Тоғызыншы новелла. Әлдебір гаскондық әйелдің Кипр корольнің намысына тиюінің арқасында батыл жанға айналуы жайлы айтылған.
Элисса өз әңгімесін бастайды.
Өздеріңіз білетіндей қасиетті жерді Готфрид Бульонский жаулап алған болатын. Кипрдің бірінші королінің тұсында гаскондық әйел жаратушының табытына тәу етіп,қайтар жолда Кипрге аялдаған екен. Сол жерде қайдағы бір оңбағандар оның жанына батыра тіл тигізеді екен.
Оларға есе қайтарудың еш амалын таппай ашуланған ханым королге шағымданбақ болады. Сонда мұнысының бос әурешілік екенін корольдің қорқақ, босбелбеу екендігін. Тіпті өзіңе айтылған ауыр сөздерді де көтеріп жүре беретінің айтады. Бұл сөзді естіген ханым есе қайтарудан үмітін үзеді. Жанын жеңілдетіп алу мақсатында корольдің бейшаралығын бетіне баспақ болып жанына келеді. Көз жасын көлдетіп тұрып ханым: Әміршім мен сенің жанына келгенде өзімен көрсетілген жәбірдің орынын толтыруға келмедім. Басқа адамдардың айтуынша сен қорыққан төзгіш екенсін. Ендеше мағанда қорлыққа көнуді үйрет. Сенен тағылым алғаннан кейін менде қорлыққа төзгісіз болайын. Сен өте шыдамдысың ғой . Менде шыдайын дейді.
Сол кезде ылғи да салбырап, былжырап жүретін король ұйқысынан оянғандай сол сәтте селт етті. Әлгі әйелге қорлық көрсеткендерді қатаң жазалауды тапсырды. Сол күннен бастап король өз абыройы мен тәжінің абыройына тіл тигізетіндерді де жазалайтын болды.
Достарыңызбен бөлісу: |