Сөз соңындағы қ к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс келсе, олар ғ ,г –ге айналады.
Мыс: тарақ – тарағы
жүрек - жүрегі
Дауыссыз н мен ң
Ң әрпі сөздің басында кездеспейді.
Түбір мен қосымша
Сөз құрамы түбір мен қосымша.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.
Туынды сөз
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.
Қосымша
Қосымша жұрнақ , жалғау болып бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Түбірдің өзгеруі Қосымша жалғанғанда , кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.
Мыс: тарақ – тарағы
көлік - көлігі
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
Күрделі сөздер
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз.
Мыс: әке – шеше
ақсақал
Сарыарқа
жеті жары
Біріккен сөздер
Кейбір сөздер екі түбірден құралады.Оларды біріккен сөз дейді.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем
дейміз.
Жалаң және жайылма сөйлем
Жай сөйлем жалаң,жайылма болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Қаратпа сөз
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздерді қаратпа сөз дейді.
Тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.
Сөйлемдегі бастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.Сұрақтары:қандай?кімге?неге?қашан?қайда? т.б.
Мәтіннің түрлері
Әңгімелеу: не істеді?
Пайымдау: неліктен?
Сипаттау: қандай?
Қыстырма сөз
Өздері сөйлем мүшелері болмайтын ,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлемнің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді қыстырма сөз дейміз.
Сөз таптары
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді:зат есім,етістік,
сын есім,сан есім.
Зат есімнің көптік жалғауы
Зат есім жекеше ,көпше түрде айтылады.Заттардың көп екенін білдіру үшін түбір сөзге -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер жалғанады.Бұлар көптік жалғауы деп айтылады.
Етістік І, ІІ, ІІІ жақ болып, жекеше, көпше болып, осы шақта, өткен шақта, келер шақта жіктеледі.
Зат есімнің тәуелдік жалғауы
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз.
Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады.
І жақ менің біздің
ІІ жақ сенің сендердің
сіздің сіздердің
ІІІ жақ оның олардың
Етістіктің шақтары
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді.Етістіктің үш шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ
1. Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? не істеп отырмыз? не істеп отыр? деген сұрактарға жауап береді.
2. Өткен шақ етістіктер не істедім? не істедің? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.
3. Келер шақ етістіктер іс-әрекеттін алдағы уақытта болатынын білдіреді. Келер шақ етістіктер не істеймін? не істейміз? не істейді? деген сұрақтарға жауап береді.
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.
Болымды және болымсыз етістік
Етістік болымды (сөйле, сыз) және болымсыз (сөйлеме, сызба) болып бөлінеді.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады: ақ сары, көк ала.
Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз: таза, әдемі.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз:білімді,өнерлі.
Қарсы мәндес сын есім
Мағыналары бір біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз: қалың – жұқа.
Дара және күрделі сан есім
Сан есім дара және күрделі болады.
Дара сан есім бір сөзденқұралады.
Күрделі сан есім екі немесе одан да көпсөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады: жиырма бес, екі жүз елу жетінші.
Есептік және реттік сан есім Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді.Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз: екі, бес, жеті.
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз: -ншы, -нші, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Жіктеу есімдіктерінің септелуі Мен, біз, сен, сіз, ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады.Жіктеу есімдіктері жіктеледі, септеледі.
Үстеу Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.Үстеулер қашан?,қайда?,қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
Үстеудің түрлері Қашан? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді мезгіл үстеулері дейміз.
Қайда? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді мекен үстеулері дейміз.
Қалай? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді сын-қимыл үстеулері дейміз.
Шылау Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз. Шылаулар:мен (бен, пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ.
Шылау және қосымша Қосымша сөзбенбірге жазылады, шылау бөлек жазылады:Сен бүгін онда барма. Сенде аңдар туралы кітап бар ма?
Шылаудын түрлері
Да (де), та (те) шылаулары
өзі тіркескен сөзіне әр түрлі қосымша мағыналар үстейді.
Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да (де), та (те) шылауларының арасына үтір қойылады : Жақын жерде өзен де, көлде бар.
Бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында келгенде ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Көше бойында сұлу да сұңғақ көк теректер бой түзеп тұр.
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауында тұруын қажет етеді. Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін (шейін) шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі.
Қой(ғой),қана(ғана),-ақ шылаулары
өздері қатысты сөздеріне өтініш ,шектеу,даралау т б мағыналар үстейді.
Қой(ғой) шылауы өзі қатысты сөзбен бірге ш болады.
Өзі тіркескен сөзден –ақ шылауы дефис арқылы бөлініп жазылады.
Одағай
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл –күйін білдіретін сөзді одағай дейміз.
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді,сөйлем мүшесі болмайды.
Есте сақтап жазуға дайындық
Мәтінді оқы.Не туралы оқығаныңды көзіңе елестет.
Мәтіннен жазылуы қиын сөздерді тап.
Жаттаған мәтінді іштей қайтала.Сөздерді және тыныс белгілерін ойша «оқы».
Жазу барысында сөздердің мағынасын ғана емес ,олардың жазылуын да есте сақтауға тырыс.