5-сынып І деңгей 1.Берілген тұрақты тіркестерінің мағыналарын түсіндір
Қас пен көздің арасында жоқ болды. Бетінен оты шықты. Ағаштан түйін түю. Қырға қабақ болу. Жүрегі зу ету. 2.Төмендегі тұрақты тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
Көзін жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасынан түсу. Көңіліне келу. ІІ деңгей 1.Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын жаз.
Санын соғып қалу –
Ит өлген жер –
Аузына құм құйылды –
Көзді ашып-жұмғанша –
Екі аяғын бір етікке тықты –
Жегенін желкесінен шығарды –
Ескі жараның аузын ашу –
Қой аузына шөп алмас –
Зәресі кету –
Сөзіне құлақ аспау –
Он саусағынан өнер тамған –
Ит терісін басына қаптау –
Үріп ауызға салғандай –
Төбеге жай түскендей –
Су жүрек –
Ала көзімен атты –
Арқасы мұздап қоя берді –
Дәм-тұзы жараспады –
Ереуіл атқа ер салу –
Иненің көзінен өткендей –
ІІІ деңгей 1. Тест сұрақтарына жауап бер.
1. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
A) Қала мен ауыл арасы.
B) Алты қанат ақ үй.
C) Ит терісін басына қаптады.
D) Көпке тараған күй.
E) Тез келді.
2. “Әсем” сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.
A) Азар да безер болды.
B) Тайға таңба басқандай.
C) Бетінен оты шықты.
D) Ай оңынан туды.
E) Қыздың жиған жүгіндей.
3. Тұрақты тіркесін көрсетіңіз.
A) Ырыс – алды ынтымақ.
B) бойшаң қыз.
C) ат ізін салмау.
D) туған жер.
E) түйме тағу.
4. “Төбесі көкке жету” тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
A) өкіну.
B) қуану.
C) ұйықтау.
D) ұшу.
E) ойнау.
5.Тұрақты тіркесін көрсетіңіз.
A) қоян жүрек.
B) адамның жүрегі.
C) жүрегі соқты.
D) жүрегі лүпілдеді.
E) жүрек ауруы.