Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

мәңгілікке жабуы үлкен қадам болып отыр. Президент сӛзімен айтқанда «Біз, 
Қазақстан халқы, ядролық бұғаудан құтылып, еркіндік алдық. Бұған тәуелсіздік 
ала отырып, тек бейбіт жолмен жеттік. Біз ХХ ғасырдың аяғында уақыттан оза, 
ерікті түрде ядролық құрсаудан бас тартып, ХХІ ғасырдың қандай болу 
керектігін кӛрсеттік».  
Тәуелсідіктің басты ұғымы – Мемлекет. Себебі, тәуелсіздік дегеніміздің 
ӛзі этностың ұлттық мемлекет құру туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, 
мұрат биігінен туындайтын – дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің 
нақтылы саяси жетістігі, биігі ұлттық мемлекет. Саяси билікке қолы жетпеген 
халықта тәуелсіздік туралы тек арман, қиял, утопия ғана болмақ. Тәуелсіздікке 
жекткен халық, ұлт ӛз мемлекетінің іргетасын құрудан бастап, ӛзін жаңа сапа 
биігіне кӛтере бастамақ. Мемлекеттілікке ие халықтың тәуелсіздік туралы 
философиясы, мемлекет философиясымен табиғи түрде бірігіп кетуі түсінікті 
әрі қалыпты жағдай. Біз қазір осы саяси жағдайда ӛмір сүріп жатырмыз 
(Есім 
Ғарифолла. Саяси философия. Ойлар, тұжырымдар. – Алматы: Ел шежіре, 2006. – 85 б.)

Қазақ халқы басынан ӛткерген талай тарихи кезеңнің нәтижесі іспеттес, баға 
жетпес ел тәуелсіздігі ең бірініші, қазақ зиялылыр армандаған ой тәуелсіздігін 
алып берді. Осы құндылықты дәріптей білген қазақ және қазақстандық 
ғалымдар әр түрлі салаларда кӛптеген жетістіктерге жетті, жоғалған асыл 
мұраларды қайта қалпына келтірді және осы бағытта, сонымен бірге басқа да 
әлемдік деңгейдегі, дүниежүзілік дәрежедегі ғылыми бағыттағы процестерге 
араласып кетті. Соның бірі мәдени даму проблемасы. Мәдениетті дамытудың 
қозғаушы күші, алғышарты сауаттылық деп білген қазақ зиялылары осы 
мақсатта жұмыла іске кіріскен. Алға мақсаттар мен міндеттер қойып, барлығы 
дерлік ат салысқан, ӛз бетерінше ӛз үлестерін қосқан. Мысалы, еуропалық 
мәдениеттанушылармен, ӛркениетшілер концепциялары әлемге танымал. 
Олардың ӛркениеттерді жіктеуі мен осы ұғым аясындағы зерттеу жұмыстарына 
арналған еңбектері де аса танымалдыққа ие. бірақ дәл осы мәселе тӛңірегінде 
тың пікірлер айтқан және сол мақсатта жұмыс істеген қазақ ғалымдарының 
еңбектері елеусіз.
Қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынов ӛркениетті жіктеудегі басты мәселе 
географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-
жануары, демографиясы деп түсінген. Қазақ ғалымы ӛркениет дамуының 
алғышарттарын 
былайша 
сипаттайды: 
«Шаруашылық 
ӛзгерісі, 


шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне түскенше талай ғасырлар ӛткен. 
Мұны Еуропа тілінде эволюция деп атайды. Дүние ісі секіріп алға баспайды, 
эволюция жолымен жылжып, жылысып ӛзгереді». А. Байтұрсынов ӛркениеттің 
эволюциялық жолына талдау жасаған. Ол турасында ғалым «дүниеде тәркі етіп 
аса кӛзге кӛрінетін іс адам баласының тіршілік еткен тәсілі. Сол тіршілік 
тәсілінің жүзінде тастан жасалған балтадан бастап, осы күнгі сансыз құралдарға 
жетіп отыр. Ор сияқты үлкен шұңқырларды паналағаннан бастап, осы күнгі 
биіктігі аспанмен таласқан салтанатты сарайларға жетіп отыр. Сол тіршілік 
жүзіндегі адам баласының дүниелік табу жолында істеген істерін кәсіп деп, 
құралмен жасаған тәсілдерін шеберлік деп атаймыз» деген ерекше ойға келеді. 
Ары қарай ӛркениет дамуының басты себептері талданады.
Ӛндіріс-шаруашылық жайы табиғат жағдайымен кіндіктес екендігі даусыз. 
Дүние «жылылықтың» аз-кӛбіне қарай, экватордан әрі де, бері де қарай жер 
жүзі үйек-үйекке тілініп бӛлінеді. Бел орталыққа таяу күн тӛбеге келетін нағыз 
ыстық жерлер «ыстық үйек» деп аталады. Оған таяу үйек «жылы үйек», оған 
таяу «салқын үйек», оған таяу «суық үйек» ең ақырында темірқазық. Біз жердің 
салқын үйегінде тұрамыз. Біздің оңтүстік жағымыздағы таяу үйек «жылы 
үйек», онан әрі «ыстық үйек». Ӛркениет пен мәдениет әуелі «жылы үйектен» 
кӛрінеді. Ӛркениеттің жемісі мол, аңы кӛп «ыстық үйектен» басталмау себебі, 
онда тамақ асырап, күн кӛру жеңіл, тіршілік етуге тәсіл қажет емес. Мәдениет 
ми мен аяқ-қол қатар істеген жерге орнамақшы деп ӛз тұжырымын дәлелдей 
келе, алғашқы тӛрт ӛркениеттің жердің жеті дариялы «жылы үйегінде» пайда 
болғанын атап кӛрсетеді. Ол ӛркениеттер: «Ніл дариясының бойындағы Мысыр 
мәдениеті, Ассирия һәм Вавилония мәдениеті, Тигр һәм Евфрат дарияларының 
бойында, Ант мәдениеті Ант һәм Хуанхэ дарияларының бойында, Қытай 
мәдениеті Хуанхэ һәм Янцзы дарияларының бойында» 
(Субханбердина Ү., Дәуітов 
С., Сахов К. Қазақ газетінің жинағы. - Алматы. - 1998. – 66-67 бб.)
.
А. Байтұрсынов мәдениет дамуының факторларына кӛп кӛңіл бӛле 
отырып, кейбір ғалымдар пікірлерінің біржақты екендігін баса айтады. 
Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың ықпалы 
мол екендігін дәлелдейді. «Салқын үйек» пен «суық үйектегі» жерлерге 
мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, ғылым, ӛнер 
біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде орнаған деген 
ғылыми тұжырым жасайды.
Ӛркениеттің дамуы қоғамды бӛлшектейтінін, ол қоғамның таптық қоғамға 
айналатынын ойшыл ғалым А. Байтұрсынов ашық айтады. «Класқа бӛліну реті 
біздің қазақтың тӛре-қара бӛлінуі сияқты. Билеуші класс, кӛнуші класс болып 
бӛліну. Бірақ Еуропа кластарының арасындағы жігі біздің тӛре мен қара 
арасындағы жігінен зор болған. Мәдениет жүзінде жоғары тұрған Еуропа 
жұрттарын алсақ, бұлардың класс жігіне бӛлінбегені болмаған. Класс жігіне 
бӛлінуге мемлекет қамы себеп болған». Алғашқы қазақ ғалымдырының бірі А. 
Байтұрсыновтың ӛркениет дамуына және таптық бӛлініске мұндай жетік 
зерттеу жүргізуі терең білім мен ізденімпаздықтың жемісі екенін дәлелдейді.


Санкт-Петербург орман технологиялық институтының экономика 
факультетінің түлегі, мемлекет, қоғам қайраткері, ғалым, «Алашорда» 
үкіметінің басшысы, кӛсемі, 1906 жылғы І дума депутаты Бӛкейханов Әлихан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет