Дениет философиясы


А) Жаһандану жағдайындағы мәдениет



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

А) Жаһандану жағдайындағы мәдениет 
Қазіргі таңдағы жас мемлекеттер үшін аса қауіпті «жаһандану» мәселесі 
бас кӛтеріп тұрғанда, жайбырақаттыққа салынып, асықпай аяңдау аса қауіпті. 
Батыс идеологтарының соңғы он жылдықта ұстанған бұл ұстанымы екі жақты 
мазмұнға ие. Жағымдылық, яғни үстіңгі жағынан үстірт қарасақ жаһандану 
адамзат баласын жақындастырып, олардың таным деңгейлерін кӛтеріп, жарқын 
болашаққа жол ашады. Екінші кӛлеңкелі, жағымсыз тұсынан қарасақ, 
жаһандану ұсақ ұлттарды жойып, бас кӛтертпей бір ету, қазақшаласақ, бір 
жіппен күрмеу. Бір жіппен күрмелген елдерге бір билік, бір тіл, бір дін жетіп 
жатыр, осылайша қаншама әлжуаз елдер тарих сахнасынан мүлдем жоғалып 
кетпек. Жаһандану - біздің рухани қазыналарымызға, санамызға, ұлттық 
құндылықтарымызға тежеу салатын ӛзгеше құбылыс. Жаһанданудың басты 
мақсаты халықтарды ұлтсыздандыру, ал ұлтсызданаған халық үшін ұлттық 
құндылық жәй ғана қатынас құралын атқарады. Жаһандану дегеніміз – бір-
бірімен 
тығыз 
экономикалық
ғылыми-техникалық, 
саяси, 
мәдени 
байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы, сонымен бірге, 
әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық 
мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялар алмасу процесі. Жалпы жаһандану 
мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде екі негізгі бағыт қалыптасты: 
технооптимизм, яғни жарқын болашақ бастауы және технопессимизм, яғни 
қасіретті болашақ болжамы.
Алғашқысына ғылыми техникалық революция жетістіктерін ӛндірісте 
пайдалану арқылы жетілген ӛмір, ғылым мен техниканың қарыштап дамуын 
негізге алған Дж.Гелбрайт, Р.Арон, Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тоффлер сынды 
ғалымдар болды. Дәл осы негізге қарсы кӛзқарас ұстанған Г.Маркузе, 
К.Лоренц, Д.Гудмен және т.б. ғалымдар адамдарды техника мен ғылымның 
құлына балап, болып жатқан түрлі экологиялық, экономикалық, қаржылық, 
әлеуметтік, саяси және т.б. дағдарыстарды ҒТР нәтижесі деп кӛрсетті. Осы 
мәселені кӛздеген кӛп ғалымдар 1968 жылы «Рим клубын» құрып, аталмыш 
мәселерді зерттеуге кірісті. Римдік клуб жетекшілерінің бірі Аурелио Печчеи 
«Адамзаттық сапа» атты еңбегінде болып жатқан түрлі дағдарыстардың 
адамға келіп тоқтайтын болса, онда экономика, саясат, ӛнер жалпы барлық 
адамзатқа қатысты мәселердің дағдарысқа толығымен ұшырағаны деп 
есептеуге болатынын қатаң ескертеді. Дағдарыстың тереңдігі қазіргі заманғы 
ӛркениеттің негізгі тұрмыстық ӛлшемдеріне қатысты. Бүгінгі дағдарыс адамзат 


әрекеттерінің жекелеген нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар оның бұрынғы 
тұрмысына, болмыс әдісіне де байланысты. Бұл ӛзі ӛндіретін оны тұтынатын 
экономикалық адам дағдарысы. Сондықтанда бүгінгі дағдарыс адамның 
әлемдегі орнын ұғыну, рационалдықтың түрі, ӛмір сүрудің бұрынғы формасы 
екенін мазмұндайды. Бұл пікір аясында адамзат сапасының тӛмендеп, адами 
құндылықтың арзандап бара жатқанын сезу қиын емес. Мұны ӛркениет 
ӛресінен анық байқауға болдады. 
Жаһандану проблемасы кӛптеген ғалымдардың зерттеу аймағына айналған 
ғылыми жоба. Э.Гидденс, Р.Робертсон секілді ғалымдар жаһандануды жаһандық 
модернистік жобаның бір бӛлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін 
бӛліп кӛрсетеді:
1) жаһандық коммуникация
2) қарама-қайшылықты процесс;
3) тәжірибелік білім.
Қазіргі әсерлі қоғамның ӛзін Э.Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме 
бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық 
жағына қарай ӛзгереді: капитализм, индустриалану, қадағалау, күштеу 
құралдарын монополиялау, халықаралық еңбек бӛлінісі, әлемдік әскери 
тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені 
экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине, 
Гидденс стандарттау үрдісінің әсіресе түрленім нысанында болатынын 
кӛрсетеді, себебі капиталистік ӛндіріс пен бӛлу қазіргі заман институттарының 
басты құрамдас бӛліктерін қалыптастырады. 
Энтони Гидденстің жаһандану теориясындағы басты нәрсеге - модерннің 
жергілікті әдет-ғұрып пен дәстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті және 
жаһандық диалектикаға назар аудару қажет. Гидденстің ойынша, жеке адамның 
таңдау мүмкіндігі жоқ әлеуметтік мәжбүрлеу жағдайы ретіндегі іс-әрекетке 
ешқашан ортақ бола алмайды. Таңдаудың болмауы әрекеттің оған берілетін 
жауаппен алмастырылғанын білдірмейді. Агенттілік тікелей немесе жанама 
түрде құрылымның бір бӛлігі болуы мүмкін. Перифериядағы іс-әрекеттің әлем-
жүйені ұстап тұруда ӛмірлік маңызы бар. Гидденс жеке адамдарды ӛзінің 
салдары бойынша жаһандық болып табылатын әлеуметтік ықпалды 
жүргізушілер ретінде кӛрсетеді. Дәл осы сарында жергілікті ӛзгерістер мәселесі 
кеңістік пен уақыттағы байланыстардың кеңеюі ретінде ұғынылатын 
жаһанданудың бір бӛлігі болып отыр. Валлерстайн да әлемдік жүйелік сараптау 
теориясын қарастырып, жаһандануды таза экономикалық процесс және феномен 
ретінде түсіндірді. 
Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі американдық Рональд 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет