Дау –дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет


Дау-дамай пайда болуының объективті факторлары



бет3/6
Дата03.12.2023
өлшемі94,66 Kb.
#134044
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
f6079651c61c76

Дау-дамай пайда болуының объективті факторлары. Дау-дамайлардың дамуына факторлар мен себептердің төрт тобының әсері болады: объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметті-психологиялық және тұлғалық. Дау-дамайлардың пайда болу факторларының алғашқы тобы объективті сипат алады. Ұйымдастыру-басқарушылық себептердің объективті-субъективтік шарттары бар. Дау-дамайлардың әлеуметті-психологиялық себептері субъективті-объективтік, ал даулы жағдайлардың тұлғалық себептері субъективті болады.

Дау-дамайлар себептерінің объективті-субъективтік сипатын түсіну олардың алдын алу тәсілдерін анықтау үшін белгілі бір түрдегі дауларда адамдардың мінез-құлықтарының қолайлы стратегиясын жасау үшін пайдалы. Дау-дамайлардың объективті себептеріне субъективті факторлардың ықпалы аз болған жағдайда адамдардың мүдделері мен пікірлерінің, бағдарларының қақтығысуына әкелетін өзараәрекеттесу жағдайлары жатады. Объективті себептер дау-дамай алдындағы жағдайдың объективті компонентінің пайда болуына әкеледі.

Дау-дамайлардың субъективті себептері – оппоненттердің жеке психологиялық ерекшеліктерінен туындаған, олардың дау-дамайларды шешудің қандай да бір басқа тәсілінің орнына дәл осы даулы тәсілдітаңдауына әкелетін қарама-қайшылық.

Дау-дамайлардың объективті және субъективті себептерінің арасындағы өзара байланыстардың сипаты жайлы төмендегідей айтуға болады. Біріншіден, дау-дамайлардың объективті және субъективті себептерінқатаң бөлу, сонымен қатар оларды бір-біріне қарама-қарсы қою заңсыз. Екіншіден, сірә субъективті және объективті себептерге негізделмейтін дау-дамайлар жоқ шығар. Сондай-ақ даусыз тәсілмен шешуге болатын, объективті жағдайларға байланысты пайда болатын дау-дамай алдындағы жағдайды табу қиын. Кез-келген тұлғааралық дау-дамайда үнемі субъективті фактор қандай да бір рөл атқарады.

Орта буын басшыларының өзара қатынастарындағы тұлға аралық дау-дамайлардың 2000-нан астамын талдау дау-дамайдың көптеген объективті себептері бар екенін көрсетеді. Олардың ішінде анағұрлым жиікездесетіндеріне төмендегілерді жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет