Адамның өмір сүру сферасына байланысты болып жататын дау-дамайларды – отбасылық, тұрмыстық, өндірістік, экономикалық, саяси, педагогикалық және т.б. деп бөледі
Адамның өмір сүру сферасына байланысты болып жататын дау-дамайларды – отбасылық, тұрмыстық, өндірістік, экономикалық, саяси, педагогикалық және т.б. деп бөледі .
Адамның өмір сүру сферасына байланысты болып жататын дау-дамайларды – отбасылық, тұрмыстық, өндірістік, экономикалық, саяси, педагогикалық және т.б. деп бөледі .
Дау-дамайдың конструктивті және деструктивті функциялары бар. Дау-дамайлардағы жағымды және жағымсыз элементтердің ара қатынасына байланысты оларды конструктивті, деструктивті және жағымсыз салдарлы бар деп анықтауға болады.
Дау-дамайлардың әр түрлілігі көп жағдайда олардағы себепті-мотивациялық байланыстармен анықталады. Осыны ескере келе, Н.В.Гришина өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде мынадай дау-дамай түрлерін бөліп көрсетті:
еңбек іс-әрекетінің алғашқы мақсаттарына жету барысындағы кедергіге қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
бірлескен еңбек іс-әрекетінің екінші жеке сипаты бар мақсаттарына жету барысындағы кедергіге қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
қарым-қатынас нормаларына сәйкес келмейтін немесе адамдардың күткен талаптарына жауап бермейтін мінез-құлыққа қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
еңбек ұжымы мүшелерінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайда болатын тұлғалық дау-дамайлар.
Дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері
Дау-дамайлардың пайда болу себептерін анықтау мәселесі олардың алдын алу мен конструктивті шешу жолдарын іздеуде айрықша орын алады. Дау-дамайлар дамуының қозғаушы күштерін білмей отырып, оларға тиімді реттеуші ықпал ету қиын.
Дау-дамай пайда болуының объективті факторлары. Дау-дамайлардың дамуына факторлар мен себептердің төрт тобының әсері болады: объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметті-психологиялық және тұлғалық. Дау-дамайлардың пайда болу факторларының алғашқы тобы объективті сипат алады. Ұйымдастыру-басқарушылық себептердің объективті-субъективтік шарттары бар. Дау-дамайлардың әлеуметті-психологиялық себептері субъективті-объективтік, ал даулы жағдайлардың тұлғалық себептері субъективті болады.