Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылу ерекшеліктері



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі77,39 Kb.
#15841
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тилдик билим презентация

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді: 1.Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш; 2.Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з; 3.Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.

Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылыгы дауыс алғашкысына (б) аздап қатысады да, екіншісіне (п) қатыспайды.Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшіліктер бар. Атап айтканда, б фонемасы сөздін басында (6258 сөз, қ, т-дан кейін үшінші орында), ортасында актив колданылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңгы позицияда б жазылғанымен (арап, гардероб, куб, клуб, ромб, прораб, штаб) оның айтылуы п болады. Сондыктаң да бұл сөздерге жалғанатын косымша қатаңнан (арабка, клубка, штабпен, штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын (991)сөздердің дені кірме болып келеді.


Жазылуы

Айтылуы

байым

Пайым

балуан

Палуан

бәле

Пәле

палау

Балау

пейіл

Бейіл

пенде

бенде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет