Дендриттер


Негізгі алмасу. Негізгі алмасудың шамасын анықтайтын факторлар



бет20/27
Дата02.05.2023
өлшемі122,86 Kb.
#89017
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
ФИЗИО 4-РК ОТВЕТЫ

18. Негізгі алмасу. Негізгі алмасудың шамасын анықтайтын факторлар.
Жұмсалған энергия мөлшері айналадағы темперетураға, істелген жұмысың, ішілген астың түріне, оның мөлшері мен құрамына, денедегі зат алмасу қарқынына т.б. жағдайларға байланысты.
Энергия жұмсалуы стандартты жағдайда өлшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жұмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негізгі алмасу деп аталады.
Негізгі алмасу деңгейін анықтау үшін біріншіден, айналадағы ауаның температурасы 18-20 градус болуы шарт. Сыртқы ауа темп-сы төмен болса, оны жылыту үшін жылу көбірек жұмсалады, иекіншіден, негізгі алмасу аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен кейін 14 сағат өткеннен кейін зерттеледі. Өйткені ас ішкен кезде ас қорыту ағзаларының қызметін қамтамасыз ету үшін адамға қосымша энергия жұмсауға тәулігіне 500ккал-дай керек, ушіншіден, негізгі алмасу дене еттерінің тыныштық кезінде анықталады, адам бір сағаттай қимылдамай жатуы қажет. Қимылдаған кезде дене еттері жиырылады да, энергия жұмсалады.
Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты. Жұмсалған энергия мөлшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсалатын энергиямен белгіленеді. Орта бойлы 25-40 жастағы адам 1 сағат ішінде салмағының әрбір кг 1ккал энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал энергия бөліп шығарады. Бұл нормалық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Бала энергияны ересек адамнан әлдеқайда көп жұмсайды. 80 жастағы қартта негізгі алмасу бұдан да төмен Эндокриндік ауруларға, әсіресе гипертиреозға шалдыққан адамға зат алмасу қарқыны өте жоғары, осыған орай адам жүдеу келеді, энергия да көп ысырап болады.
Негізгі алмас адамның көңіл куйіне қарай да өзгеріп отырады. Көңіл күйі өзгерген адамда симпатикалық жүйке жүйсінің тонусы жоғарылайды, зат алмасу қарқыны кушейеді. Жұмсалған энергия мөлшерін адам денесі аумағының әр шаршы метріне шақса, барлық жағдайда да энергия шығыны біркелкі болады. Бұл заңдылық дене аумағының заңы деп аталады.
Негізгі зат алмасу дене аумағының әр шаршы метріне шақса еркекте 948 м2, ал әйелде 853,2 ккал, м2 , яғни 10 пайыз төмен болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет