Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Әдебиеттер1,3,4,6,7,9, 10, 12,14,17,19, 24,27,31,36. 
 
№9 дәріс тақырыбы:
Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер 
және көркем образ. Образ және архетип. Шығарманы пайымдау. 
Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма
Дәріс тезисі: Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез 
келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп 
атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы 
халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер 


29 
мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін 
эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық 
және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс 
табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне 
байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана 
қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне 
жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған 
образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан 
түсіндіруді мақсат етеді.Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем 
шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз 
бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. 
Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа 
жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез 
келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. 
Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және 
құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.Образдың заттылығы бір 
сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, 
оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, 
көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, 
әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама 
мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, 
топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон 
Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, 
Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық 
образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи 
даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның 
компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, 
Ертедегі Шығыста түспалдау, астарлау жиі қолданылса, 
антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - 
барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік 
образ қалыптасты.Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: 
эпикалық; лирикалық; драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне 
қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, 
геройлық, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, 
теңеу,метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол 
кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, 
жаңарып отыратын категория Характер болмысы оның қоршаған 
ортамен қатынасынан, ой-арманынан, іс-әрекетінен көрінеді. Бұл 


30 
жөнінде Л.И. Тимофеев: «Адам әлеуметтік және ұлттық тұрғыдан 
анықталған, тарихи негізделген, өмірге деген өзінің жеке 
көзқарасы, өз өміртанымы, өз тілі бар мінез»,- дейді. Бұл пікірді 
З. Қабдолов та қуаттаған. И. Платонов мінез ұғымына «адамның 
әр түрлі жағдайда көрінетін ерекше белгілері жатады, – дей 
отырып, –... ол белгілер бір-бірімен өте тығыз байланыста болу 
керек» , - дейді. Бұл пікірде мінездің негізін анықтайтын өзек 
табуды көздейді, яғни жетекші мінезге меңзеп тұр. Бірақ мінезді 
анықтайтын жетекші нәрсе – әлі күнге дейін сұрақ күйінде қалып 
отырған мәселе. Бұл әдебиеттану ғылымынан гөрі психология 
ғылымының объектісіне жақын. Ал сөз өнері ғылымы негізінен 
мінездің 
бойындағы 
биологиялық 
негіздің 
қоғамдық 
қатынастармен байланысында қайсысының жетекші екендігін 
анықтаудан гөрі, оның қоршаған ортамен арақатынасына баса 
көңіл бөледі. Сонымен қатар сол қатынас қандай амал-
тәсілдермен бейнеленетініне де байланысты. Қазіргі әдебиеттану 
ғылымында характер мәселесі объективті өмірдегі әр түрлі 
жағдайлардың адам өміріне жасаған моральдық, рухани 
қысымына деген қарсылығымен де көрінген. Бұл көзқарас 
біршама еңбектерде арнайы зерттеу нысанасына алынған. Бірақ 
мінез бен жағдайдың арасындағы байланыс әлі күнге дейін 
арнайы қарастырылмаған. Ішінара атап айтқанда, ұлттық 
әдебиетімізде М. Әуезов, Н. Ғабдуллин, Р. Бердібаев, А. 
Нағыметов, Ш. Елеукенов, Б. Майтанов, Т. Есембеков, Е. Адаева, 
т.б. сияқты ғалымдар, ал орыс әдебиеттану ғылымында Л.И. 
Тимофеев, А.Н. Иезуитов, Д. Тамарченко, Е. Хализов, В. Петров, 
Д. Крамарска, Л. Лавров, Ю. Борев сияқты ғалымдар көркем 
шығарманың концепциясы тұтас алғанда «характер мен 
жағдайдың» байланысына қатысты екендігін атап көрсеткен. Бір 
назар аударатын мәселе – әр түрлі әдеби-эстетикалық 
бағыттардың өкілдері мінез бен жағдайдың өнерде бейнеленуін 
зерттей келе, олардың жеке-жеке ұғым емес, тұтас жүйе екендігін 
атап көрсетуі. «Жағдай» – сөз өнері ғылымында көп ретте 
көркемдік-эстетикалық ерекшелігі толық айқындала қоймаған 
әдеби категория. Табиғаты күрделі, қызметі сан қырлы ұғым. 
Көбіне жағдайды нақты қоғамдық ортамен ғана байланыстыру 
басым, оның көркем шығармадағы өзіне тән спецификасы идея, 
тартыс, орта сияқты негіздерге байланысты. Жағдай ұғымы 


31 
көркем шығармада автордың сол қоғамдық ортаның талап-тілегі 
бойынша қалыптасатын болғандықтан, сол қоғамдық-әлеуметтік 
кезеңге тән қасиеттерді өз бойына жинақтауы тиіс. Бірақ бұл 
көзқарас көркем шығарманың тұтас болмысын аша алмайды. 
Сондықтан қоғамдық жағдайды сөз еткенде алдымен оның 
көркем шығармадағы көркемдік-эстетикалық ерекшелігін ескеру 
әдебиеттану ғылымы үшін ең маңызды көрсеткіш болғаны тиімді. 
Қазақ көркем прозасы өз даму тарихында күрделі өзгерістерді 
басынан кешіргені белгілі. Қоғамдық жағдайлардың жиі ауысып 
отыруы 
ұлттық 
әдебиетіміздің 
сапалық 
өлшемдерінің 
тұрақсыздануымен, әр түрлі күштердің үнемі әсер етіп 
отырғандығымен де байланысты. Өткен ғасыр көркем прозасы 
өзінің астарына «мәңгілік тақырыптар» деп аталып жүрген (өмір, 
өлім, жақсылық, жамандық, жалғыздық, жатсыну) сияқты жағдай 
тудыратын ұғымдарды тұмшаламай, олардың адамға қаншалықты 
қайшылықты әсер ететінін де таразылап берді. Сондықтан да 
мына өмірде, қоғамда, табиғатта үстемдік етуші тәртіп пе 
болмаса, хаос па дейтін мәңгілік сұраққа жауап іздеу әлі де 
жалғасуда. Өмірдегі кейбір мағынасы тұрақты ұғымдардың 
мысалы жақсылықтың жамандыққа, дұрыстың бұрысқа айналып 
кетуі адамды тығырыққа тіреді. Кейде дәл осы тығырыққа тірелу 
қарама-қайшылықты өмірді танудың жаңа жағдайларын ұсынып 
отырды. Ол жағдайлардың өзі де сол идеологиялық жүйенің 
жасап беретін парыз, намыс, міндет, құндылық деген 
ұғымдарының желісіне байлаулы екенін айта кету керек. Осы 
негізде үнемі қарама-қайшылықтағы қоғамдық жағдайлардың 
көркем әдебиеттегі мінездің бейнеленуін көркемдік эстетикалық 
тұрғыдан зерттеу қызық әрі маңызды болуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет