5-сыныпқа ІІ «Ас адамның арқауы» - 5 сағат.
Ас –адамның арқауы. Дұрыс тамақтану режимі. Дастарқан жасау. Шай ішу. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру. Негізгі және көмекші есімдер.
1. Берілген сөдерден негізгі және көмекші сөздерді тауып, септік жалғауын қойыңыз.
1. Тамақ... алдында
2. Үстел... үстінде
3. Асқазан... ішінде
4. Сүт... қасында
5. Тұз... жанында
6. Тамақ... арасында
7. Асхана... артында
2. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз. 1) Денсаулықтың жақсы болуы ... . 2) Дұрыс тамақтану ... , ... . 3) ... , ... тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. 4) ... мен ... адамға өте пайдалы. 5) ... әбден шайнап жұту керек.
3. Дидактикалық ойын: « Егер де..- не болар еді?» - Егер де күн болмаса не болар еді? - Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді. - Егер де су болмаса не болар еді? - Шөптер құрғайды, шөлдейміз. - Егер де ауа болмаса не болар еді? - Дем ала алмаймыз.
4. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз. 1 Азық - түлік базарда, дүкенде сатылады. 2 Адам күніне бір рет тамақтану қажет. 3 Ас адамға күш береді. 4 Аста адамға қажетті дәрумендер жоқ. 5 Азық-түлік адамға қажет емес. 6 Ас - адамның арқауы
5.Тиісті жалғауларды қойып, тамақты қалай жеу керек екендігі жайында айтыңыз. 1. Нанды ортақ тәрелке ... қолымен басқа тілімдерге тимей, өз тәрелкесі.... салып, шетінен сындырып жейді.
2. Қуырылған тамақ ... пышақ пен шанышқыны пайдаланып жейді. 3.Күріш... шанышқы ... жейді. 4.Торт... дастарқан ... кесіп әкеледі? 5. Картоп пен көкөніс... сол қолға ұстаған шанышқы .... бөлшектейді, пышақ... картопты ұстап отырады.
ІІІ «Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз» - 5 сағат.
Тіл білу-өнер. Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі. Қазақ тілін үйрену жолдары. Туған тілде сыры терең жаным бар. Қазақ тілін үйренейік.Зат есім, оның түрлері.
1. Берілген нақыл сөзді оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажет екенін түсіндіріңіз.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр етте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әли)
2. «Тіл» сөзіне синквейін әдісін қолданыңыз.
1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
3. Өлеңнен қазақ тіліне тән дыбыстарын тауып талдаңыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім-жүрек үнім, наныңдар!
Нанабасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
4. Берілген сызба бойынша мәтін құрастырыңыз.
Қазақ тілін үйрену жолдары
Мектепте Арнайы Жеке тіл
тереңдетіп бағдарламамен курстарына бару
оқу оқу
ІV Күз көрінісі қандай әдемі?- 5 сағат
Күз көрінісі Абай Құнанбайұлы. Алтын күз. Күзде. Күзгі ау райы. Саябақта. Көмекші есімдер.
1. Осы суретті қолдана отырып, күз көрінісі деген тақырыпта диалог құрастырыңыз.
2. Мағынасына қарай дұрыс құрастырыңыз.
1. түн/ күн/ қысқарып/ күзде/ ұзарады.
2. Молшылықтың/ күз/ берекенің/ айы/ байлықтың.
3. Іші/ қала/сап-сары/толы/ жапырақтарға.
4. Ұша/ құстар да/ бастайды/ жылы/жаққа.
5. Құстары/ жыл/ жылы/ тізбектеліп ауып/ өлкелерге/ кетеді.
3. Венн диаграмманы толтырыңыз.
күзде жазда
4. Өлең жолдарындағы бос орындарды тиісті сөздермен толықтырып жазыңыз.
Сұр ... түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, ... тұман жерді басқан.
Білмеймін ... ма, ... ма,
Жылқы ... , бие қашқа, ... жарысқан.
5. «Күзде» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
V. Кітап-бағалы сыйлық» - 5 сағат.
Кітап - біздің досымыз. Кітап –жеміс ағашы. Кітап туралы мақал-мәтелдер. Кітапты күте білесің бе? Сапалық және қатыстық сын есім.
1. Мақалдың жалғасын табыңыз. 1. Күш білімде............................................ 2. Кітап ғажап дос.......................................................... 3. Наданмен қас болғанша............................................. 4. Мектеп -білім бесігі..................................................... 5. Кітап –білім бұлағы.................................................... 6. Кітап көзі жұмыққа арзан...........................................
2. Сын есімдерді мағынасына қарай ажыратыңыз.
Әдемі, арзан, сұлу,бағлы, ақшалы, білгіш, ашық, кең, пайдалы, жазғы, күзгі, сыйлы, биік, жылы, қызықты, дәмді, қымбат, күшті.
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, сын есімін табыңыз.
Кітап-білім бұлағы, білімнің қайнар көзі. Кітап қана мәнді білім бере алады, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді.Кітап дегеніміз алдынғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
4. Сын тұрғысынан ойлаңыз.
5. Кітапты күту ережесін жалғастырыңыз.
1. Мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
2. Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұста.
3. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма. 4. Кітап бетін және бұрыштарын бүктеме. 5. Кітапқа сурет салма.
VІ. «Маған спорт киімі керек»– 5 сағат.
Саулық –байлық негізі. Спорт киімі. Жолға шыққанда киетін киім. Жастардың киімі. Салауатты өмір салты. Сын есім оның түрлері.
1. Киімге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, сын есімді табыңыз.
1. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
2. Ескі киімді баптағаның
Жаңа киімді сақтағаның.
3. Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.
4.Ескі киім-жаңа киімнің қорғаушысы. 2. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірінді айтыңыз.
3. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.
1. Жолға шыққанда киетін киім ..., ..., ... болуға тиіс.
2. Желді жерде жұмыс істегенде киім ... тігілуі тиіс.
3. Ер кісі саяхатқа ... шыға береді.
4. Аяқкиім ... болу керек.
5. Суық кезде ... , күртеше киген дұрыс.
Керекті сөздер: пальто, ыңғайлы, арнаулы костюмімен, қолайлы,қарапайым, жинақы, қалың матадан.
4. Сын есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.
Үлкен, биік, қолайлы, жақсы, ұзын, қысқа, қымбат, арзан.
VІІ. «Ғаламтор маған не үшін керек?»-5 сағат.
Интернеттің шығу тарихы. Компьютер кереметі. Интернет құрылысы. Маil бағдарламасы. Әлеуметтік желіде ұзақ отырасың ба? Сын есімнің шырайлары.
1. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз.
-Интернет арқылы әртүрлі мәлімет тауып алуға болды.
-Интернетке қосылу үшін модем керек.
-WWW веб деп аталмайды.
-Интернет арқылы фотосуреттер жіберуге болмайды.
-Интернеттің пайдасы аз.
-Компьютерде көп отыру зиян.
-Интернет көптеген қызмет түрлерін ұсынбайды.
-Интернет арқылы пойызға билет тапсырыс беруге болады.
2. Берілген сөздерді бағанаға толтырыңыз.
Жай шырай Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай Асырмалы шырай
Сұлу, нәзік, сұп-сұлу, үлкендеу, тамаша, әсем, өте сұлу, сұлурақ,биік, біп-биік, сары, сап-сары, тым сары, өте ақ,қоңыр, көк, қоңырлау, қысқа, қып-қысқа, ұзын, ұзындау,ұп-ұзын, қоп-қоңыр,нәзіктеу,ең нәзік, өте ұзын.
3. Берілген сөздерге салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын жалғаңыз.
Сөздер Ырақ/ірек,рақ/рек Лау/леу, тау/теу, дау/деу
Жақсы
Аласа
Қысқа
Қатты
Жұмсақ
Сұйық
Жақын
Арзан
Қалың
4. Салыстыру түрінде 5 сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Менің мінезім жұмсақ, бірақ досымның мінезі жұмсақтау.
5. «Әлеуметтік желіде ұзақ отыруға бола ма? өз пікіріңізді айтыңыз.
VІІІ. «Электронды поштада қазақша сөйлесіп отырамыз»-5 сағат.
Электронды пошта. Электронды пошта –менің көмекшім.Өзгерген өмір. Әлеуметтік желілердегі мүмкіндіктер. Интернетті қолдану. Салыстырмалы шырай.
1.Тірек сызба бойынша электронды поштаны қолдану туралы шағын әңгіме құрастырыңыз.
Электронды поштаны тасымалдайтын ақпарат түрлері
Хат сурет бейнелік мәлімет бағдарлама дыбыстық мәлімет
2. Мәтінге сүйене отырып, диалог құрастырыңыз.
Өзгерген өмір.
Ғаламтор адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Неге? Оның себебі бар. Бұрын адамдар бір-біріне хат жазып, оның жауабын ұзақ уақыт күтіп жүретін болса, қазір бір-екі секундта хабарласып, досының, бауырының халін , жаңалығын біле алады.
Электронды пошта арқылы адамдар бір-біріне хабар жібере алады. Электронды пошта (ағылшын сөзі, түпнұсқасы-e-mail, яғни ағылшынша-electronik mail)- электронды хабарламаларды, хаттарды жіберу дегенді білдіреді. Электронды пошта арқылы тек мәтін ғана жібермейсің, ол арқылы фотосуреттерді, бейнероликтерді, файлдарды жібере аласың.
3. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шырайда қойыңыз.
Үлгі: Жақсы-жақсырақ.
Қоңыр, терең, тұщы, қатты, тамаша, әлсіз, ұзын, әдемі, толық, сұлу, үлкен, биік.
4. Берілген сөздерді пайдаланып, электронды пошта туралы әңгімелеңіз.
Электронды байланыс, сайттарды ашу, Интернет жүйесі, жедел ақпарат, пошта қызметі, хабарлама тасу, жаңа желі.
ІХ. «Электронды кітапхананы пайдаланамын»-5 сағат.
Электронды оқулықтар. Интернетте жасалатын жұмыстар. Ұялы телефон арқылы интернетке шығу. Интернет қызметтер. Интернет маған не үшін керек? Күшейітпелі шырай.
1. Сөздерге анықтама беріңіз, тиімділігін айтыңыз.
анықтамасы тиімділігі
Электронды кітапхана
Электронды кітап
Электронды пошта
2. Берілген сөздерді күшейітпелі шырайға айналдырыңыз.
Жасыл, биік, үлкен, әдемі, сұлу, алыс, жақын, жылы, қысқа, қызыл
3. Сын тұрғысынан ойлаңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.
жаңалықтарды
білу үшін достарым, туыстарыммен
құжаттарды хабарласу үшін