Сабақтың мақсаты: Студенттерді Болмыс мәселесімен және метафизикамен таныстыру. Жоспар



бет1/2
Дата23.10.2023
өлшемі32,34 Kb.
#120874
түріСабақ
  1   2

4 Дәріс. Онтология және метафизика.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді Болмыс мәселесімен және метафизикамен таныстыру.


Жоспар:
1.Болмыстың философиялық және физикалық түсініктері
2.Онтология категориялары
3.Адам болмысының экзистенциалдық негіздері.


Дүниенің болмысы, оның философиялық мәні.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтас нәрсе ретінде сақталтынын да анық аңғарады. Алайда қоршаған табиғи және әлеуметтік дүние бір қалпында тұрмайды, мезгіл-мезгіл адамдардың алдына шешуін іздеуді талап ететін алуан түрлі қиын мәселелер қояды, нақты тіршіліктің күңгірт жақтарына үңілуге мәжбүр етеді, қалыптасқан әдет-дағдыдан ілгері өтіп, мүлде басқаша ойланып-толғануға итермелейді. Бұл орайда бұрын бұрын бұлжымас әрі шүбәсіз болып көрінетін тіршілік негіздерінің іргесі сөгіліп, ыдырап, күдік келтіруі ерекше мәнге ие болады. Міне осындай өмір туғызған күдіктер мен толғаныстар адам санасына болмыс ұғымының қалыптасып, айқындалуына әкеледі. Мәселен, адамзат ақыл-ойының қолөнерінің біздің дәуірдегі шырқау дамуының нәтижесінде ядролық апат қаупінің туындауына байланысты миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келген адамзат қоғамының жер бетінде аман қалу-қалмау мәселесі баршамыздың алдымызда тұрғаны белгілі. Кейінгі кезде халықтар арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастыру барысында бұл қауіпті сейілтуге болатынына кез жеткізіп отырмыз. Немесе, жер құрлығының құрлығының «алтыдан біріне» ие болып, әлемді аузына қаратқан, дүниеге күш-қуатымен, айбарымен аты мәлім болған шынайы социализм құрылысын жүргізіп келген» КСРО мемлекетінің тарихи тұрғыдан алғанда «қас пен көздің арасында ыдырауы, қоғамда бірбеткей емін – еркін билеп – төстеп басқарып келген Компартияның саяси тұғырдан таюы, бұрынғы одақ құрылымындағы республикалар негізінде ұлттық тәуелсіз жаңа мемлекеттердің тарих сахнасына келуі, экономикалық, саяси дағдарыстар, ұлтаралық кикілжіңдер мен қантөгістер, т.б. болмыс туралы, өмірдің мәні жайлы, заманның сарыны жайлы әрбір адамды терең толғанып, көп ойануға жетектегені белгілі. Мәне осының бәрі дүниенің болмысы деген ұғыммен астасып жатқан мәселелер.
Әрине, болмыс туралы ой толғау дүние «бүгін бар», «осында бар» және «осылай бар» деген қарапайым түйіндермен ғана шектелмейтіні түсінікті. Себебі, дәл осы арада әлгілерде қоса дүниенің «өйткені мен ертеңі қандай?», «осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде де бар емес пе?» деген сияқты сұрақтар заңды түрде туындайды ғой. Осы сұрақтарға жауап қайтару барысында тарихта бірқатар философтар бұл шексіз дүние өкініші емес, әрқашан болған, бола береді деп тұжырымдады. Енді біреулер дүние болды, бар және бола ақыры бар деп түсінуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенің өмір сүруінің тұрақтылығы мен өткіншілігі туралы пікірлердің өзара қарама-қайшы қауышуынатүрткі болды. Ал бұдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен әрбір жеке заттардың, жеке адам өмірінің өткіншілігінің арақатынасы қандай деген келесі сұрақ туындады. Сөйтіп, болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.
Сонымен, болмыс мәселесінің бірініші, қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегімен топшыланады: не бар, не өмір сүреді? Дүние деген не? Ол қайда? Осында және басқа жердің бәрінде ол қашаннан және қалай бар? Қазір де бар, бұрын да болған және бола береді, ол түпкілікті делік. Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды? Олар шектеулі, ауыспалы? өткінші ме? Осыдан келіп тұтастық ретіндегі табиғат болмысының түпкілікті, тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші, көшпелі арасындағы қайшылықтардың өзара байланысты мен бірлігі шығады. Болмыс мәселесінің түбірі, оның күрделілігі, міне, осымен сипатталады. Басқаша айтқанда, дүние өмір сүру үрдісіне, болмысына біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым өзімен айтқанда «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық ретіндегі дүниенің болмысын бүкіл дүниеге бардың болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен дүниені құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтастылық тән.
Дүние тұрақты, нәрсе ретінде адамның санасынан тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді. Әрине, бұл тұтастықтың өзі алуан көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігіне табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Сонымен бірге оған заттар мен рухани құбылыстар, табиғат пен қоғам арасында, өзі мен басқа адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар мен өзгешеліктердің бар екендігі өзінен-өзі белгілі болады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттері бар ма, оларды не біріктіреді деген сұрақ алға тартылғанда, философтардың жасаған қорытындысы мынау: табиғат заттары, рухани құбылыстар (ой, пікір, т.б), қоғам және табиғат, түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған саяды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүерді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлінгін құрайды.
Сонымен, табиғат дүниесі болған, бар және бола береді: адам, қоғам пайда болғаннан бері бар, бола да бермек дейміз. Олардың бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, дүние өзінің өмір сүруі мен дамуының ішкі және объективті логикасы арқылы әрбір адамның санасы мен іс әрекеті үшін, әрбір ұрпақ үшін нақты ақиқат болып табылады. Ең маңыздысы – адам санасының өзі ерекше болмыс, ол да өмірдің шынайы, нақты процесі. Дүниеде бардың болуы, яғни табиғи заттар мен процестер, түрлі құбылыстар, адамның өз ақыл-ойы мен қолөнері арқылы табиғатты өзгертіп жасаған заттары мен құбылыстары, қоғамдық өмірдің сан-қилы қарым-қатынастары – бәрі әрбір адам үшін, оның санасы мен іс-әрекеті үшін ақиқат. Әрбір адамның іс - әрекеті басқа адамдар үшін және оның өзі үшін іс жүзіндегі нақтылы ақиқат. Әрқайсымыз өзіміздің тәнімізге, жан-дүниемізге, өткеніміз бен бүгінмізге және келешегімізге, басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасымызға ерекше ақиқат, айрықша болмыс ретінде қарайтынымыз рас. Ендеше, өмір сүру барысында тек заттық зүниенің ғана емес, рухани құбылыстармен де ақыл-ой, сана, көңіл күйі, жан сезімі – нақты ақиқат ретінде санасуға тура келеді.
Қысқасы, болмыс мәселенің үшінші қыры – дүниеде бардың, өмір сүретіннің бәрі – нақты ақиқат: бұл ақиқаттың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты бейнесін таба алады дегенге келіп саяды.
Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады: 1) дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді; 2) табиғи және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам – бәрі әртүрлі болғанымен тең өмір сүреді; 3) дүние-ақиқат және ол адамдардың санасы мен іс-әрекетінен нақты көрініс таба алады. Болмыс ұғымы заттар, процестер, құбылыстар қасиеттерін нақты түрде қамтымайды, өмір сүру фактісін белгілеумен ғана шектелмейді. Керісінше, олардың арасындағы жалпылық сипаттағы күрделі байланыстарды, тұтастығы мен бірлігін талдап қарастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың философиялық түсінігі арқылы абстракциялық ойлаудың биік деңгейіне көтерілеміз, табиғат пен адам, адам мен оның жан-дүниесі, рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан оқшауланамыз. Бұдан болмыс таза ой, идея екен деген пікір тумауға тиіс. Болмыс ұғымы арқылыы дүниенің бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, жалпылық әлемдік байланысты іздестіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет