Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет5/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
дүниегекӛзқарастары» атты еңбегінде Швейцер ӛзара түсіністік пен ӛзара етене 
араласудың соншалықты қиындығына қарамастан Батыс пен Шығыс 
мәдениеттері бір-бірімен үйлескен және тек ӛзара әрекетке барғанда ғана бірі 
екіншісін толықтыра алады деп атап кӛрсетті. Қазіргі заманғы жалпы 
планетарлық ақпараттық кеңістік жағдайындағы ұлттық және аймақтық 
мәдениеттердің ӛзара толығуымен ӛзара ықпалын Швейцер әлемдік 
жалпыадамзаттық мәдениеттер бірлігіне апаратын шынайы жол деп 
қарастырды.
ХІХ ғ. басындағы мәдениет философиясы XVIII ғ. соңындағы 
революциялық оқиға байланысты бейбітшілікке бағытталған ағартушылардың 
белгілі әрекеті болды. Ағартушылар сенген ақылдың патшалық ету кезеңі бола 
қоймады. Мәдениетке бағытталған кӛзқарастардың орталығында тұрған 
рационалды индивид сынақтан сүрінді. Ол әдеттер мен наным-сенімдерге 
таңылған қырсық әрі құбылмалы болып шықты, оған Мен де Биран 
философиясындағы «Мен» теориясы дәлел бола алады. Бір ғана ұрпақ кӛз 
алдында ӛзгерген қоғам оның ӛміріндегі абсолюттік уақыттан тыс заңдардың 
спекулятивті жағдайына күмән туғызды, ал жаратылысты ғылымдар дамуы 
болса, жағымды ілімдерге сүйенген адам мен қоғам туралы айғақтар алу 
міндетін алға тартты. Мәдениет философиясының ары қарайғы қалыптасуы 
үшін институттардан тыс адамның жеке еркіне және ӛзінің ішкі заңдарына 
тәуелсіз органикалық бүтіндікті сипаттайтын қоғамдағы ӛзгерістер маңызды 
болды. «Дәстүршілдер» атына ие болған Ж.де Местр, Мен де Биран сынды 
философтар тұтас қоғам ӛмірімен оның мәдени тұрақтылығы үшін ӛткен 
ӛмірдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының маңыздылығын баса айтты. 
Мәдениет философиясына адамзат қалыптасуындағы түсіністік пен бағалау 
тарихын енгізген Сен-Симон қосқан үлесі қомақты болды. Ол мәдениетті 
қозғаушы күш адам ақылы екенін дәлелдеді. Сен-Симон тӛменгі формадан 
жоғарғы үш кезеңге ӛтетін тарихтағы қоғам мен мәдениет дамуын бӛліп алып, 
әрбір кезеңнің адам ақылын жетілдіру дәрежелігімен қатар, оның 
шығармашылықты ӛндіргіш күшінде ескерді. Әлеуметтік-мәдени жалпылықты 
зерттеушілер арасындағы алғашқылардың бірі Сен-Симон еңбекті маңызды 
адам әрекеті ретінде мән берді. Оның есептеуінше, барлық адам жұмыс істеуі 
қажет. Сен-Симон тарихи кезеңді ойлаудың діни жүйесі, метафизикалық және 
дұрыс ілімінің ғылыми жүйесі деп үшке бӛлді. 
ХІХ ғ. Француз позитивизміндегі мәдениет философиясын зерттеуде 
О.Конт, И.Тен, және Э.Дюркгейм есімдерін ерекше атау қажет. Позитивизм мен 


әлеуметтану негізін қалаушы француз философы О.Конт ӛзінің аса танымал 
«Позитивті философия курсы» атты еңбегінде философиялық жүйе құруды 
мақсат етті. Ол ӛзі ӛмір сүріп отырған уақытын тарихи кезеңнің бастамасы деп 
танып, Сен-Симон мен басқа да дәстүршілдер артынан ағартушылармен 
айтысуды жалғастырды. Конт бойынша қоғам ӛмірі жекелеген ерікті 
индивидтердің басқаруымен анықталмайды, ол дін, дәстүр сынды ұжымдық 
сипатқа ие ӛзінің ішкі заңдарымен басқарылуы тиіс. Ол дінді адамдарды 
біріктіруші және ұжымдық сана формаларын реттеуші ретінде оған үлкен мән 
берді, оның бұл әрекетіне қарап, басқалар оны жаңа христиандық жасауға 
тырысқан Сен-Симон сынды дәстүршілдер қатарына қосты. Сол кезде, яғни 
ХІХ ғ. бірінші жартысында француз философиясына үстемдік етіп тұрған 
П.П.Руайе-Коллар мен В.Кузен сынды спиритуалистер жалпы Конттың идеялар 
кешенін тартысқа түсірді. Конт оларды Францияны қайта жасауға тырысқан 
феодалдық тәртіппен байланысты жаңа буржуаздық ӛркениет иелеріне балады. 
Мұндай жағдай оның идеяларының Англияға қарағанда Францияда 
пайдаланылып, дами алмауына тікелей ықпал етті. Конт қоғам мен оның 
мәдениетінің дамуын теологиялық, метафизикалық және позитивтік деп атап, 
адам ақылының дамуын тарихи кезеңдер дамуымен салыстырды. Осы идеяның 
жалғасы ретінде И.Тэн мәдени феномендер ерекшеліктерін интерпретациялады 
және жеке санаға қарағанда ұжымдық сана формасын жоғары қойды. Тэннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет