Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
14
Намазға ниет ету
Намаздың басында намаздың қай түрін оқиты-
ныңызға іштей ниет етуіңіз шарт. Тілмен айту –
мұстахаб. Жамағатпен оқитын кісі имамға ұйытынына
да
ниет етуі керек
15
.
Намаз дегеніміз – құлшылық.
Пенденің құдіреті
күшті Құдайға еткен мінәжаты. Ал мінәжат пен құлшы-
лықты ықыласпен орындаудың маңызы зор. Бұған іштей
ниет ету арқылы қол жеткізуге болады.
Сондықтан,
намазға тұрған
адамның іштей ниет етуі шарт
16
.
Құран Кәрімде:
َنيِّدلا ُهَل َني ِصِلْخُم ََّللها اوُدُبْعَيِل َّلاِإ اوُرِمُأ اَمَو
«Оларға тек дінді Аллаға арнап, ықыласпен құл-
шылық ету... бұйырылды»
17
, – делінген .
Хазірет Омардың риуаяты бойынша Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
ى َوَن اَم ٍئِرْما ِّلُكِل اَمَّنِإَو ِتاَّيِّنلاِب ُلاَمْعلا اَمَّنِإ
«Амалдар ниетке байланысты, әркімнің ниетіне
қарай беріледі...», – деген
18
.
Осы хадистен байқағанымыздай, нақты қай намазды
оқитынымызды ниетпен көкейге бекіткеніміз жөн. Са-
хаба Ибн Масғұдтың (р.а.):
15
Маусули
әл-Ханафи, Ихтияр – 1/157-бет.
16
Илә әс-Сүннә – 2/173-бет.
17
«Бәйина» сүресі, 5-аят.
18
Бухари,
Кітаби Бұдыл Уахи; Сахих Мүслім, 3530-баб, №1907 хадис.