Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Нұрмұхамбетұлы қазақ даласындағы орыстану саясатына қарсы болып, оның 
дағдыдағы белгілері деп - дӛрекілік, зорлық-зомбылық, халықтың қасиетті деп 
аталатындарының бар атаулысына деген жозықсыз кемсіту, дала облыстарында 
ондағы әкімдердің халықтың тілі білмеуі және тілмәштар арқылы 
түсінісетіндігін атады да, бұл аталғандардың халық наразысын одан әрі 
күшейте беретінген айтты. Бӛкейханов 1887 жылғы санақ бойынша ана тілін 
қазақша деп атағандардың санын анықтап, Ресейді мекендеген халықтар 
арасында алтыншы орын алатынғын алға тартты. Сонымен бірге қазақ тіршілігі 
мен ӛмір салтына күрт ӛзгеріс алып келген жойқын қоныс аудару мәселесіне 
және қазақ пен қоныс аударушылар арасындағы жер үшін талас, дӛрекі әдістер 
мен заңсыздықтар, ұлттар арасындағы келіспеушілік мәселелріне тоқталды, 
ашына зерттеді, нәтижелерін есепке салып пайыздап кӛрсетті. 
(XX ғасыр 
басындағы қазақ философиясы. 11-том. Астана: Аударма, 2008. - 338-340 б.)
.
Ӛркениетшіл үлгіні ұстанып, ӛркениеттік іс тындырған тағы бір қазақ 
ғалымы, ағартушысы Ы. Алтынсарин. Нағыз педагог атына лайық Ыбырай 
қазақ халқы үшін ӛркениеттік үлгі ұсынды, ол білім мен ғылымға негізделген 
даму жолы еді. Ол орыс-қазақ мектептері, екі сыныптық мектептер мен қол 
ӛнер училищелерін ашып, кӛшпелі халыққа білім беріп, орыс халқының кӛш 
алды ғылымы мен мәдениетін үйретуге тырысты, осы мақсатта оқулықтар мен 
хрестоматиялар жазып, жаңа алфавит пен күнтізбені енгізді. Ы. Алтынсарин ел 
ішін мұғалім ретінде жиі аралай жүріп, халықтың ӛте ауыр тұрмысын ӛз
қолжазбаларында үнемі жазып жүрді және оның себептерін ашу жолында үлкен 
еңбек етті. 1879-80 жылдар аралығындағы жұт туралы ауқымды материалдар 
мен дерек кӛздерін жинақтаған да Ыбырай еді. Бұл мәліметтер қазіргі күні 
мұрағаттық сипатымен аса құнды. Ыбырай ӛркениетке барар бірден-бір жол 
халық арасында білім мен ғылымды, мәдениетті жетілдіру деп есептеді. 
Сонымен қатар, ол қазақ халқын отырықшылыққа шақырып, белгілі бір 
кәсіппен шұғылдануын арман етті және осы мақсатта тәлім-тәрбиеге толы 
кӛптеген әңгімелер жазып, жастар бойындағы еңбексүйгіштікті, кәсіпшілікті 
оятуға ұмтылды. Кәсіппен айналысқан адамның тұрмысы оңды болады деген 
қағиданы ұстанды.
Ыбырайдың осы ойымен қазақтың ұлы ойшылы Абай ұсынған сауда, 
кәсіпшілік, ӛнертапқыштық, білімпаздық жолы ұштасады. Осы турасында Абай 
«адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деген ӛлең жолдарын жазып
жастардың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына, азамат ретінде 
қалыптасуына, ӛркениеттік бағдарды ұстануына жол сілтейді. Абай еңбек ең 
жоғарғы игілік кӛзі, адам күшінің ең биік ӛлшемі, халқына қызмет етудің, 
ұлттық арман-мүддені жүзеге асырудың басты кӛрсеткіші, ӛркениетке жетудің 
хаһ жолы деп түсіндірді. Хакім Абай адамдардың жеке басының қажеттіліктерін 
ӛтеуге негізделген еңбектен қоғамның, халықтың мүддесіне бағытталған 
еңбекті бӛліп қарайды. «Ӛзі үшін еңбек ететін адам малға ұқсайды, тек қарнын 


толтырады, ал нағыз адам адамшылық үшін, қоғам игілігі үшін еңбек етуі 
қажет» деген озық ойлы пікірін айтады. Абайды қазақ халқының әлем 
ӛркениетінде ӛз орнын табу мәселесі қатты толғандырды. Сол себепті ол ӛз 
заманындағы қазақ қоғамының кемшіліктерін қатаң сынға алды.
Мол мұралы Шәкәрім Құдайбердиевте қазақ қоғамының рухани ӛсуіне, 
жастардың ғылым-білімге, ӛнерге деген құштарлығын оятуда айтулы еңбек 
сіңірді. Орыстың солақай саясатына елітіп, қазақтар арасында іріткі салып 
жүрген пысықтарға байланысты «ар түзейтін ғылым» керектігін айтты, 
тобырға тоқтау салды. Нағыз философиялық еңбек деп танылғын «Үш анық» 
бағасы жоқ теңдесіз шежіре, онда: «адам ақиқатты бас кӛзімен кӛрмейді, ақыл 
кӛзімен кӛреді ... Ӛлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі ӛмірге керекті іс – 
ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім» - деген адамдықтың алтын 
ережесі жазылған. Шәкәрімнің ӛлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-
философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдері ойшылдарының, 
ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері мен шығармаларының аты 
аталып ғана қоймай, сонымен бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра ой-
пікір жарыстырылып отырды. Осы тұста адамгершілік принципі мен моралдық 
биіктік кӛрсеткен Мәшһүр Жүсіптің (иман, ғақыл, сабыр, шүкір, әдеп) бес 
қымбаты мен Шәкәрімнің үш анығын этика қазығына балауға болады. 
Ӛркениеттік бағдарды ұстанушылар қатарында қазақтың тағы бір озық 
ойлы ұлы, тұңғыш қазақ зерттеушісі, ғалым Ш. Уәлиханов бар. Шоқан географ, 
этнограф ретінде қазақ халқының ӛнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда 
қатынастары, діни сенімдері, асыл мұрағаттары жайлы зерттеулер жүргізді, 
ғылыми еңбектер жазды. Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі ретінде 
мемлекеттік сауда саясатына кӛңіл аударып, оның тиімді де тиімсіз тұстарын 
ғылыми түрде дәлелдеген. Бірақ, сол кездегі қазақ халқының жалғыз тіршілік 
ету кӛзі мал бағу еді. Шоқан осы мәселеге аса ден қойып, жайылымды кӛшпелі 
мал шаруашылығының жағдайын талдап, «мал шаруашылығы – халық 
байлығы» деген қанатты сӛз қалдырды. Қазақтар малды тек ӛнім ретінде ғана 
емес, ӛндіріс құралдары ретінде де пайдаланған. Мәселен малдың жүнінен киіз 
басып, үй жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру 
арқылы киімдер тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған.
Жалпы алғанда, қазақтар шаруашылықпен айналысқан, шикізат ӛңдеген, 
ӛнімдер ӛндірген, ең бастысы мал арқылы сауда қатынастарын дамытып, 
айырбас немесе қазіргі ғылыми тілдегі «бартер» жасау жолдарын жүзеге 
асырған. Шаруашылық дамытудың тағы бір ерекшелігі малдардың жаз 
айларында солтүстіктің салқын аймақтарында, керісінше қыстың ызғарлы 
күндерінде оңтүстіктің жылы аймақтарында бағылуы. Мұндай тәжірибе қазақ 
халқының георгафиялық және экологиялық ілім-білімдерінің табиғи түрде 
дамығандығын, дала ӛркениетін меңгергендігін байқатады. Орталық Азия 
елдерінде кӛшпелі шаруашылықтың басқалармен салыстырғанда Қазақстанда 
мейлінше дамығандығы анық. Бертін келе, мал шаруашылығының ӛрісі 
тарылып, одан әрі дами алмайтындығына кӛзі жеткен қазақтар тіршілік күйінің 
басқа арнаға ӛзгеру керектігін дӛп басып, отырықшылыққа ауыса бастады. Бұл 


қадам прогрессивтілік мәнге толы шешім болды. Ӛздерінің тӛл шаруашылығын 
басқа түрге ауыстыру қазақтар үшін оңайға соқпады, дегенмен ӛмірге деген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет