Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б. Соңғы буынында ы, і әріптеріне бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б. Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б. Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді, де қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып табылады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |