ДЕБАТ
«2-спикер» Еркибаева Жасмина.
Позиция: Оппазиция.
Резолюция: «Балалар құқығын қорғау және қызығушылығын қорғау» Дефиниция: Баланың құқықтары – баланың заңды құқықтары. Философия: Философия Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Автор: Қасым-Жомарт Тоқаев. Жалғасы: Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып,оқушылар,студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.