ғылыми жетекшісі тағайындалған мектептің әдістемелік қызметі;
ауданның халыққа қызмет көрсету орталығы;
білім беру қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру институтының кәсіби бейін кабинеті;
««Жастар – Отанға!» жастардың жетістік жолы» бағдарламасының өңірлік орталығы.
Уақыт:2 жыл
Материалды-техникалық және әлеуметтік: – әлеуметтік серіктестер, қамқоршылар, мектеп Кеңесі;
– білім беру мекемесінің бюджеті;
– оқушылардың арнайы өндіріс немесе жоба бойынша іс-әрекеті.
7. Өнімі/жобаның күтілетін нәтижелері: – Арнайы «Серіктестік» бағдарламасы; – Әдістемелік материалдар жинағы; – Оқушы портфолиосінің макеті; – Мамандықтар каталогі; – Мектептің нормативті-құқықтық құжаттары, соның ішінде әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт. 8.Тиімділік критерийлері: Егер түлектердің кемінде 80% -ы технологиялық бейінді сәтті меңгерсе, әдістемелік материалдардың кемінде 90% - ы және мамандықтар каталогі талап етілсе, мамандықтар көрмесі тұрақты түрде (айына 1 рет) өткізіліп отырса, егер оқушылар бейінді не себепті таңдағандарын түсіндіріп дәлелдей алса, өздерінің портфолиосін пайдаланатын болса, біз мектепте жеткілікті жағдай жасалған деп есептейміз. Енді таңдап, «Үдемелі өзгертіс айнасын» толтырыңыз.