Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет2/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
4
тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында 
құлшылық етіп тұр. Міне, осылайша құлшылықтың 
хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, 
мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, 
діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы».
Қасиетті Құран Кәрімде былай айтылған: «Шын 
мәнінде, намаз барша азғындықтан, жағымсыз мінез 
бен жат әдеттен арылтады. Үнемі Алланы еске алып 
жүру – құлшылықтардың ең ұлысы». («Анкәбут» 
сүресі, 45-аят)
Ардақты Пайғамбарымыз да хадистерінің бірінде 
адамның рухани таза болуында намаздың рөлі маңызды 
екендігін былай жеткізеді. Ол (с.а.у.): «Сендердің 
араларыңнан бір адамның есігінің алдында өзен ағып,
сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қала 
ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жоқ қалмайды», – деп 
жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Судың 
кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз да күнәларды 
тазалайды»", - деген екен. (Бухари, Мауақит,6.)
Алайда, біз осы намазды қалай оқып жүрміз? Бүгінгі 
таңда осындай ұлы құлшылықты орындау тәртібіне 
байланысты түрлі пікір қайшылықтарына жол беріп 
жүргеніміз жоқ па? Бұл пікір қайшылығы негізінен намазды 
мәзһаб бойынша оқуға немесе мәзһаб атаулыны мүлдем 
ұстанбауға байланысты өрбіп жүргені өтірік емес қой. 
Мысалы, қайсыбір мұсылмандар: «Пайғамбарымыздың 
сөзі артық па, мәзһабтың «айтқаны ма?» немесе «Ханафи 
мәзһабындағы үкімдердің денін Әбу Ханифа өз ойынан 
шығарған, хадистерге мән бермейді» деп, сүннет пен 
мәзһабты екі түрлі жол етіп көрсеткісі келеді. Содан 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
5
келіп, елдегі мұсылмандар арасында алауыздық туып, 
ауызбірлікке сызат түсіп отыр. Құлшылықтарын ғасырлар 
бойы қалыптасқан діни жөн-жоралғы бойынша орындап 
жүргендердің көңілдерінде күмән пайда болғаны да 
жасырын емес. 
Сондықтан да, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
сүннетіне сай намаз оқу үлгісін түсіндіретін еңбектің 
қажет екенін ескере отырып, соның ішінде, Ханафи 
мәзһабы бойынша намаз оқудың үлгісін ықшамдап беруді 
жөн көрдік.
Негізінде, мәзһаб «жол», «бағыт», «көзқарас» деген 
мағыналарды білдіреді. Басқаша айтқанда, арнайы тәсілдер 
мен ережелер арқылы Құран мен сүннеттен алынған 
үкімдер мен көзқарастар жиынтығын «Мәзһаб» дейміз. 
Ендеше, мәзһаб ойдан шығарылған жол емес. Керісінше, 
Пайғамбар сүннетін ең сауатты түрде жүзеге асырудың 
сенімді мектебі. Әрине, шариғат үкімдерінің ең негізгі 
қайнар көзі Құран және хадис екені күмәнсіз. Алайда, 
онда айтылған әр сөздің бірнеше астары, терең мағынасы 
болуы мүмкін. Кей жағдайда хадистердің, бір қарағанда, 
бір-біріне кереғар көрінетін жерлері де бар. Сонымен 
қатар, хадистердің «сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», 
«хасан лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған», 
«мутауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб» сияқты сенімділігі 
жағынан әр түрлісін кезіктіресің. Үкім шығаруда олардың 
да әсері болмай қоймайды. Осыған байланысты кез келген 
адамның оларды терең талдап, аражігін ажыратып, шариғи 
үкім шығара алмайтыны анық. Сол себепті, Әбу Ханифа 
сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық (логика), 
ижма, қияс (қисын) сияқты, фиқһ негіздерін т.б. ислами 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет