Дауысты дыбыстар жүйесі Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге



бет1/3
Дата30.09.2024
өлшемі34,82 Kb.
#146243
  1   2   3
Байланысты:
Дауысты дыбыстар жүйесі


Дауысты дыбыстар жүйесі
Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.
Басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде жуан дауысты мен жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқандажақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет