Сагтитталь (sagitta-тік) жазықтық тік орналасқан. Денені алдынан артына қарай қиып өтіп тұрады, соның нәтижесінде адам денесі немесе мүшесі тең екі сыңарға, оң және сол бөлікке бөлінеді.
Беталды (frons –маңдай) жазықтық –сагитталь жазықтыққа ұқсас тік орналасқан, бірақ оған перпендикуляр жататындықтан, адам денесін немесе мүшесін алды және арты етіп екі бөлікке бөледі. Бұндай жазықтықпен кесілген мүшені оның фронтальды қимасы деп атайды.
Көлденең (gorisontal) жазықтық-сагитталь және фронталь жазықтықтармен тік бұрыш жасай қиылады. Бұл жазықтықтарды дененің бірнеше жерінен жүргізуге болады.
Медиаль (medialis) – деген, адам денесінің ортаңғы бөлігіне жақын деп;
Сыртқы шеткі (lateralis) латераль-дегенді, дененің шетінде орналасқан; бүйірі (латери) дегенді, дененің сыртына теріге жақын деп түсіну керек.
Краниаль (cranialis) –деген сөзді адамның басына жақын деп түсінсек, ал
Каудаль (caudalis) –дегенді тұлғаның төменгі жағына, аяққа жақын орналасқан деп түсіну керек.
Проксималь (proximalis) – деген сөзді денеге, тұлғаға жақын деп, ал
Дисталь( distalis) – деген сөзді тұлғадан алшақта деп түсіну керек.
Вентраль (ventralis) –деген сөзді дененің алдыңғы жағы, немесе ішкі, құрсаққа жақын деп түсіну керек.
Дорзаль (dorsalis) – дегенде дененің арқа жағы, немесе адамның сырт жағына жақын деп түсіну керек.
Адам денесінің құрылысы, оның еркін тік тұрған күйінде зерттеледі. Олар мыналар: Бас (caput) бөлімінде: ми сауыты (cranium), бет (facies), мұрын (nasus), ауыз (oris) болады. Мойын (cervix), тұлға (truncus) бөлімінде: кеуде (thorax), құрсақ (abdomen), жамбас қуысы (pelvis) болады.
...Морфологиялық жағынан адам конститутциясының үш түрі (белгісі) бар (М.В.Черноруцкий).
Гиперстениктер-енді, шомбал, көлемді, семіз (қоңды). Денесі ұзынша келгенмен аяқ-қолдары қысқа. Ми сауыты, көкірек қуысы және құрсақ көлемді еледі. Құрсақ жағы көкірекке қарағанда, көлденең өлшемдердің ұзына бойына қарағанда көлемді және басым келуі тән.
Астениктер-бұлар ұзын бойлы, сымбатты және денелерінің құрылысы жеңіл, жалпы дамуы нашар, аяқ-қолдары тұлғасына қарағанда әлдеқайда ұзын және басым, көкірек қуысы құрсаққа қарағанда басым болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |