Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

құштарлық пен қазақтың қанына біткен тәуекелділік отырықшылық, егіншілік 
сияқты жат шаруашылықты меңгеріп әкетуге бет бұрғызды. Егіншіліктің 
пайдасын білген халық, астық кӛлемін ұлғайтып, Орал, Орынбор, Семей 
қалаларын астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналдырды. 
Керекудегі «Қарқаралы», Қызылжардағы «Қоянды», жәрмеңкелері Орта Азияға 
танымал болды. Ӛркениеттік қадам ары қарайғы ақша тарихының толық 
қалыптасып, кооперациялардың, зауыт-фабрикалардың ашылуымен жалғасын 
тапты. Кооперацияны М. Дулатов қолдап, халыққа бірігіп жұмыс істеудің 
тиімді екенін баса айтса, М. Сералин ӛз еңбектерінде қазақ халқының 
отырықшылыққа, егіншілікке және интенсивті мал шаруашылығына кӛшуі 
сияқты 
келелі 
мәселелерді 
кӛтеріп, 
бұл 
мәселелердің 
объективті 
қажеттіліктерін дәлелдеп берген. Отырықшылық мәселесі туралы А. 
Байтұрсынов: отырықшы болу мәдениетке жетудің шарты деп пайымдау 
негізсіз, сондықтанда жер мәселесін кӛшу жақсы ма, отырықшы болу жақсы ма 
деп шешуге емес, қазақ жерінде қай кәсіппен күн кӛруге болады деп шешу 
абзал деген ой айтады. Мұндай құнды мағлұматтар «Айқап», «Ұшқын», 
«Ауыл», «Еңбекшіқазақ» газет-журналдарында жарияланып, бұқаралық саяси 
мәні бар дерек кӛздеріне айналды. 
Ӛндіргіш күштердің қарқынды дамып, капиталистік қатынастардың 
біртіндеп күш алуы, қазақ қоғамында азиялық және еуропалық мәдениет пен 
ӛркениеттің ұшқындарын алып келді. Ұлттық менталитетімізге тән қазақылық 
қасиеттер бӛтен ел ӛкілдерінің қазақтар арасына тез сіңіп кетуіне ықпал 
жасады. Қазақтардың аңғалдық, сенгіштік және елгезектік қасиеттері де сырт ел 
ӛкілдері үшін барынша тиімді болды. Осылайша қазақ даласында мәдениеттер 
сұхбаттастығы мен трансформациясы, ӛркениеттердің алмасуы мен қарым-
қатынасы, дәстүрлік жаңашылдық пен сабақтастық ӛз жалғасын тапты.
Жоғарыда аталған қазақ ойшылдарының ӛркениеттік үлгісін ұстанып, оны ары 
қарай 
қарқынды 
дамытқан, 
Петербург, 
Мәскеу, 
Варшава, 
Қазан 
университеттерінен жоғары білім алған Ә. Бӛкейханов, М. Дулатов, Мұстафа 
Шоқай, Ж. Аймауытов, Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, М. Тынышбаев, С. Жантӛрин, 
С. Асфендияров және т.б. ұлт зиялылары болды. Аты аталған алаш 
азаматтарының ойы бір жерде тоғысып, қазақ халының ӛркениетті халық болып 
ары қарай қалыптасуына ӛз ықпалын тигізді. Олар қазақ халқының ұлттық 
ерекшеліктерін сақтай отырып, Еуропа мәдениетіне, ӛркениетіне жетуді мақсат 
етті. Аталынған және аталынбаған қазақ зиялыларының басатамасын батыл 
түрде отандық ғалымдар жалғастыру үстінде, олар әлемдік мәдениеттанушылар 
мен ӛркениетшілердің жұмыстарымен етене таныса, зерттей отырып, ұлттық 
нақыштағы тӛл мәдениет тарихын жасауға, ӛткенді қайта қалпына келтіруге, 
оны заманға лайық етіп жаңашаландыруға тырысып еңбек етуде.
Отандық мәдениеттанушы, мәдениет типологиясын жасаудағы алғашқы 
ғалымдардың бірі Тұрсын Хафизұлы Ғабитов қазақтың және оның ата-


тектерінің әлемдік ӛркениеттілік дүниесіне қосқан басты құндылықтарын 
тӛмендегідей жіктейді: 
1. 
Еуразиялық кӛшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы 
бірінші жетістікке жетті (К. Ясперс атап ӛткен жылқыны 
пайдалану). 
2. 
Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шӛл мен 
шӛлейіттерді үйлесімді игере алды. 
3. 
Еуразиялық кӛшпелілер тарих катализаторлары (А. Вебер) қызметін 
атқарды, олардағы миграциялық үрдістер жаңа ӛркениеттер 
қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб 
халифаты, т.т.) 
4. 
Ұлы жібек жолы және басқа да мәдени коммуникациялық жүйелер 
арқылы ілкі түркілер түркілер Батыс пен Шығыстың арасында 
дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды. 
5. 
Қазақтың арғы тектері әлемдік ӛркениеттіліктің шалбар, алдаспан, 
киіз үй, күйме, металл ӛңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты 
артефактыларын алғашқылардың бірі болып енгізді. 
6. 
Түркілердің әмбебапты дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік 
адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы 
болды.
7. 
«Адам бол!» ұстанымы, әлемді Жарық дүние деп түсіну, адамның 
кӛңіл-күйіне мән беру, ғарыш және басқа адамдармен үйлесімділікте 
болу, жасы келгендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақ дәстүрлі 
әдебінің құндылықтары қазіргі руханятта ерекше орын алады.
Т.Х. Ғабитов қазақ ӛркениеті – ежелгі кӛшпелі ӛркениеттерден бастау 
алатын (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, 
Алтын Орда, Ақ Орда, т.т.), кейін қазақ хандығы уақытында қалыптасқан, 
түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперӛркениеттің 
құрамына енетін этномәдени бірлестік деп қазақ ӛркениетінің мәдени-тарихи 
болмысын талдай келе, қазақ ӛркениеті православиялық, исламдық, 
конфуцийлік атты үш үлкен ӛркениеттердің тоғысқан жерінде тұр деген 
ғылыми пайымдау жасайды. Қазақстандағы қазақ ӛркениеті деген ұғымды 
алғаш қолданушылардың бірі Е.С. Омаров әлемдік ӛркениетке қандай 
үлесімізді қостық деген сұраққа жауап ретінде мына жіктемені ұсынады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет