«Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы


Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы



бет15/28
Дата20.05.2022
өлшемі173,55 Kb.
#35136
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
«Дене т рбиесін о ытуды теориясы мен дістемесі» кафедрасы

4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра ДТТӘО тьютор Дияров Амангелді Сағынұлы

Пән Адам анатомиясы мен спорттық морфология


Кредит саны


1





Әдебиет атауы

Барлығы

кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылу паызы (%)

Электронды түрі

ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1.

Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Ана тілі». Алматы, 1992. 270 бет.



5




30







2

Иваницкий М.Ф. Анатомия человека «Физкультура и спорт». М. 1985





15



5



100







3

Курепина М.М.,Воккен Г.Г. Анатомия человека. Атлас. М., 1979. 304 стр.



10

10

100







4

Cапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. «Высшая школа». М. 1989. 544 стр.




1










5

Исмагулова Ф.А., Төленбеков И.М. Адам анатомиясы және физиологиясының кейбір мәселелері. «Мектеп». Алматы, 1970.
Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Мектеп». Алматы, 1984.





1

1













5.Пән бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны


АДАМ АНАТОМИЯСЫ


Кіріспе. Адам анатомиясы жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі үлкен бір саласы. Адам анатомиясы адам денесінің жалпы құрылысын және мүшелері мен жүйелерінің құрылысын, орналасуын, тіршілігі мен тарихи дамуын зерттейді.
Анатомия гректің «anatemno» - кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп-сою (осу) анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады.
Анатомия ғылымы адам денесін жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Оған жүйелілік анатомия, топографиялық анатомия, мүсіндік (пластикалық) анатомия, сипаттамалы анатомия, қызметтік анатомия, динамикалық анатомия және салыстырмалы анатомиялар жатады.
Жүйелілік немесе жалпы анатомия-ағзаның тірек-қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек қан тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
Топографиялық анатомия- адам денесіндегі мүшелердің өзара орналасуы тәртібін дәрігерлік мақсатта зерттейді.
Мүсіндік анатомия-адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын зерттейді.
Динамикалық анатомия болса, адам денесінің қозғалыс аппараттарының құрылысын (биомеханикасын) тексеріп, дене тәрбиесі және спорт үшін қажетті мәселелерді қарастырады.
Ағзалардың құрылысы мен пішінін сипаттап жазумен сипаттамалы анатомия шұғылданса, олардағы мүшелер пішінінің еңбек, тұрмыс және сыртқы орта әсеріне байланысты қалыптасуын қызметтік анатомия зерттейді.

Адам анатомиясының зерттей әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірілей тексеретін саласын-қызметтік деп атауға болады.


Анатомия ғылымы көптеген зерттей әдістерін пайдаланады. Ең негізгі ескі әдіс-кесу-осу әдістері.
Құйып толтыру( инъекциялық) әдісі бойынша ішіне құйғанда тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы қан тамырларын, лимфа және қуыс мүшелерді зерттейді.
Бұзу(коррозия) әдісі өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе,бауыр) құрылысын зерттейді. Өкпе не бауыр ішіне тез қататын сұйық заттар құйып, қатқан соң сыртындағы ұлпаларды бұзатын ерітінділермен өңдейді.
Жидіту (мацерация) әдісі-шірітіп (жидітіп), өлікті жылы сумен шаю арқылы сүйек препаратын немесе тұтас қаңқа алуға мүмкіндік береді.
Ағарту әдісі-жасалған препаратты немесе ұлпаны арнаулы сұйықтықпен өңдеп ағартып алады. Көбінесе сүйектерді ағартуда қолданылады.
Микроскопиялық әдіс –адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын байқау үшін микропрепараттар жасап зерттеуге қолданылады.
Антропометриялық әдіс- дене мүшелерінің бір-біріне салыстырмалы пропорциясын зерттеу арқылы олардың дұрыс қалыптасып бара жатқанын анықтайды.

Адам денесіндегі мүшелердің денеде орналасу тәртібін анықтау үшін арнаулы анатомиялық терминдер қолданылады. Мүшелердің орналасу тәртібін анықтап жазғанда, адам тік тұрып, екі қолын түсіріп, алақаны алдына қараған күйінде белгілейді. Сонда адам денесін және мүшелерін жазықтыққ пен білікке (өске) бөліп белгілеуге болады.


Адам денесін тік етіп үш жазықтыққа бөліп (тік-сагиттальді, маңдай алды-фронтальді және көлденең-горизонтальді) қырқады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет