Декамерон
Екінші новелла Джаннаттоның ақылына енген иудей Абрамның Римге барып ол жақтағы діндарларға көңілі толмай, Парижге келіп христан болуы жайлы айтылған.
Нейфилаға кезек келіп,өз ұяңдығымен,әдемілігімен ерекшеленген ол қуана келіседі. Содан әңгімесін бастайды.
Маған жеткен қауесеттер бойынша, Парижде Джаннатто ди Чивиньи деген бай саудагер өмір сүріпті. Ол рақымды, адал,әділетті адам болыпты. Өз саудасын ауқымды көлемде жүргізіпті. Абрам деген иудеймен жақын дос болыпты,олда өте бай саудагер ,әділде адал жан екен. Джаннатто оның осы бір әділ және адал бойындағы жақсы қасиеттерінің өзінің теріс дінді ұстағандықтан әлсіреп бара жатқанына қапаланыпты. Оның жанашыр досы Джаннатто бұған жол бермеуге тырысып, оның иудей дінінен шығып христан дініне көшуге кеңес бере бастайды. Ол оған өзің көріп жүргендей христиан діні дұрыс қасиетті болғандықтан өзінің қанат жайып,дамып жатқандығын . Ал Абрамның ұстаған дінінің керісінше біртіндеп ығысып, құрып бара жатқанын айтады. Оған өзіннің де көз жеткізе алатынын айтады
Иудей болса,өз дінінің қасиетті екенін және өлгенше осы дінмен кететіндігін ешкімде мені бұл діннен бастартқыза алмайтындығын айтады. Сонда да Джаннатто бұнымен тоқтамай арада біраз күн өткен соң осы әңгімесін қайтадан айтады. Бірақ бұл жолы саудагерлерде қалыптасқан дөрекілеу мінезбен христиан дінінің, иудей дінінен артық екендігін айтып,дәлелдей бастайды. Иудей өз дінінің парыздарын өте жақсы білетін және оған өте бекем болды. Сонда да ол Джаннаттоның дәлелдемелерін тыңдай бастады, бірақ та өз дінінен бас тартуды қаламады. Осылай идуейде келіспеді, Джаннатто да қайтпады. Бір күні иудей:Әй Джаннатто жарайды деді . Саған менің христиан болғаным керек екен:менің бір шартым бар. Мен әуелі Римге барып, сенің айтуын бойынша құдайдың жердегі нөкерлерін көрейін дейді. Сен менің осы дінді қабылдауым үшін сонша күн салдың, егер сенің айтқандарын менің кһзіммен көргендеріме сай болса мен қабылдаймын. Ал егер де олай болмаса мен осыған дейін қалай иудей болсам, сол күйі иудей болып қаламын деп айтады.
Осы сөздерді естігеннен кейін Джаннатто еңбегім еш кетпеді деп жүрсем,бос әурешілік екен. Егерде Абрам Римге барып сол жердегі дінбасыларының оңбағандықтарын көретін болса,онда Абрам ешқашан да христин дінің қабылдамайды. Қабылдағанның өзінде иудей дініне қайтып барады дейді.
Сосын ол Абрамға бар досым қарашы Римге барудың өзі қиын көп қаражатты қажет етеді. Ол жаққа барып не істейсің? -дейді. Осы жақта да дінбасылардың бар екенін, алыс жол жүріп онда барудың еш керегі жоқ екендігін айтады. Оның сөзіне Абрам мен саған сенемін Джаннатто, бірақ та мен сенің тілегінді орындау үшін жолға шықпақпын әйтпесе басқа жағдайда келіспейтінің айтады. Абрамның қайтпайтындығын көрген Джаннатто жақсы онда жолың болсын деп шығарып салады. Бірақ өзі іштей Римдегі сарайды көретін болса,оның христиан болмайтыны анық. Бірақ не де болса оны көндіре алмайтынын білгендіктен жарайды деп қалады. Атқа мініп иудей Римге қарай жолға шығады. Римге жеткенде осындағы иудейлер оны құрметпен қарсы алады. Ол өзінің мұнда келген себебін ешкімге айтпайды. Осындағы папаның басқа да дінбасыларының сарайдағы барша қауымның қалай өмір сүріп жатқандығын бақылай бастайды. Ол өзінің көрген, естігенін байыптай келе : Мұндағы жұрттың бәрі азғындық жасайды, күнәға батырытын бұзашылықтан тайынбайды, бірде-біреуінде ұят жоқ екен деген тұжырымға келеді. Сонымен қатар олардың ішкіш, қомағай екенін малдан еш айырмалары жоқтығын аңғарады. Осынын бәрін көріп,білгеннен кейін иудей Парижге қайтады . Парижге келгенін естіген Джаннатто оның христин дінің қабылдамайтының білсе де,онымен жүздесуге қуана барады. Джаннатто одан қалай болғанын сұрайды. Иудей еш ойланбай: Мүлдем ұнаған жоқ,оларды құдай ұрсын дейді . Неге десең:ол жақтағы діндарлар не қасиеттілігімен, не құдайшылығымен көзге түспейді, мейірім жоқ, қысқасы мен іліпаларлық ештеңе көре алмағаның айтады. Рим маған құдай жолындағы әрекеттердің ордасынан гөрі,арамдық ұялаған тамақ сияқты көрінді. Менің ұғынғаным-діннің тірегі мен діңгегі болуға тиісті сендердің әміршілерің мен оған қарайтын бақсыларын христиан дінің жоқ қылуға ұмтылады екен және оны барынша шебер жасайды. Алайда олардың көздегені болмай сендердің діндерін күн санап өркендеп ,тарап жатыр. Мен осыған қарап оның тірегі мен діңгегі қасиетті рух болып табылатындығына иландым. Мен христин болғым келмей көп қарсыластым, сенің үгіттеріңе де көнбедім. Ал енді ашығын айтайын мен христиан дінің қабылдауды ұйғардым дейді. Шіркеуге барады сол жерде Абрамды шоқындырады. Оның қабылдаушысы болған Джаннаттоға әпсәтте «Джованни" деген есім береді. Содан соң қадірменді жандар оған христиан дініне баулуды, қабылдауға шақыруды тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |