Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз



бет13/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

Электродиализ. Бұл – диализ әдісін электр тогын пайдаланып, жеделдетілген әдіс. Әр түрлі үлгі бойынша құрастырылған электродиализаторлардың жұмыс істеу негізі бір. Ол ішкі қабырғалары жартылай өткізетін қабілеті бар кеуектен жасалған үш науадан тұрады. Осы үш науаның ортасындағысына тазаланатын коллоидты ерітінді, ал сыртқы екі науаға ағын су – еріткіш құйылады. Сырқы науа ішіндегі электродқа тұрақты ток кернеуі беріледі. Ондағы потенциал 2-5*103 В/м-деп кеміген кезде, коллоидты ерітіндідегі әрбір ион өзіне сәйкес келетін полюстегі электродқа қарай бағытталады. Кеуек арқылы тек иондар ғана өткендіктен, коллоидты ерітінді өзіндегі қосымша электролиттерден тазалана бастайды. Кәдімгі жй диализаторлардағы тазарту процесі тәуліктеп жүрсе, ал электродиализаторлардағы бұл процесс өте жылдам өтеді және еріткіш шығымы барынша азаяды. Соңғы кезде электродиализ әдісі биохимияда, медицинада, тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылуда.
4. Адсорбция процесінің термодинамикасын түсіндіріңіз.
Еріген немесе газ қалпындағы заттардың қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен жиналып, шоғырлана келіп, қоюлану құбылысын сорбция деп атайды. Әдетте өзіне басқаны сіңіруші затты – сорбент, ал оған сіңірілетін сорбтив деп атайды. Ал сорбцияға кері құбылысты десорбция дейді. Сорбтив бөлшектері сорбентке қаншалықты терең сіңіруіне байланысты және ондағы пайда болатын өзара әсермен байланыс күшіне, табиғатына сәйкес сорбция құбылысын қарастырады. Егер сіңіру дененің тек беткі қабатында ғана жүретін болса, онда оны адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін затты адсорбтив деп атайды. Адсорбция дегенiмiз eкi фазаның жанасу шегiндегi заттар концентрациясының өздiгiнен өзгеруi немесе әдетте бiреуi қатты зат болып келетiн eкi фазаның жанасу шегiндегi беткi қабатта бiр фаза концентрациясының жоғарылауы. Қалыптасқан терминологияға сәйкес бетiне басқа зат жинақталатынды - адсорбент, жинақталушыны – адсорбтив немесе адсорбат дейдi.
Адсорбция құбылысын түсіндіруге арналған бірнеше теория бар. Олардың бірі – физикалық теория. Бұл теорияға орай, адсорбция күш табиғаты молекулааралық күштердің пайда болуына сәйкес келеді Физикалық адсорбция теориясының бiрнеше түрлерi белгiлi. Олардың арасында 1915 жылы Ленгмюр ұсынған мономолекула­лық адсорбция теориясы едәуiр назар аударарлықтай Химиялық адсорбцияны немесе хемасорбцияны физикалық адсорбциямен салыстырғанда ол химиялық күш арқылы не соның көмегімен жүзеге асады. Адсорбцияның бұл түpi басқалардан мы­надай өзгешелiктерiмен оқшауланады: физикалық (адсорбция­ қайтымды құбылыс, ал хемосорбция қайтымсыз және физикалық адсорбция жылуы небәрi 8,4-33,5 кДж/моль шамасында болса, ал химиялық адсорбция жылуы бірнеше жүздеген кДж/мольге тең. Температура жоғарылаған сайын физикалық адсорбция төмендесе, химиялық адсорбция жоғарылайды. Химиялық адсорбция жүру үшін, оған біршама көбірек активтендіру энергиясы (40-120 кДж/моль) қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет