І- нұсқа 1) Дене 735 м биіктіктен құлап, неше уақытта және қандай жылдамдықпен жерге түсетінін анықтаңдар. [2 балл]
2) 80 м биіктіктен 60 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта атылған оқ жерге жетеді, ұшу қашықтығы мен жерге түсу жылдамдығын анықтаңдар. [2 балл]
3) Тігінен жоғары қарай лақтырылған доп 11 секундтан кейін жерге түсіп кетеді. Доп қандай биіктікке көтерілді және оның бастапқы жылдамдығы неге тең? [2 балл]
4) Снаряд мылтықтан 400 км/сағ жылдамдықпен, көкжиекке 50º бұрышпен ұшады. Снарядтың ұшу уақытын, көтерілу биіктіктігін және ұшу қашықтығын анықта. [3 балл]
5) Еркін құлаған дене жетінші секундта қандай жол өтеді? Осы уақыт ішінде жылдамдық қаншалықты артады? [3 балл]
6) Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы қозғалыстың қандай түріне жатады? [1 балл]
Жалпы: 13 балл
ІІ - нұсқа 1) Шатқалдың тереңдігін неге тең, егер оның шетінен құлаған тас түбіне 9 с жетеді. Тас қандай жылдамдықпен құлағанын анықта? [2 балл]
2) Жоғары қарай тігінен лақтырылған доп 9 секундтан кейін жерге құлады. Доп қандай биіктікке көтерілді және оның бастапқы жылдамдығы неге тең? [2 балл]
3) Горизонталь бағытта лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ. Дененің максимал ұшу қашықтығы 20 м-ге тең болса дене қандай биіктіктен лақтырылған болды?
[2балл]
4) Доп 54 км/сағ жылдамдықпен көкжиекке 45° бұрышпен лақтырылады. Дененің максимал ұшу биіктігін, ұшу қашықтығын және ұшу уақытын анықтаңдар. [3 балл]
5) Еркін құлаған дене бесінші секундта қандай арақашықтықты өтеді? Осы уақыт ішінде жылдамдық қаншалықты артады? [3 балл]
6) Жасанды серік аспанденесінің айналасындадөңгелек орбита бойыменқозғалатын жылдамдық қалай аталады және неге тең? [1балл]