Еңбек ақы = нақты жҧмыспен*сағаттық тариф сомасы ӛтелген сағаты саны ставкасы
мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы сағаттыұ тариф ставкасы
76 теңг болған кезде 182 сағат жұмыс істеген. Еңбек ақы
сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге.
Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есептеледі:
- егер жұмыскер сол айдығы жұмыс күндерінде
толыұтай жұмыс істесе, онда еңбек ақының мӛлшері
қызметақы мӛлшеріне сәйкес келеді:
- егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде
толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы нықты
жұмыспен
ӛтелген
уақытқа
қарай
есептеп
шығарылады.
Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері айдағы 26
жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген.
Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 11300/26 =434,62 теңге.
Менеджердің жалақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды. Жай
мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен
оның еңбек ақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді.
Шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы тӛлеу үшін
мерзімдік – сыйақылық жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда
сыйақы беру мынадай кӛрсеткіштер бойынша еңбек ақы қорына
(К-т 681) немесе тұтыну қорына (562-шот) жүргізіледі:
1.Ӛндірістік тапсымаларды орындау және асыра орындау;
2.Еңбек ӛнімділігінің ӛсуі, бұымның еңбекті қежет етуін
тӛмендету, шығарылымының жаңа нормасын, қызмет кӛрсету
мерзімін игеру басқалар.
Сыйақы мӛлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен
күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың толтарына
сараланып белгіленеді.
Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып
қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік
ставкасының 20% - ті мӛлшерінде сыйақыберу кӛзделеді.
56
Техника ық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу
нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат
жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың айішінде
тұрып қалуы - 3%.
1.Мерзімдік еңбек ақы: 180*100=18000 теңгеге тең.
2.Жабдықтың тұрып қалуын тӛмендетудің әрбір % - ті үшін
сыйақы мӛлшері 20%/5%=4%.
3.Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% - 3% = 2%,
4.Сыйақының % - тік мӛлшері 4%*2%=8%,
5.Сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440 теңге,
6.ай ішіндегі еңбек ақы 18000+1440 = 19440 теңге.
Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыйақы беруге бір
жұмыс орны, бригада учаскесі боынша нақты үнемделген
материалдар сомасынан белгілі бір % жасалуы мүмкін.
Мысалы. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы 180 сағат жұмыс
істеп есепті айда 1200 теңге сомасының материалдарын
үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты
үнемделген материалдардың 35% мӛлшерніде есептелінеді.
Тарифтік сатвка 100 (сағатпен):
1. Мерзімдік еңбек ақының сомасы 180*100 = 18000 теңге.
2.Материалдарды үнемдегені үшін сыйақы 1200*35% = 42000
теңге.
3. Айдағы еңбек ақы сомасы 18000+42000=60000 теңге.
Сыйақы цехтардың және бүкіл кәсіпорынның жалпы
ұжымдық жұмыс кӛрсеткіштер үшін есептелуі мүмкін
(ӛндірістік тапсырмаларды, жеткізу шарты, ӛткізу кӛлемін
орындау және асыра орындау). Сыйақы кӛлемі жалпы кәсіпорын
бойынша белгіленеді.
Мысалы. Цехтың қол жеткізген жұмыс кӛрсеткіштері үшін
бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мӛлшерніде сыйақы
алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100
теңге.
1.Тарифтік еңбек ақы: 160*100 = 16000 теңге.
2.Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.
3.Еңбек ақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.
57
Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы кӛресткіштері
үшін сыйақы алады.