Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»



бет1/4
Дата18.11.2023
өлшемі31,29 Kb.
#124722
  1   2   3   4

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.


Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңа технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»

  • Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.

  • Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.

  • Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.

  • Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.

  • Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.

«Не істей алу керек ?»

    • Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.

    • Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.

    • Әр сабақты жоспарлау.

    • Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

    • Оқу модулын құрастыру.

    • Оқу жобасының мазмұнын анықтау.

    • Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет