Дауысты дыбыстар



Дата01.05.2022
өлшемі29,75 Kb.
#33005

Қазақ тілінде 40 дыбыс, 42 әріп ,

2 таңба ь,ъ ,

15 дауысты, 25 дауыссыз дыбыс бар.



Дауысты дыбыстар: (15)
А , ә , о , е , ы , э , я , и , ю , ө , ү , і , ұ , (у), ё .



Дауыссыз дыбыстар: (25)

Б , в , г , ғ , д , ж , з , й , к , қ , л , м , н , ң , п , р , с , т , ф , х , һ , ч , ш , щ , ц , (у) .





У дыбысының дауысты және дауыссыз айтылуы

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген У дыбысы дауыссыз болады.


Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген У дыбысы дауысты болады.

Дауысты дыбыстар:




Жуан дауысты дыбыстар:


Жіңішке дауысты дыбыстар:

а , о , ы , ұ


ә , ө , і , ү , е






Дауыссыз дыбыстар:


Үнді

Ұяң

Қатаң

л,м,н,ң,р,й,

(у)


б,в,г,ғ,д,ж,з

к,қ,п,с,т,ф,х,

һ,ч,ш,щ







Бас әріптен басталып жазылатын сөздер
Кісінің аты – жөні ,жер – су аттары үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылады.

Дыбыс пен әріп
Дыбысты айтамыз,естиміз.

Дыбыс әріппен таңбаланып жазылады.


Әріпті көреміз,жазамыз.




Буын.Тасымал

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.


Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.

Сөйлем

Сөйлем сөзден құралады.

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлемдегі сөздер өзара мағыналық байланыста болуы керек.



Зат есім
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.

Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.



Сын есім
Заттың түрін, түсін ,сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.




Сан есім

Заттың санын , ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.


Етістік

Заттың іс – әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.


И, Я ,Ю әріптерінің жазылуы

И дыбысының алдында ы , і естілгенімен ,олар жазылмайды.

Сөзде йа дыбыстары естілгенімен ,жазуда олардың орнына Я әрпі жазылады.

Сөзде йу дыбыстары естілгенімен ,жазуда олардың орнына Ю әрпі жазылады.


Дара және күрделі етістік

Етістіктердің дара және күрделі түрлері болады.



Дара етістік бір сөзден тұрады.

Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөзден тұрады.

Дауыссыз б мен п

Сөздің соңында б естілгенімен , п әрпі жазылады.

П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,

п дыбысы б – ға айналады.

Мыс: мектеп – мектебі


Дауыссыз қ мен ғ, к мен г

Сөз соңындағы қ к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс келсе, олар ғ ,г –ге айналады.

Мыс: тарақ – тарағы

жүрек - жүрегі





Дауыссыз н мен ң

Ң әрпі сөздің басында кездеспейді.


Түбір мен қосымша

Сөз құрамы түбір мен қосымша.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.



Туынды сөз

Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.



Қосымша

Қосымша жұрнақ , жалғау болып бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.



Түбірдің өзгеруі
Қосымша жалғанғанда , кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.

Мыс: тарақ – тарағы

көлік - көлігі


Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.

Күрделі сөздер

Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз.

Мыс: әке – шеше

ақсақал


Сарыарқа

жеті жары



Біріккен сөздер

Кейбір сөздер екі түбірден құралады.Оларды біріккен сөз дейді.

Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

Мыс: балмұздақ

аққу


Біріккен сөздердің жазылуы

Жер – су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.

Мыс: Сарыөзек

Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.

Мыс: Жұма + Әділ = Жұмаділ


Мәтін.

Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады.

Мәтіннің басы, негізгі бөлімі ,соңы болады.



Сөз және оның мағынасы

Сөз белгілі бір мағынада айтылады.

Кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болады.

Кейбір сөздер мәндес болады.

Кейбір сөздер қарсы мәндес болады.




Қысқарған сөздер
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады.Оларды қысқарған сөздер дейміз.
Мыс: ҚР ,АҚШ



Сөз тіркесі
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.
Мыс: тез оқу ,мектеп оқушысы



Хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдер

Бір нәрсе туралы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.

Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.

Адамның көңіл –күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.

Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.




Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем

дейміз.




Жалаң және жайылма сөйлем

Жай сөйлем жалаң,жайылма болып екіге бөлінеді.

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.




Қаратпа сөз

Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздерді қаратпа сөз дейді.





Тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелер

Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.

Сөйлемдегі бастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.Сұрақтары:қандай?кімге?неге?қашан?қайда? т.б.



Мәтіннің түрлері

Әңгімелеу: не істеді?

Пайымдау: неліктен?

Сипаттау: қандай?

Қыстырма сөз

Өздері сөйлем мүшелері болмайтын ,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлемнің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді қыстырма сөз дейміз.





Сөз таптары

Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді:зат есім,етістік,



сын есім,сан есім.


Зат есімнің көптік жалғауы

Зат есім жекеше ,көпше түрде айтылады.Заттардың көп екенін білдіру үшін түбір сөзге -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер жалғанады.Бұлар көптік жалғауы деп айтылады.


Етістіктің жіктелуі

Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз.

Етістік І, ІІ, ІІІ жақ болып, жекеше, көпше болып, осы шақта, өткен шақта, келер шақта жіктеледі.





Зат есімнің тәуелдік жалғауы

Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз.

Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады.

І жақ менің біздің

ІІ жақ сенің сендердің

сіздің сіздердің

ІІІ жақ оның олардың


Етістіктің шақтары

Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді.Етістіктің үш шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ

1. Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? не істеп отырмыз? не істеп отыр? деген сұрактарға жауап береді.

2. Өткен шақ етістіктер не істедім? не істедің? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.

3. Келер шақ етістіктер іс-әрекеттін алдағы уақытта болатынын білдіреді. Келер шақ етістіктер не істеймін? не істейміз? не істейді? деген сұрақтарға жауап береді.


Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.




Болымды және болымсыз етістік

Етістік болымды (сөйле, сыз) және болымсыз (сөйлеме, сызба) болып бөлінеді.

Болымсыз етістік болымдыға –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: үзбе, ерінбе, тиме.



Дара және күрделі сын есім

Дара сын есім бір сөзден тұрады: қызыл, қою.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады: ақ сары, көк ала.

Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.



Негізгі және туынды сын есім

Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз: таза, әдемі.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз:білімді,өнерлі.




Қарсы мәндес сын есім

Мағыналары бір біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз: қалың – жұқа.



Дара және күрделі сан есім

Сан есім дара және күрделі болады.



Дара сан есім бір сөзден құралады.

Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады: жиырма бес, екі жүз елу жетінші.



Есептік және реттік сан есім
Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді. Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз: екі, бес, жеті.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз: -ншы, -нші, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.





Есімдік

Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз.

Есімдіктер: мен, сен, біз, сіз, ол, өзі, бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы т.б.



Жіктеу есімдіктерінің септелуі
Мен, біз, сен, сіз, ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктері жіктеледі, септеледі.




Үстеу
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.Үстеулер қашан?,қайда?,қалай? деген сұрақтарға жауап береді.



Үстеудің түрлері
Қашан? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді мезгіл үстеулері дейміз.

Қайда? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді мекен үстеулері дейміз.

Қалай? сұрағына үстеуіне жауап болатын үстеулерді сын-қимыл үстеулері дейміз.



Шылау
Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз. Шылаулар:мен (бен, пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ.




Шылау және қосымша
Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады: Сен бүгін онда барма. Сенде аңдар туралы кітап бар ма?

Шылаудын түрлері

Да (де), та (те) шылаулары

өзі тіркескен сөзіне әр түрлі қосымша мағыналар үстейді.

Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да (де), та (те) шылауларының арасына үтір қойылады : Жақын жерде өзен де, көлде бар.

Бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында келгенде ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Көше бойында сұлу да сұңғақ көк теректер бой түзеп тұр.



Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауында тұруын қажет етеді. Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін (шейін) шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі.


Қой(ғой),қана(ғана),-ақ шылаулары

өздері қатысты сөздеріне өтініш ,шектеу,даралау т б мағыналар үстейді.



Қой(ғой) шылауы өзі қатысты сөзбен бірге ш болады.

Өзі тіркескен сөзден –ақ шылауы дефис арқылы бөлініп жазылады.







Одағай

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл –күйін білдіретін сөзді одағай дейміз.

Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді,сөйлем мүшесі болмайды.


Есте сақтап жазуға дайындық

  • Мәтінді оқы.Не туралы оқығаныңды көзіңе елестет.

  • Мәтіннен жазылуы қиын сөздерді тап.

  • Жаттаған мәтінді іштей қайтала.Сөздерді және тыныс белгілерін ойша «оқы».

  • Жазу барысында сөздердің мағынасын ғана емес ,олардың жазылуын да есте сақтауға тырыс.

Мәтінді қалай дұрыс көшіріп жазу керек?


  • Сөйлемді оқы,мағынасын түсініп ал.

  • Жазбас бұрын әр сөзді жазылуы бойынша айт.

  • Жазу барысында сөзді іштей буынға бөл.

  • Жазған әрбір сөзді үлгімен салыстыр.

  • Мәтіндегі сөйлемдерді осылайша жаз.

  • Барлық жазғаныңды оқулық арқылы тексер.





Тіл және сөйлеу

Сөйлеу не үшін қажет? Ол не арқылы жүзеге асады?

сөйлеседі

хабар береді

Тіл арқылы








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет