1-тапсырма. «Қиял құдіреті» мәтініндегі көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды білдіріңіз

Дата01.02.2023
өлшемі15,8 Kb.
#64333

«Қиял әлемі» бөлімі
5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
5.4.2.2 - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану
1-тапсырма. «Қиял құдіреті» мәтініндегі көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды білдіріңіз.
Д.Дидро не деп айтты?
Қиялдың алғашқы белгісі қай кезде басталады?
Мәтінде қандай мақал қолданылды?

Дескриптор:

  1. Көтерілген мәселені анықтайды;

  2. Өз ойын білдіреді;

  3. Өз көзқарасын жүйелі жеткізеді

  4. Сұраққа жауап береді.

2-тапсырма. Мәтіннен 3 зат есімді жазып, талдау жасаңыз.
Дескриптор:

  1. Зат есімді табады;

  2. Тұлғасы мен құрамына қарай ажыратады;

  3. Зат есімнің мағыналық түрін табады.

Қиял құдіреті
Қиял - табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі рухани қасиет. Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның алға жылжуына себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте дұрыс айтқан. Ал француз ғалымы Дени Дидро «Қиялсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да мүмкін емес», - дейді.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны олардың қызық ертегілерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі ғажайып оқиғаларды шындық деп қабылдауынан көреміз. Баланың жасы, өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа жақындай бастайды.
Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Сонымен қатар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің де қиялын бір өлшемге салуға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет