Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет25/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
40
Неге кейбір мұсылмандар намазда 
қолды көкірек тұсына байлайды?
Жалпы, ешбір мәзһабта қол көкіректің дәл үстіне 
қойылады деген пәтуа да, нақты дәйек те жоқ. Қолды 
көкіректің үстіне қоюға байланысты келтірілген мына 
бір хадис нақты дәлел бола алмайды.
، ملسو هيلع للها ىلص للها لوسر عم تيلص : لاق رجح نب لئاو نع 
هردص ىلع ىرسيلا هدي ىلع ىنميلا هدي عضوو 
Уайл ибн Хужрдан риуаят етілген хадисте, былай 
деді: “Алла елшісімен бірге намаз оқыдым. Ол ( с.а.у.) 
оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірегіне бай-
лады
79
”. 
Бұл хадис Хузайманың «сахих» атты жинағында 
келтірілген. Хадисті риуаят етушілер арасында Муау-
уал ибн Исмағил деген кісі бар. Ибн Хажар өзінің 
«әт-Таһзиб» атты кітабында Имам Бұхаридің ол кісі 
жайында: «мұнкарул хадис», - дегенін келтірген. Яғни, 
«хадисі қабылданбайды» деген мағынада.
Ханафи ғұламасы, фиқһшы әрі хадисші Имам 
Заһаби мен хадисші Ибн Сағд: «Муаууал ибн Исмағил 
сүннетке берік, аса шыншыл. Алайда, (хадис риуаят 
еткен кезде) көп қателеседі»,–деп, оның осы кемшілігін 
айтып кеткен. Ал, хадисші Даруқутни болса: «Сенімді. 
79
Мұхаммед ибн Ысқақ ибн Хузайма, Сахиху ибн Хузайма 1-том, 243-бет. 
«әл-Мактабул-ислами» баспасы, Бәйрут, 1970 ж. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
41
Бірақ, жаттау қабілеті нашар» – деген. Сондай-ақ, 
Ибн әт-Түркмени, Әбу Хатым, Әбу Зәрға секілді хадис 
білгірлері де Муаууаль ибн Исмағилдің көп қателе-
сетіндігін айтқан. 
Байқағанымыздай, “Алла елшісімен бірге намаз 
оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолының үстіне 
қойып, көкірегіне байлады”, – деген хадис сахих емес. 
Өйткені, хадисті бізге жеткізген Муаууаль ибн Исмағил 
көп қателесетін әрі жады нашар болған. Ондай адамның 
айтқаны есепке алынбайды.
Муаууаль ибн Исмағил риуаят еткен аталмыш 
хадистің негізгі мәтіні Мүслімнің сахихында, Насаийдің 
сүнанында, Ахметтің мүснәдында, Тирмизиде, Ибн 
Мәжада, әд-Даруқутнида және әл-Байхақида да бар. 
Бірақ, олардың ешқайсысында «қолын көкірегінің 
үстіне қойды» деп айтылмаған. Тек «оң қолын сол қо-
лының үстіне қойды» деумен шектелген. Бұл жайлы 
Хафиз ибн Хажар «әд-Дирая фи тахрижи ахадисил-
һидая» атты еңбегінде: «...Алла елшісімен бірге намаз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет