«Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім негізіндегі күндізгі оқу түрінің қысқартылған оқу мерізімдері бойынша 1 курс студенті Абдигамитова Мадина Мухтаркызы



Дата07.05.2023
өлшемі1 Mb.
#90854
Байланысты:
5 тапсырма Тіл кемістіктерін топтастыру

Орындаған: Базарбаева Еркежан Кайраткызы Өскемен, 2023

Тіл кемістіктерін топтастыру


Логопедия ғылымында көп уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі — жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде болуы. Сонымен қатар сөйлеу тіл бұзылыстарының себептеріне деген ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болуы. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп, топтастыруды қиындатады. Сондықтан қазіргі таңда сөйлеу тілінің бұзылыстарын топтастыру мәселесі әлі де өзекті деуге болады.
Көп жылдар бойы логопедияда тіл кемістіктерін клиникалық негізде топтастыру кең орын алып келеді (М.Е.Хватцев, Ф.А.Рау, О.В.Правдина, С.С.Ляпидевский, Б.М.Гриншнин, т.б.). Клиникалық топтастыру тіл кемістіктерінің себептері мен белгілерінің негізінде жасалған. Бұл классификация бойынша сөйлеудің түріне байланысты ауызша және жазбаша тіл кемістіктері болып екі топқа бөлінеді.
Ауызша сөйлеу кемістіктерінің екі түрі болады:
  • тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы;
  • сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің толық жетілмеуі.

  • Тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін. Соған байланысты олар логопедияда белгілі терминдермен белгіленеді.

Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық-функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігінің (тембрінің), тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Синонимдері: мұрнынан сөйлеуі-палатолалия.

Дизартрия – жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айырылады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбінесе ол баланың тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.

Брадилалия – сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Синоним: брадифезия. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшаң, екпінді шығады да, сөйлем құрастырғанда қателер кездеседі. Кейбір жағдайда мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп есептеліп, мынандай терминдермен аталады: баттаризм, парафазия. Шапшаң сөйлеген кезде өздігінен кідіріп, мүдіріп, тоқтап қалу – полтерн деген терминмен белгіленеді.

Дисфония – (афония) – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, вокальдың бұзылуы. Бұл кемістіктің әртүрлі белгілері болады, фоноцияның мүлдем болмауы (афония) немесе дауыс күшінің, тембрінің, биіктігінің бұзылуы (дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап бәсең шығуы (фоностения).

Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының (зонасының) жастайынан зақымданудың әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, даму афазиясы, мылқау.

Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Сөйлеу тілінің жойылуы, жоғалуы. Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылады. Егер де мұндай бұзылу үш жасқа дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет