«dauletten қайырымдылық Қоры» жеке қоры



Pdf көрінісі
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#81565


«DAULETTEN 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» 
жеке қоры 
010000, 
Қазақстан Республикасы, 
Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, 
Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 21 үй, нп-20. 
БСН 200540013764 
Частный фонд 
«БЛАГОТВОРИТЕЛЬНЫЙ 
ФОНД DAULETTEN» 
010000, 
Республика Казахстан, 
г. Нур-Султан, район Сарыарка, 
ул. Ш.Косшыгулулы д.21, нп-20 
БИН 200540013764 
№ 28/03-001 28.03.2023 ж. 
 
ЖОО Ректорларына 
 
 
«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ – блогер, қоғам белсендісі
экономист Дәулет Төлеутайұлының бастамасымен құрылып, 2020 жылы 14 
мамыр күні ресми түрде ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Қор жұмысының 
басты мақсаты – әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді 
жастарға қолдау көрсету. Қор бүгінгі таңға дейін көпбалалы мұқтаж отбасыларға 
56 баспана, 100 білімді жасқа шәкіртақы, 700 отбасыға азық-түлік, пандемия 
кезінде 300 оттегі концентраттарын тарату, «Оқушыны қолда», «Мектепке 
дайындық» акцияларын, Балалар жылына орай «Зейінді 1000 бала» 
қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды және Тұңғыш ғарышкер, халық 
қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы дәрісхана ашты.
Қор білімге ұмтылған жандарды қолдау мақсатында 2019 жылдан бері 
«Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы тағайындап келеді. Биылғы жылы да 200 
студентке шәкіртақы тағайындау жоспарланып отыр. Шәкіртақы тағайындау 
мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік 
студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың 
заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда
ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді 
ынталандыру үшін беріледі. 
Жоғарыда аталған жобаның маңыздылығын ескере отырып, Сізден 
Сіз басқарып отырған жоғары оқу орны студенттері арасында аталмыш 
шәкіртақы туралы ақпарат таратуға қолдау көрсетуіңізді сұраймын.
Ереже қосымша тіркелген. 
 
«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ 
Қуандық Ж.Б. 
Директоры 
 
 
 
Орынд.: Аман Дина 
+7 708 238 95 39 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет