беріп отырды.
Өзағаңның дәлелдемелері бойынша мен
1980 жылдың 21 қазан күнгі КазТО өн ді-
ріс тік комбинатының директоры Н.А.Не-
хаен ко мырзаның атына хат жол да дым.
Көп кешікпей киім үлгілері де тігілді. «Саз-
ген» фольклорлық-этнографиялық ан сам-
блі осылайша шаңырақ көтерді.
– «Сазген» ансамблінің бүгінгі жал-
ғас тырушылары жайлы айтар ойыңыз
бар ма?
– Бұл орайда ойға екі пікір оралады.
Әуелгісі – 1980 жылы шаңырақ кө тер-
ген Республикалық халық музыка ас пап та-
ры мұражайына, 1990 жылы Қазақ КСР
үкіметінің 11 наурыздағы №104 жар лы-
ғы мен халық композиторы Ықылас Дүкен-
ұлының есімі беріліп, ендігі жерде Ықылыс
атын дағы Халық музыка аспаптары мұра-
жайы аталды.
Екіншісі – 1981 жылы мұражай ша ңы ра-
ғында ұйымдасқан «Сазген» ансамблі 2003
жылдан бастап «Сазген сазы» аталды. Соны-
мен мұражайдың да «Сазгеннің» де атаулары
өзгерді. Ал ХХ ғасырда қазақ ас паптану ғы-
лы мының негізін салған Ахмет Жұбановтың
жо лын жалғастырушы Болат Сарыбаевты,
мұ ражайларды, ансам бль дер ді ұйым дас-
тыруға ұйытқы болған Өз бек әлі Жәнібековті,
«Шертер» ансам б лі нің алғашқы көркемдік
жетекшісі Қайыр жан Мақановты, осы сұх бат-
қа қатысушы менің де «Сазген» ансам б лі нің
тұңғыш көркемдік жетекшісі, мұ ра жай дың
тұңғыш директоры болғанымды жазу бү гінгі
жас ұрпақтың еншісінде деп ойлай мын.
– Жарқын аға, әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен Ағанас ТОРАЙҒЫРҰЛЫ
– Фонограммаға біржола тыйым салу дәл қазір мүмкін емес те
шығар. Бірақ солай болған күнде де, қай концерттің қалай өте тіні
жұрт шылыққа алдын ала хабарлануы керек деп ойл ай мын. Мы-
салы, фонограмма пайдаланылатын концерттің билет бағасы да
арзан болуы тиіс. Естуімізше, шетелде ежелден солай. Тіпті қазір
төрт кіл дүние түгелдей фонограммадан бас тар тып жатыр. Дайын
жазбаны тыңдау үшін концертке бару деген – оларда күл кілі нәрсе.
Себебі ондай таспаны үйде жатып-ақ тыңдауға болады емес пе?
Рас, батыстың технологиялық мүмкіндіктерінің деңгейіне же ту
үшін бізге айтарлықтай уақыт керек. Жанды дауыспен өтетін кон-
церт терді теледидарға сапалы түсіруге мүмкіндік бола бер мей ді.
Ән шілеріміз фонограмманы тек сондай кездерде ғана пай даланса
бір сәрі ғой. Бірақ олар қажетті-қажетсіз, орынды-орын сыз деп
қара майды, кез келген жерде фонограммамен айта ды. Онсыз тіпті
күн көре алмайтын болды. Бұл – әрине, көз бояу шылық, халықты
кө пе-көрнеу алдау. Бұлай жалғаса берсе, сту дияда жазылған әнге
әб ден бойы үйреніп алған тыңдарман бара-бара жанды дауысты
қа былдамауға көшеді. Шоу-бизнеске әбден кірігіп, ән өнерінің
ажы рамас бөлігі тәрізденіп кеткен фо но грамма өнерді ойыншыққа
ай налдырып барады. Сондықтан бір ден болмаса да, әнді фо но-
грам мамен айтуды біртіндеп шектеу өте қажет.
Дайындаған Роза РАҚЫМҚЫЗЫ
БЕЙТАРАП ПІКІР
Шаттық АЙТЖАНБАЙ, мұғалім:
Тосын келген қолды тосын әрекетпен
ға
на тоқтатуға болатынын пайымдаған
Жә ңгір хан жанындағы жүрегі түкті батыр-
ларымен ақылдаса отырып, ашық шайқас-
қа шыға алмайтындығын, бұларға Са мар-
қант бегі Жалаңтөстің көмекке келіп жетуі-
не әлі де біраз күннің қарасы бар екенін
ай тып, соғыс тактикасын өзгертуді ұсынды.
Жаудың тосын әрі ұрымтал жерінен соғып,
біраз кідірте тұруға болатынын түсінген
атақты қолбасшы жер жағдайын жақсы
біле тін жергілікті батырларды көмекке ша-
қырды. Сөйтіп, Іленің өткелін үнемі кесіп,
қал
мақтың қалың жылқысын айдап,
барым та жасап жүрген Елтінді батырдың
көр се туімен қазіргі Орбұлақ белі (кейіннен
халық «Ордың бұлағы» деп атап кеткен)
жау дың бетін қайтаруға қолайлы орын
ретінде таңдалып алынады.
Соғыс болған жер – қорғануға, шы ғыс-
тан келген қарақұрым қолды қай мық пай
қарсы алуға өте сәтті таңдалған орын. Өйт-
кені күнгей беті 400-500 метрлік биіктікте-
гі тау сілемі, оған атты әскер түгіл, жаяу
адам да шыға алмайды. Тым тік орналасқан.
Теріскейі – Үш судың құй ғаны аталатын
арын ды өзен. Өзен жаға сы құламалы жар,
құз. Ал жау бетінің алды Қос қолаңның та-
рылып біткен, сәл еңіске құлдилай тартып
барып көтерілген жері. Осындағы көлденең
жатқан белді таңдаған Жәңгір хан әскері
тау мен құздың арасындағы тар өткелектен
ұзындығы үш шақырымға жуық оқпана
қазған. Осы оқпанаға 300 мергенді қалды-
рып, Қара сай мен Ағынтай батырлардың
қо лын және Жәңгір хан өзінің айна ла сын-
дағы батыр ларды Орбұлақтың желкесінен
төніп тұрған Қызылқия тауының ішіне
жасы рады. Тосын шабуылдан қорғануға
еш да йындығы жоқ қоңтайшы әскері жер-
дің шаңын шығарып, Жарбұлақты жағалап,
Ор бұлаққа құлай берістегі сайға лықси
төгіліп, өрге көтерілгенде маңдайын тасқа
соққандай әсерде қалды. Қарсы алдары-
нан зуылдаған, ысқырған жебелер ес жиып
үлгергенше талай сауыттың көбесін сөгіп,
қоғадай жапырып тастаған еді. Бір-біріне
сең дей соқтығысқан қалың әскердің сол
қа наты Шыңғырлаудың құзына құлап, өз-
ді гінен мертігіп жатса, батысынан шепті
бұза-жара кіріп, оңды-солды сілтеген Қа-
ра
сай мен Ағынтай батырлар бастаған
қазақ жауынгерлерінің қылышынан қал-
мақ өліктері тау болып үйіле бастаған-ды.
Жәңгір жасағынан мұндай тосын әрекетті
күтпеген Батыр қоңтайшы шерігіне шегіну-
ге бұйрық береді. Бұл уақытта жарқылдаған
алмас қылыштар мен ысқырған жебелер
10 мыңға жуық жоңғардың жанын жәһан-
намға аттандырып үлгерген болатын.
Барын түгендеп, қайтара соққы қыл-
мақ қа әрекеттенген Батыр қоңтайшы тағы
да келеңсіз жайтқа тап болады. Бұл жолы
Орбұлақ белінде бұларды ұлтарақтай же-
рін жауға таптатпауға ант еткен 600 батыр-
мен бірге Самарқант әмірі Жалаңтөс ба һа-
дүр дің 20 мың жасағы күтіп тұрды…
«Он бір мың бес жүз адамымнан айы-
рылдым, – деп мойындаған екен Батыр
қоңтайшы» (Қазыбек бек Тауасарұлы, «Түп
тұқияннан өзіме шейін»).
Орбұлақта оянған осы тарих енді мәңгі
халық жадында қалады. 600 әскермен 50
мың қолға қарсы шығып, жау қолын туған
жер төсінен түре қуып тастау да – тарихта
қайталана бермейтін ерлік. Қазіргі таңда
әрбір грек баласының 300 спарталықтың
ерлігін жатқа соғып, сол арқылы рухтана-
ты нын ескерсек, Орбұлақ шайқасы да жас-
та рымызды отансүйгіштік рухта тәр бие леу-
дің жарқын мысалы бола алатыны ақи-
қат.
Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ
ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ
Ордабасы кеңесі
Орбұлақтан басталған
Басы 1-бетте
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№197 (649) 5.11.2011 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
ДҮНИЕ-ҒАПЫЛ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Салық Зиманов есімін еншілеген білім ошағы
Академиктер отбасы
Әйгілі заңгер Салық Зимановтың көзі тірісінде оның есімін еншілеген білім
ошақтары бар ма?
Мереке БАЛИЕВА,
Алматы
Менің білгім келетіні, Салық ағаның отбасы, артында қалған
ұрпағы жайында айтып берсеңіздер?
Әлия,
Алматы
Иә, бар. Биыл академик Салық Зима-
нов тың 90 жылдық мерейтойына орай
бір қатар шаралар аталып өткен болатын.
2011 жылы 21-маусым күні Түпқараған
ауданы Форт-Шевченко қаласында жаңа
«Дарын» қосымша білім беру орталығы
ашылды. Ака демиктің 90-ға толуына орай,
аудан дық «Дарын» қосымша білім беру
орталы ғына атақты заңгер, көрнекті ға-
лым, Ұлы Отан соғысының ардагері Салық
Зимановтың есі мі берілді. 1932 жы лы 17
жастағы жас Салық Зиманұлы осы бі лім
ордасында еңбек жо
лын, мұғалімдік
қызметін бастаған болатын. Сондай-ақ
бұл білім ошағында академик Салық Зи-
манов атындағы дәрісхана, Салық Зима-
нов атында көрнекті мұражай бар. Соны-
мен бірге Ақтауда Ш.Есенов атын
дағы
Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университетінде Салық
Зиман ұлына арналған аудитория ашылған
болатын. 2011 жылы 31 қаңтарда Л.Гуми-
лев атын дағы Еуразия ұлттық универси-
теті, заң фа куль тетінде ҚР ҰҒА академигі
Салық Зи ма новтың атындағы аудитория
ашылды.
Салық Зиманұлының аяулы жары,
марқұм Шәрбан Батталқызы маман-
дығы бойынша — химик. Ол да өз
сала
сының білікті маманы, белгілі
ғалым, академик болған. ХХ ғасыр
тари хында Қазақстан ғылымында ер-
лі-зайыпты екі академик шыққан екі-
үш отбасы ғана болды. Бірі — Фазыл
Мұха медғалиұлы мен Нәйла Оразғұл-
қызы Базанованың отбасы, екіншісі
— Салық Зиманұлы мен Шәрбан Бат-
тал қызы еді. Шәрбан апамыз — өзі тек-
ті ата дан тараған, атақты Жарылғап
батыр дың ұрпағы. Салық Зиман ұлы-
ның артында үш баласы және немере-
лері қалып отыр. Үлкен ұлы Мұхтар —
авиа
ция саласының генерал-лейте-
нанты, бүгінде бизнес жолына түскен.
Одан Салық Зиманұлы екі немере сүйіп
отыр. Үлкен немересі Ермек — Амери-
када білім алып, қазір Астана қаласы-
ның белгілі бір мекемесінде озық заң
маманы. Қызы Гүлжамал – медицина
ғылымының докторы, ал екінші қызы
Меруерттің мамандығы – биолог, өз
саласының майталманы.
Төрт рет жараланған. Кеңес Одағы
әс керінің құрамында Кубань, Воронеж,
Харьков, Кировоград, Кременчук қала-
ларын азат етуге, Данциг, Кенигсберг
қалаларын алуға қатысқан. Осылайша,
Берлинге де жетіп, жеңіс туын қадауға
үлес қосты. Соғыс аяқталғаннан кейін бір
жыл дан соң С.Зиманов артиллериялық
полк штабының бастығы бола тұра әс-
кер
ден қайтты. Әскери зор еңбектері
үшін Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ор-
денімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «За
участие в героической обороне Кавка-
за», «За участие в героическом штурме
и взятии Кенигсберга» медальдарымен
және басқалармен марапатталған.
Армиядан елге оралған соң Гурьев об-
лыстық прокуратурасында тергеуші – аға
тергеуші (1946-1947), Қазақ ССР проку-
роры жанында маңызды істер бо йынша
тергеуші (Алматы, 1947-1948 жж.) бо-
лып еңбек етті.
Салық Зиманұлын Қазақстанның жо-
ғарғы заң білімінің және құқықтық
ғы
лымының патриархы деп атауы те-
гін емес. Өнегелі бар ғұмырын Қазақ-
станның саяси және құқықтық тарихын
зерттеуге арнады. 1948 жылы сырттай
Бүкілодақтық заң институтын бітіріп, ол
өзінің негізгі қызметін Ұлттық Ғылым
академиясымен байла ныс тырды, 1950
жылы аспирантураны тамамдап, заң
ғылымының кандидаты атан
ды. Канди-
даттық диссертациясының та
қы
рыбы
— «Бөкей хандығы және оның саяси-құ-
қық
тық құрылысы». Салық Зиманов
1961 жылы «ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ
ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ-
станның қоғамдық-саяси құрылысы»
деген тақырыпта докторлық диссерта-
циясын қорғады. Өмірі ғылыммен егіз еді.
1948-1952 жылдары Қазақ ССР Ғылым
академиясының Философия және құқық
институтында аға ғылыми қызметкер,
сектор меңгерушісі. 1952-1954 жылдары
– Алматы мемлекеттік заң институтының
директоры. 1955 жылдан – Қазақ мем-
лекеттік университетінің заң факультетінің
деканы. 1958-1969 жылдары – Қазақ
ССР Ғылым академиясының Философия
жә
не құқық институтының директоры.
1969-1995 жылдары – Қазақ ССР Ғылым
ака демиясының Философия және құқық
институты, кейіннен Мемлекет және құ-
қық институтының құрамына шық
қан
мем
лекет теориясы мен тарихы бөлі
мі-
нің меңгерушісі. 1976-1977 жылдары
– Қазақ ССР Ғылым академиясы Пре зи-
диу
мының бас ғылыми хатшысы. Қазақ
ССР-інің халық депутаты, ҚР Жо
ғарғы
кеңесі комитетінің төрағасы әрі Пре
зи-
диум мүшесі (1990-1995). 1996-2003
жылдары ҚР ҒА Мемлекет және құқық
институтының құрметті директоры. 1995
жылдан бері – Академиялық құқық
тық
ин
ститут – Қазақ академиялық уни
вер-
си
тетінің ректоры. 2004 жылдан бастап
өмі рінің соңына дейін – «Интеллектуал-
Па расат» заң компаниясының Бас дирек-
торы қызметін атқарды.
Ол әмбебап һәм энциклопедист ға-
лым, зерттеу жұмыстарының ауқымы
өте кең заң ғылымы мен қазақтың ілкі-
дегі үк ім-кесімдерін, дәстүрлі сот билігін
шебер ұштастырып, осы бағыттағы соны
зерт теулерге даңғыл жол салды.
230-дан астам ғылыми мақала жазып,
бірнеше іргелі зерттеулер мен еңбектерін
артына қалдырды. Үштомдық «Кеңестік
Қазақстанның мемлекеті мен құқығы та-
ри
хының» бас редакторы (1956-1964).
«Қазақтың ата заңдары – Древний мир
пра ва казахов» атты 10 томдық іргелі ең-
бек тің жетекшісі, бас редакторы әрі әзір-
леу шілердің бірі. Бүгінгі күні тоғыз томы
толық жарыққа шықты (2004-2009). 18
монографияның авторы, олар: «В.И.Ленин
и советская национальная государствен-
ность в Казахстане» (1970), «От освобо-
дительных идей к советской государствен-
ности в Бухаре и Хиве» (1976), «Общая
теория права и ее место в курсе теории
государства и права» (1979), «Россия и
Букеевское ханство» (1982), «Теоретичес-
кие вопросы советского национально-го-
сударственного строительства» (1987),
«Кон
ституция и Парламент РК» (1995).
«По
ли
тические взгляды Ч. Валиханова»
(в соавторе с Атишевым А.) (1968), «Те-
ория и практика автономизации в СССР»
(2001), «Государство и контракты в сфере
нефтяных операций» (2007), «Казахский
суд биев – уникальная судебная система»
(2008), «Казахский академический уни-
верситет и государственно-правовая на-
ука» (2008) және т.б.
Салық Зиманов Парламент қабыр ға-
сында Тәуелсіздікті нығайтуға зор еңбек
сіңірді. 1990 жылы С.Зиманов респуб-
лика Жоғарғы Кеңесінің депутаты бо-
лып сайланды және тез арада белсенді
заңнамашылар қатарына қосылды. Ол
Парламенттің бір комитетінің төрағасы
болып тағайындалды, Қазақ ССР мемле-
кеттік егемендігі туралы Декларацияның
жобасын дайындауда комиссияны бас-
қар
ды. Оның тікелей қатысуымен басқа
маңызды саяси құжат – «Қазақстан Рес-
публикасы мемлекеттік Тәуелсіздігі тура-
лы» Конституциялық заң дайындалды.
Ол мемлекеттің жаңа Конституциясының
жо басын дайындауда сарапшылар тобын
басқарды. 1994 жылы С.Зиманов екін ші
рет Жоғарғы Кеңестің XIII шақыр
ты
лы-
мының депутаты болып сайланды.
ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманұлы
Зиманов мемлекеттің өркендеуіне, отан-
дық ғылымның дамуына қосқан өл-
шеусіз үлесі үшін Президенттің бейбіт-
шілік және рухани келісім сыйлығының,
Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сый-
лық
тың иегері, «Па
расат» орденінің,
ғылым саласында Қа
зақстан Республи-
касы Мем
лекеттік сый
лығының иегері
атанды, Аты рау облы сының және Алма-
ты қаласының Құрметті азаматы атағы
берілді.
Жексенбі күні, яғни 6 қарашада сағат
10.00 ден 11.00-ге дейін Абай атын-
дағы Мемлекеттік ака
демиялық опера
және балет театрында заң ғылымының
док торы, Ұлттық Ғылым академиясының
ака
демигі Салық Зимановпен қоштасу
өтеді.
Тәуелсіз қазақ елінің Ата Заңын әзірлеуге
белсене атсалысып, ұлттық-мемлекеттік
құрылыс теориясы мәселелерін зерттеуде
жаңа ғылыми бағытты қалыптастырушы
ғалым Салық Зиманұлының өнегелі өмірі
мен мол мұрасы – мәңгілік ел жадында,
мәңгілік Қазақстанмен бірге жасай бер-
мек!
Жаныңыз жаннатта болсын, әз аға,
аңыз аға, абыз аға!
Құқықтық ғылымның патриархы еді...
– Біздің мемлекетімізде Тәуелсіз елі-
міз дің іргетасын қалаушы бірнеше алып
жүректі тұлғалар бар болса соның бірі де
бірегейі – Салық ЗИМАНОВ. Міне, осы
алып тұлғаның бақилық болуы бүкіл елдің
қабырғасын қайыстырып отырғаны хақ.
Әрине, ол кісінің орны біздің еліміздің та-
рихында ерекше болып қалады. Тоқсанға
қараған шағында дүниеден өткен Салық
Зиманұлы өз өмірінде келелі істер тынды-
рып кетті. Ол кісінің соңғы жылдары зерт-
теу жүргізген «Билер соты» жай лы еңбек-
тері қоғамды елең еткізбей қой мады. Ол
бұл еңбегінде қазақ хал қы ның бүкілұлттық
құрылымын сипаттады. Осы еңбегі арқылы
ұлтымыздың білікті, мығым, білгір ұлт еке-
нін айшықтап кетті. Салық ЗИМАНОВ – өзі-
нің алдына ізгі мақсат қойып, соның жо-
лында өнегелі іс тындырған, тереңнен ой
толғап, артына сөз қалдырған адам. Ака-
демик туралы сөз қозғағанымызда ада-
ми қасиеттің жоғары да айтылған ең биік
өл шем дерін нысанаға алғанымыз дұрыс
сияқ ты. Өйткені қазақ руханиятын зерттеу-
ді, оны дамытуды өзіне мақсат етіп, оларды
орындау жолында келелі істің өнегелі үл-
гісін көрсеткен оны «ақыл алыбы» деуі міз ге
толық негіз бар. Зиманов сияқты шы найы
зиялы жандар үшін өмірде рухани бай лық
тек жоғары деңгейден көрінері хақ.
Салық Зиманұлының ұлтжандылығы,
мемлекеттілігі, өзінің терең білімімен ұлт-
тық мемлекетті құру, дамыту, сақтау жо-
лындағы күресі, азаматтық ұстанымы біз
тәрізді ізбасарларына ерекше үлгі. Шы-
найы күрескер, көрнекті ғалым өзінің өр
жаратылысын өмірлік азаматтық бағдар-
ламасына айналдырып, тынымсыз тіршілік
етті. Оның ғылымдағы озық орны, ұста-
уа қыт тың көрігінен басылып шыққандай
сара сөзі, ауқымға сыя бермейтін жүрдек
ойы біздің көкірегімізде сайрап тұр. Алып
тұлғалы ел ағасын халқы әрқашан жа-
дында ұстарына мен сенемін... Өйткені ол
тек халық үшін еңбек еткен абзал азамат
еді... Ол өз ғұмырдариясында маңызын
жо ғалт қан жоқ, жоғалтпайды да...
«Салық Зиманов отандық заң ғылы-
мы ның дамуына, құқықтық мемлекеттің
қалыптасуына, тәуелсіз еліміздің өркен-
деуіне өлшеусіз үлес қосқан зиялы тұл ға
еді. Ол кісі шын мәнінде кісілік пен дана-
лықтың үлгісіндей, әділдіктің таразысын-
дай абыз ақсақалымыз болатын. Адамгер-
шілік қасиеттері мол, жаны жайсаң, жүрегі
кіршіксіз, абзал азаматтың елге сіңірген
ең бегі мен жарқын дидарын халқымыз
әр дайым жүрегінде сақтайды деп сене мін.
Оның ғылымдағы мол мұрасы мен ғиб-
ратты ғұмыры кейінгі ұрпаққа үлгі болуы
тиіс. Марқұмның топырағы торқа, жаны
жаннатта болсын», – делінген жеделхатта.
Достарыңызбен бөлісу: |