Дефект ұғымы – жетімсіздік, ақау бар екендігін білдіреді.
Біріншілік және екіншілік дефект туралы ұғымды Л.С. Выготский енгізді. Алғашқы кемістіктер қандайда бір биологиялық жүйенің патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдану мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Екіншілік кемістіктер біріншілік кемістіктен туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістігі, бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез – құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық- педагогикалық коррекцияға оңай бағынады. Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады.
Даму процесіндегі бірінші және екінші кемістіктер арасындағы биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеу негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни туынды кемістік бағыты төменнен төменнен жоғары болған жағдайда дер кезінде коррекциялық – педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып туынды кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын жасай бастайды. Патогендік әскерлер жоғарыдан төмен қарай бағытталады
http://emirsaba.org