Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Аэрозольдерді бұзу тәсілдері, оның ерекшеліктері туралы айтып беріңіз



бет9/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

16.Аэрозольдерді бұзу тәсілдері, оның ерекшеліктері туралы айтып беріңіз.
Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады. Аэрозольдерді конденсациялық және диспергациялық тәсілдермен алады. Аэрозольдер коллоидты системалар сияқты жарықты шашыратады және олар Релей теңдеуіне бағынады. Аэрозольдердің қолданбалық орны ерекше мәнді. Аэрозоль күйіндегі инсектицид өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. Сол сияқты медицина мен парфюмериядағы кейбір дәрі-дәрмектер, препараттар тек аэрозоль күйінде қолданылады.
Аэрозольдер агрегативті тұрақтыз болса да, оларды бұзу проблемасы өте күрделі проблема. Аэрозольдерді бұзу қажеттілігін тудыратын негізгі проблемалар:
-атмосферадағы өндірістік зиянды аэрозольдерді тазарту.
-өндірістік түтіндерден бағалы өнімдерді сүзіп алу.
-жаңбырды жасанды жолмен жауғызу немесе бұлттар мен тұмандарды сейілту.
Аэрозольдерді келесі жолдармен бұзуға болады:
-ауа ағысы әсерімен немесе аттас зарядталған бөлшектер арқылы.
-седиментация
-ыдыс қабырғаларына диффузиялануы
-коагуляция
-дисперсті фаза бөлшектерін буландыру
Ең ежелгі тазарту құрылғысына түтін мұржасын алуға болады. Зиянды аэрозольдерді, атмосфераның жоғарғы қабатына жіберіледі. Себебі кейбір химиялық қосылыстар атмосфераның жоғарғы қабаттарында күн сәулесі әсерінен және әр түрлі реакциялар нәтижесінде зияны аздау заттарға айналады. (Мысалы, норильскідегі таулы-металлургия комбинатының үш каналды мұржасының биіктігі -420м)
Бірақ қазіргі кезде түтінді қалдықтар алдын ала тазартуды қажет етеді. Аэрозольдерді бұзудың түрлі әдістері бар, олардың барлығы да 2 сатыдан тұрады:
-біріншісі-дисперсті бөлшектері сүзіп алу, оларды газдан бөліп алу.
-екіншісі-бөлшектердің газды ортаға қайта түсуін болдырмау.


17.Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы туралы сипаттап жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет