38
тақырыптық алқабының кеңеюін, шеберлігінің шыңдалуын
айтамыз. Дәстүр әрдайым жаңашылдыққа келіп тіреледі,
жаңашылдық өзгеше формаға еніп, дәстүрдің қойнауынан
шығады да қайталай дәстүрге айналады. Дәстүр дегенімізді
көркем үлгінің жалғасуы, жаңашылдықты сол көркем үлгі
негізінде туындайтын көркемдік ерекшелік деп атауға болады.
Дәстүр мен жаңашылдық екі түрлі категория болғанымен де,
олардың арасындағы қарым-қатынастың болатыны ескермей және
сол байланыстың нәзік желілерін дұрыс сараламай өтуге
болмайды. Шығармашылық иесі қашан да дәстүрге сүйенеді.
Дәстүрге сүйену – қалыптасқан формалық, әдіс-тәсілдік
ерекшеліктерді сақтай отырып, жаңа идеялық-көркемдік
мазмұнға қол жеткізу. Ақын немесе жазушы дәстүр негізінде
жаңашылдыққа
қол
жеткізе
алмайтын
болса,
онда
шығармашылық иесінің таптаурын болған шарттылықтан шыға
алмауы, тіпті дарынсыздығы ғана емес, дилетанттығы деп қарауға
болады. Осы тұста зерттеуші Ә.Нарымбетовтың мына пікірін
келтіре кетуге болады: «Дәстүр мен жаңашылдық бір-бірімен
табиғи тамырлас... Әдебиеттегі жаңа құбылыс дейтініміз сол көп
жылғы тәжірибенің, көркемдік дәстүрдің озығы болуға тиіс».
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттен дәстүр және
жаңашылдық мәселесін қарастыру жаңа қоғам тудырған
әдебиеттің қаншалықты әдеби норманы жаңа биікке көтере алады
немесе өздеріне дейінгі әдебиет өкілдері қалыптастырған нұрлы
жолды жалғастыра білді, соны саралау болады.
Достарыңызбен бөлісу: